Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет11/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Дәріс №4
Тақырып: Персоналды жоспарлау
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:.
1. Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау
2. Персоналды оқыту жүйесі

Дәрістің мақсаты: Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау. Персоналды жоспарлаудың қағидаларын сипаттау. Персоналды жоспарлау әдістерін талдау. Жұмыстан босайтын жұмыскерлердің жұмысын жоспарлауды жіктеу. Персонал санын мөлшерлеу және есепке алу. Қазіргі заманғы ұйымдарда кәсіби оқытуды меңгерту.


1. Ұйымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау. Персоналды жоспарлаудың негізгі кезеңдері. Персонал саясатының болашағына бағытталған ұзақ мерзімді тұжырымдаманы персоналды жоспарлаудың көмегімен орындауға болады. Персоналды басқарудың бұл әдісі жұмыс берушілер мен жұмыс алушылардың мүдделерін келістіруге және теңестіруге мүмкіндік береді.
Персоналды жоспарлаудың мақсаты адамдарға керек уақытында қажетті көлемде, олардың қабілеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсынуымен анықталады.
Персоналды жоспарлау келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
1. Қанша жұмыскерлер, олардың қандай біліктілігі бар, қашан және қайда қажет болады?
2. Қалайша персоналға әлеуметтік нұқсан келтірмей олардың артығын қысқартып, қажеттісін жұмысқа жұмылдыруға болады?
3. Персоналды оның мүмкіндіктеріне сәйкес қалай тартымды пайдалануға болады?
4. Біліктілігі жоғары жұмыс орындарын жаңа жұмыс күштерімен қамтамасыздандыру үшін персоналдың дамуын қамтамасыздандыруға және олардың білімдерін өндіріс талаптарына сәйкес көтермелеуге қалай қол жеткізуге болады?
5. Жоспарланған персоналдық іс-шаралар қандай шығындарды талап етеді?
Персоналды жоспарлаудың қағидалары. Жоспарлау үдерісі жалпы жоспарлау сияқты бірқатар қағидаларға негізделеді.Ұйым қызметкерлерінің барынша көпшілігі жоспарлау жұмыстарымен, оны құрудың бастапқы кезеңдерінде-ақ қатысуы маңызды болып саналады.
Персоналды жоспарлау әдістері.Персоналдарды жоспарлауда қолданылатын әдістер:
- баланыстық тәсілдер ұйымдағы бар ресурстар мен жоспарлы мерзімдегі оларға деген қажеттіліктің өзара байланысына негізделеді
- нормативті тәсіл белгілі мерзімдегі жоспарлық тапсырыстың негізгі өнім бірлігіне шаққандағы әр түрлі ресурстардың шығындарының өлшеміне байланысты
- математикалы-статистикалық тәсілдер-әр түрлі үлгі негізіндегі үйлесімді есептеулер.
Персоналмен атқаратын жұмыстың жедел жоспарының құрылымы. Персоналмен атқаратын жұмыстың жедел жоспарын жасау үшін арнайы жасалған сауалнаманың көмегімен келесі мәліметтерді жинау керек:
1. Персоналдың тұрақты құрамы жөнінде(аты-жөні, мекен-жайы, жасы, жұмысқа тұрған уақыты және т.б.)
2. Персоналдың құрамы жөнінде (біліктілігі, жынысы, жасы, ұлты, мүгедектердің үлес салмағы, жұмысшылардың, қызметкерлердің, білікті жұмысшылардың үлес салмағы және т .б.)
3. Персоналдың тұрақсыздығы жөнінде
4. Өндірістің тоқтап тұруы мен адамдардың науқастануына байланысты уақытты жоғалтуы туралы
5. Жұмыс күнінің көлемі туралы
6. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақылары туралы
7. Әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсетулер туралы.
Персоналға қажеттілікті жоспарлау. Персоналға қажеттілікті жоспарлау персоналды жоспарлау үдерісінің бастапқы сатысы болып табылады. Ол нақты және жоспарланған жұмыс орындары, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу жоспары, штаттық кесте және бос орындарды толтыру жоспарлары туралы мәліметтерге негізделеді.
Персоналды жұмысқа тартуды және еңбекке бейімделуді жоспарлау. Келешекте ұйымның персоналға қажеттілігін сыртқы және ішкі көздердің есебінен қанағаттандыру мақсатында персоналды жалдау және қабылдау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау.
Персоналды жұмыстан босату немесе қысқартуды жоспарлау. Өндірісті немесе басқаруды оңтайландыру салдарынан жұмыс күшінің керек шамадан артықтығы пайда болады. Персоналды босатуды жоспарлау сыртқы еңбек нарығына біліктілігі жоғары кадрларды шығармауға және персоналға әлеуметтік қйыншылықтар тудырмауға мүмкіндік береді.
Жұмыстан босайтын жұмыскерлердің жұмысын жоспарлау, босатулар түрлерінің жіктеуіне негізделеді. Олар:
- жұмыскердің талабы бойынша
- әкімдіктің талабы бойынша
- зейнеткерлікке шығуға байланысты.
Персоналды пайдалануды жоспарлау. Бұл үдеріс штаттық лауазымды жұмыс орындарын толтыру жоспарын жасаудан басталады. Адамға лайықты болатындай еңбек ету шарттарымен қамтамасыз ету қажет.
Оқытуды жоспарлау.Персоналды оқытуды жоспарлау ұйым ішінде және сырттай оқыту немесе білім алу өз бетінше дайындалу арқылы болатынын ескерген іс-шаралардан тұрады.
Іскерлік мансапты,қызметтік кәсіби жоғарлатуды жоспарлау.Ол жұмыскерді ұйымға қабылдаған уақыттан бастап, жұмыстан шығады-ау деген уақытқа дейін оның қызметі немесе жұмыс орнының жүйесі бойынша жоспарлы түрде көлденеңінен және тігінен жылжуын ұйымдастырудың қажеттілігінен тұрады.
Персоналды қаржыландыруды жоспарлау. Персоналға жұмсалатын шығын ұйымның өндірістік және әлеуметтік көрсеткіштерін жасау үшін негіз болып табылады.
Персонал шығыны-еңбек қызметкерлерінің әрекет етуіне байланысты барлық шығындарды қамтитын интегралдық көрсеткіш.
Персонал санын мөлшерлеу және есепке алу. Жұмыс істейтіндердің санын мөлшерлеу персоналды басқарудың бүкіл жйесінің арқа сүйер әректі.
Уақыт мөлшері деп сәйкес біліктілігі бар бір адам немесе жұмысшы тобының бірлік жұмыскердің жұмысты орындауға жұмсаған қоғамдық қажетті уақыт шығынын айтамыз.
Сандық мөлшері депірі агрегаттарда қызмет көрсету үшін қажет болатын жұмысшыларды немесе белгілі кәсіби біліктілігі бар жұмыс істейтіндер санат саны деп түсіну керек.
Еңбек ұжымының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіш кадрлар ағымы болып табылады.
Жұмысқа қабылдау үдерісі мен оның сипаттамасы. Жұмысшы күшін жинақтау келешек өзгерістерді ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді дайындаумен түсіндіріледі.
Жинақтау дәстүрлі түрде сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.
Персоналды басқару үдерісіндегі бастапқы кезеңі-кадрларды жинақтау және іріктеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет