Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет6/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
person bask lektsiya

2. Персоналды басқару әдістері – бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету үшін басқарушылық обьектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы.
Персоналды басқару әдістері төмендегіше топтастырылады:

  • Ұйымдастырушы – әкімшілік

  • Экономикалық

  • Әлеуметтік – психологиялық

Ұйымдастырушы – әкімшілік әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті, адамның белгілі бір ұйымда тікелеә нұсқауларға негізделген жағдайларда еңбек ету керек екенін түсінген саналы мотивке (уәжге) бағытталған.
Экономикалық әдістер қызметкерлерді экономикалық ынталандыруына негізделсе, ал әлеуметтік – психологиялық әдістер оның әлеуеттік белсенділігін жоғарылату мақсатында қолданылады. Экономикалық әдістердің көмегімен ұжымның, жеке жұмыскерлердің материалдық ынталандыруы орындалады.
Басқарудың экономикалық әдістері негізгі тәсілдерінің қатарына жатады және келесі түрде жүзеге асырылады: жоспарлау, талдау, шаруашылық есеп, бағаның қалыптасуы, қаржыландыру, ұжымдық-материалдық қорды, таза табысты, еңбекақыны пайдалануда өз билігін жүргізу, экономикалық мүдделерін, жаңа мүмкіндіктерді және пайда болған резервтерді пайдалануға экономикалық тәуелсіздік алуға мүмкіншілік беру. Персоналды басқарудың экономикалық әдістеріне техникалық-экономикалық талдаулар жатады.
Әлеуметтік – психологиялық әдістер еңбек ұжымында кездесетін жеке қарым-қатынастар байланысына әсер ететін арнайы әдістердің жиынтығын білдіреді.
Әлеуметтік – психологиялық әсер ету әдістемелері мен тәсілдері көр жағдайда жетекшінің дайындығы, жете білім деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеті мен психология саласындағы білімдерімен анықталады.
Персоналды басқарудың мазмұны – кәсіпорынның тиімді әрекет етуі мен ондағы жұмыс істейтіндердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыскердің еңбек ету сапасын пайдалану үшін жағдай жасау, кәсіпорын деңгейіндегі жұмысшы күшін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу процестеріне өзара байланысқан ұйымдастырушы-экономикалық және әлеуметтік шаралардың көмегімен жүйелі, жоспарлы түрде ұйымдастырылған әсері.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Персоналды басқару аспектілері
2. Персоналды басқару жүйесін құру қағидалары
3. Персоналды басқару әдістері
4. Басқарудың экономикалық әдістері
5. Персоналды басқарудың мазмұны
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. А.Рахметов.., Т.Байнеева «Персоналды басқару» теория, тестілер, тәжірбие сабақтары, оқу құралы Алматы Экономика-2006ж.
2. К. Бердалиев «Менеджмент» лекциялар курсы Алматы Экономика-2006ж.
3. Ахметов К. Ғ.., Сағындықов Е. Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А.., Жұмаев Ж.Ж. «Менеджмент»Ақтөбе-Орал,2005ж.
4. Т.И.Есполов., Ж.Ж.Сулейменов «Менеджмент» Алматы, 2003ж.
5. У.Брэддик «Менеджмент в организации» Москва, Инфра.1997ж.
6. Н.Ф.Пушкарев., Н.Н.Пушкарев., Е.В.Троицкая «Практикум по кадровому Менеджменту» Деловые игры Москва «Финансы и статистика» 2000ж.
7. О.С.Вихонский, А.И.Наумов «Менеджмент» Москва 1999ж.
8. Е.Моргунов «Управление персоналом исследование, оценка, обучение» Учебное пособие, Москва 2000ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет