Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Оомициттер класы – Oomycetes



бет50/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   215

Оомициттер класы – Oomycetes


Бұл класқа кеңінен белгілі суда кездесетін саңырауқұлақтардың көптеген топтары жатады. Олар өсімдіктердің қалдықтарында, жануарлардың өлексесінде немесе балдырлардың паразиттерінде, басқа да судағы саңырауқұлақтарда, омыртқасыз жануарларда, қосмекенділерде, балықтарда тіршілік етеді. Кейбіреулері топырақта кездеседі. Аса жақсы дамығандары құрғақта өсетін жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің облигатты паразиттері.
Вегетативті денесі қарапайым т‰рлерінде бір клеткалыдан, жақсы дамыған клеткасыз мицелиге дейін болып отарады.
Жыныссыз көбеюі зооспоралар арқылы ж‰реді, аздаған т‰рлерінде конидиялар арқылы да ж‰зеге асады.
Жыныстық көбеюі оогмиялық, бірақ олардың моноблефариядалылардан айырмашылығы сол, бұларда антеридияның ішіндегі заттары гаметаларға бөлінбейді.
Бұл клас басқа кластарға қарағанда ерекшелеу тұрады. Өйткені бұлардың зооспорасында ұзындығы бірдей екі талшығы болады. Олардың біреуінің қауырсанды өскіндері болады, ал екіншісі жылтыр келеді. Клетканың қабығы ерекше. Оның негізін целлюлоза және глюкандар құрайды, хитині болмайды.
    1. Оомициттер класы - Oomycetes


Оомициттер оогомиялық жыныс процесінің болуымен сипатталады. Ұрықтанудың нәтижесінде т‰зілетін зооспора оогонидің ішінде бос жатады және қалың қоңыр қабығы болады. Оомициттердің екінші бір басқа ерекшелігі-гифаларының қабығы целлюлозадан тұрады, хитиндері болмайды. Басым көпшілігі сулы ортада тіршілік етуіне баланысты, зооспоралар арқылы көбейеді. Оомициттер 1)сапролегниялылар (Saprolegniales) және 2)переноспоралылар (Peronosporales)

    1. Лентомиталылар (Leptomitales) қатарларына бөлінеді.

Сапролегниялылар (Saprolegniales) қатары


Бұлар су жәндіктерінің және өсімдіктерінің қалдықтарында сапрофитті тіршілік ететін саңырауқұлақтар. Мицелилері нашар тарамдалған, клеткаларға бөлінбеген, көп ядролы және субстраттың ‰стінде орналасады, ұзындығы 1-2см. болады. Екі талшықты зооспоралары арқылы жыныссыз көбейеді. Сперматазойдтары болмайды, оогониде бірнеше жұмыртқа клеткалары т‰зіледі, тек кейбіреулерінде ғана бір жұмыртқа клеткасы т‰зілуі м‰мкін. Қоректік заттарды субстраттан б‰кіл денесімен сорып алады. Бұл қатар ‰ш тұқымдастан, 20 туыстан, 170-тей т‰рден тұрады. Осылардың ішінде көп таралғаны сапронегнялықтар (Saprolegniaceae) тұқымдасы.
Сапролегнияны (Saprolegnia) қолдан өсіруге болады. Ол ‰шін өлген шыбынды немесе құмырсқаны не олардың кепкен жұмыртқасын таза суға
салып тастаса, оның ‰стін бірнеше к‰ннен кейін споролегнияның ақ ұлпасы- мицели басады. Саңырауқұлақтардың мицелиі ризойдтардың көмегімен жәндіктің денесіне жабысып жатады. Біраз уақыттардан кейін гифалардың ұшында цилиндр пішінді қою ротиоплазмасы бар зооспорангилер т‰зіледі, олар мицелиден перделермен бөлінеді. Онда екі талшығы бар алмұрт тәрізді көптеген зооспора пісіп жетіледі. Тең екі талшығы дененің алдыңғы жағынан шығады, оның біреуі қауырсынды, ал екіншісі жай қауырсындалмаған. Зооспорангиден босаған зооспоралар жарты сағыт шамасында қозғалып ж‰ріп, тоқтағаннан кейін қабыққа оранады. Бір сағаттан кейін қабыққа оранған зооспорадан б‰йрек пішінді, жалаң, екі талшығы бар зооспора т‰зіледі. Енді талшықтары дененің ойық жерінен шығады, оның қауырсынды талшығы –алға, қауырсындалмағаны - артқа қарай кетеді. Зооспоралардың мұндай деморфизмдігін дипланетизм деп атайды. Екінші пайда болған зооспора біраз уақыт ж‰зіп ж‰ріп, өздерінің өсіп дамуы ‰шін насикомның жаңа өлімтігіне тоқтап, онда мицелий т‰зеді. Кейінірек зооспорангий т‰зілген мицелийдің қоректік заты таусылған соң, онда жыныс орга ны – огоний мен антеридий т‰зіледі. Оогоний шар пішінді, қалың қабықпен қапталған болады. Оның ішінде бірнеше жұмыртқа клеткасы дамиды. Екінші б‰йірлік бұтақтан цилиндр пішінді антеридий өсіп, ол оогониге жабысып тұрады. Қабығының жұқарған жері арқылы, антеридийден оогонийдегі жұмыртқа клеткаларға баратын өсінділер пайда болады. Осы өсінділер арқылы антеридийдің ішіндегі протоплазманың бір бөлігі бір ядросымен оогониге өтеді, сөйтіп аталық жынысты ядролар жұмыртқа клеткасымен қосылады да, оны ұрықтандырады. Олардан ооспора дамиды. Ооспора тыныштық кезеңінен өтіп, өсе келе 300-дей спорагий дамитын гифалар береді. Зооспоралар т‰зілмес бұрын ооспораның диплойдты ядросы редукциялы жолмен бөлініп, гаплойдты ядроларға айналады.
Кейбір сапролегния тұқымдасында алмұрт пішінді алғашқы зооспораның жойылғаны байқалады. Мысалы, ахлиада (Achlya) зооспорангийден талшығы бар зооспоралар пайда болмай амеба тәрізді денелер жылжып шығып, қабықпен қапталады, одан екінші реттік б‰йрек тәрізді зооспоралар т‰зіледі. Ал диктиухустада (Dictychus) алғашқы зооспораның белгісі байқалады, ол зооспорангийдің ішінде қабықпен қапталады. Оның әрқайсысы өзіне тән тесігі анқылы сыртқа шығып, екінші зооспораға айналады. Зооспорангия көп ұялы болып босап қалады. Сапролегния, ахлиа және басқалар қолайлы жағдайларда балықтың уылдырығы мен шабақтарының ‰стінде паразитті тіршілік етіп, балық шаруашылығына ‰лкен зиян келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет