Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың ішкі жүйесі: басқарудың қалыптасқан ұйымдастырушылық құрылымын талдау, басқарудың жаңа құрылымын жобалау, штаттық кестені жасау, жетекшілік етудің әдістері мен стилін дамыту бойынша ұсыныстарды жасау және жүзеге асыру.
Кадрды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі: еңбек қатынастарының құқықтық мәселелерін шешу, персоналды басқару бойынша үкім шығаруға және басқа да құжаттарға келісім алу,шаруашылық іс-әрекеттердің құқықтық мәселелерін шешу, заң жөніндегі мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстарын атқарады.
Кадрды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі: персоналды есепке алу және статистикалық мәліметтер жинау, персоналды басқару жүйесін ақпараттары органдарының және техникалық қамтамасыз ету, кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, патенттік-лицензиялық іс-әрекеттерді жүргізу.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Кадрды басқару жүйесінің құрылымы
2. Кадр басқару бөлімінің жаңа мәселелері мен функциялары
3. Кадрмен жұмысты қайта құрудың мәні
4. Кадр бөлімі
5. Қазіргі уақытта кадр бөлімі қандай мәселелерді шешумен айналыспайды
6. Ұйым құрылымында кадр басқару бөлімінің алатын орны
7. Ұйымдастырушылық құрылымын құру кезеңдері
8. Кадрды басқару жүйесінің негізгі элементтері
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. А.Рахметов.., Т.Байнеева «Персоналды басқару» теория, тестілер, тәжірбие сабақтары, оқу құралы Алматы Экономика-2006ж.
2. К. Бердалиев «Менеджмент» лекциялар курсы Алматы Экономика-2006ж.
3. Ахметов К. Ғ.., Сағындықов Е. Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А.., Жұмаев Ж.Ж. «Менеджмент»Ақтөбе-Орал,2005ж.
4. Т.И.Есполов., Ж.Ж.Сулейменов «Менеджмент» Алматы, 2003ж.
5. У.Брэддик «Менеджмент в организации» Москва, Инфра.1997ж.
6. Н.Ф.Пушкарев., Н.Н.Пушкарев., Е.В.Троицкая «Практикум по кадровому Менеджменту» Деловые игры Москва «Финансы и статистика» 2000ж.
7. О.С.Вихонский, А.И.Наумов «Менеджмент» Москва 1999ж.
8. Е.Моргунов «Управление персоналом исследование, оценка, обучение» Учебное пособие, Москва 2000ж
Достарыңызбен бөлісу: |