Бұл қатарға жататын саңырауқұлақтар сапрофит ретінде таза тұщы суларда (аквариумдарда) құрғақ бұтақтарда, жас бұтақтарда, жемістерде, өлген насикомдардың қалдықтарында т.б. дамып жетіледі.
Су қоймаларындағы өсімдіктердің қалдықтарында көктемде және к‰зде мамық т‰рінде моноблефарис (Monoblepharis) қаптап кетеді. Олар қысқа ризойдтары арқылы субстратқа бекінеді. Мицелийлері нашар тармақталған, ұзындығы 2-3 мм болады. (8-11әс) Гифаларының ұшынан цилиндр пішінді, пердеге бөлінген зооспорангий дамиды. Оның ішінде бір қатарға ретімен орналасқан шар немесе сопақ пішінді арт жағында бір талшығы бар зооспоралар жетіледі. Олар зооспорангий қабықшасының жоғарғы жағының жыртылу арқылы босап сыртқа шығады. Зооспора клеткасы екі жағымен бірдей бөлініп, бір жағынан-гифа, екінші жағынан – ризоид өседі. Жыныс процесі –оогомиялы. Біраз уақыттан кейін 20-21 әс бұл мицелиден кейде тізбектеліп, оогоний мен антеридий дамиды. Олар бір- бірінен және мицелиден перделер арқылы бөлінеді. Антеридиден зооспораға ұқсас, бірнеше ұсақ сперматазоид т‰зіледі. Оогониден бір жұмыртқа клеткасы дамиды. Ол піскен кезде огониден сыртқа келегей бөлініп шығады, сөйтіп сперматазоидтың жұмыртқа клеткасына өтуіне м‰мкіндік туғызады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қабықшамен қапталып, ооспораға айналады. Тыныштық фазасынан кейін ооспора өніп, жіңішке гифа т‰зеді.
Тропикалық аймақтың топырағында моноблефорелла
(Monoblepharella). туысының т‰рлері өседі. Олардың оогониясында бір
немесе бірнеше жұмыртқа клеткасы болады. Олар ұрықтанғаннан кейін оогониден жылжып, сыртқа шығады да, біраз уақыт сперматазоидтың талшығының көмегімен жылжып ж‰реді. Моноблефареллалардың зиготалары құрғақ к‰йінде ұзақ уақыт бойы өмір с‰ру қабілетін жоймайды. Ол дегеніміз осы өсімдіктердің тропикалық аймақтың құрғақшылық кезеңін бейімділігі болып саналады.
Өмір с‰ру жағдайына және талломасының даму дәрежесіне қарай моноблефареллалар бластокладыларға өте жақын, бірақ моноблефареллаларға (изогамиялық және гетерогамиялық емес) оогамиялық жыныстық көбею тән және оларда ұрпақ алмасу болмайды. Бұл екі топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі екеуіне де ортақ бір өсімдік болса керек.
Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың біразында нағыз жыныс процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтануы көпшілік жағдайда бір вегетативтік клетканың протоплазмасының екінші бір келеткаға жылжып барып құйылуы, яғни самотагамия процесі арқылы ж‰зеге асады. Мұнда ядролар бір-бірімен бірден қосылмайды, олар тек жұп-жұбымен жақындасып дикарион т‰зеді. Содан кейін жынысты ядролар бір-бірімен қосылып, диплоидты ядро карпогамияға ауысады. Ядролар жынысты жолмен қосылғаннан кейін, тыныштық кезеңінен өтпей-ақ, редукциялы жолмен бөлініп, гаплоидты жынысты көбею спорасына айналады. Сонымен көпшілік жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың даму циклында 1) гаплоидты 2)дикарионды және 3) диплоидты ‰ш фаза алмасып отырады. Диплоидты фаза қысқа болады, ал гаплоидты және дикарионды фазалардың ұзақтығы саңырауқұлақ топтарына байланысты әрт‰рлі болады. Жыныс процесінің нәтижесінде пайда болған споралар біреулерінде эндогенді жолмен, ерекше қалталардың ішінде 8-ден т‰зілсе, екінші біреулерде базидия деп аталатын клеткалардың ‰стінде 4-тен экзогенді споралар т‰зеді.
Эндогенді спораларды -аксаспора, ал экзогенді спораларды –
базидиа споралар деп атайды.
Жыныссыз және жынысты көбеюлер саңырауқұлақтардың даму цилында заңды т‰рде ауысып отырады да, жынысты көбею арқылы даму циклы аяқталады.
Біраз саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар бірнеше жыныссыз спора т‰зу органдары бар. Ондай саңырауқұлақтардың спора т‰зу кезінде сыртқы т‰рін өзгертіп отырады, егер оның генетикалық байланысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады.
Саңырауқұлақтардың хлорофилі болмағандықтан, сапрофитті, не паразитті жолмен тіршілік етеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі субстратты мекендейді. Дымқыл нанның бір ‰зімін қақпақпен жауып қойса, бірнеше к‰ннен кейін оны зең басады. Кейінірек ол піскен споралардан қарайып кетеді. Зеңдер споралардан өсіп дамиды. Олар ауада, суда, топырақта және көп тұрып қалған тамақтарда болады. Органикалық заттары мол топырақтарда сапрофитті саңырауқұлақтардың қалпақты т‰рлері жиі кездеседі. Аздаған саңырауқұлақтар органикалық өлекселердің қалдықтарында тіршілік етеді.
Паразит саңырауқұлақтар табиғатта кең тараған. Олардың 10 000-дайы өсімдіктерде тіршілік етеді. Бұлардың кейбіреулері иесі тіршілігін жойғаннан кейін, сапрофитті тіршілік етуге көшеді, мұндай саңырауқұлақтарды факультативтіпаразиттер деп атайды. Екінші бір саңырауқұлақтар жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді. Бұлар сапрофитті тіршілік ете алмайды, мұндай саңырауқұлақтарды облигаттыпаразиттер деп атайды. Саңырауқұлақтардың 1 000-дай т‰рі жануарлар мен адамда паразитті тіршілік етеді. Олардың тіршілігі ‰шін қоректік заттар: ылғал, оттегі, температура және ортаның қышқылдығы қажет. Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуіне ылғалды субстрат қажет. Бұлардың кейбіреулері сулы ортада өсуге бейімделген. Субстраттың ылғалды болуы мицелидің т‰зілуіне, ал құрғақ болуы спора құру органдарының өсіп-дамуына себебін тигізеді. Саңырауқұлақтардың тыныс алуы ‰шін оттегі де қажет, алайда ашытқы саңырауқұлағы қантты ортада ашып, этиль спирті мен көмір қышқыл газын (СОІ) бөліп, өзінен жылу шығарады. Бұл процес оттегі кем жерде жақсы ж‰реді. Аэропты жағдайда ашытқы саңырауқұлақтары оттегі мен тыныс алады, бірақ мұнда спирт т‰зілмейді.
Саңырауқұлақтардың тіршілігі ‰шін температура да қажет. Олардың көшілігінің қолайлы температурасы +20-25ә, ең төменгі : +1-5әt –да жақсы көтереді. Кейбір аспергил саңырауқұлақтары, шөптер өздігінен қызған кезде т‰зілетін, 50 әt-да дами береді.
Саңырауқұлақтар бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болады. Көп жылдық сапрофитті т‰рлері топырақта, ағаштардың т‰бірлерінде, ағаштан жасалған құрылыстарда және органикалық шірінділерде көп кездеседі. Паразит саңырауқұлақтардың тіршілігі көбінесе иесінің өмірімен байланысты болады. Олар иесі тіршілігін жойып, қурап кеткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді.
Саңырауқұлақтар типін мицелилерінің болуына, оның морфологиясына, жемісті денесінің құрылысына, спора т‰зуші органына байланысты.
Аталық-аналық формалардың ұрпақтарына берілетін сапалығы бірдей емес гаметалардың қосылуынан және ұрықтануынан көптігінен дамып келе жатқан дәнге қоршаған ортаның әсерінен, аналық өсімдіктегі дәндердің орналасқан жерлерінің бірдей болмауынан саналығы әрт‰рлі болып келетін тұқымдар т‰зеді.
Жоғарыда айтылғандай бір өсімдіктің өзіндегі әр т‰рлі жапырақтардың физиологиялық тұрғыдан қарағанда белсенділігі бірдей емес, сондықтан да олар тұқымды аса қажетті қосылыстар мен әрт‰рлі дәрежеде қамтамасыз етеді. Мысалы, астық тұқымдастарының жоғарғы ярустарының жапырақтары дәндерді аса қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Сондықтанда жоғарғы ярустың жапырақтарын дән, с‰т болып бойлана бастаған кезде кесіп тастаса, дәннің салмағы к‰рт жеңілдейді. Ал, төменгі жапырақтарын кесіп тастайтын болсақ, дәннің жетілуіне оның көп әсері бола қоймады. Мысалы, к‰ріштің жоғарғы екі жапырағын қалдырғанда 1 000
дәннің салмағы, оның төменгі жапырақтарын қалдырғандағы осынша дәннің салмағынан ‰ш есе ауыр болған.