Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет7/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Дәріс №3
Тақырып: Ұйымдағы кадр қызметінің рөлі
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1.Кадр қызметінің негізгі мәселелері және оны ресурспен қамтамасыздандыруға қойылатын негізгі талаптар
2. Кадр қызметін басқарудың ұйымдық құрылымы және сипаттамасы

Дәрістің мақсаты: Кадр қызметінің негізгі мәселелері және оны ресурспен қамтамасыздандыруға қойылатын негізгі талаптарды сипаттау. Кәсіпорынның кадр қызметін талдау. Кадр қызметін басқарудың ұйымдық құрылымы және сипаттамасын жіктеу. Ұйымның кадрын басқару жүйесіне тоқталу.




1. Кадр қызметінің негізгі мәселелері және оны ресурспен қамтамасыздандыруға қойылатын негізгі талаптар. Нарықтың қалыптасуы бүгінде бұрынғы ескі ойлар, әдістер мен тәсілдер негізінде персонал қызметін шешуге мүмкін болмайтын жаңа мәселелердің қатарына қойып отыр. Бүгінгі таңда күрделі мәселелердің бірі болып персонал жұмысын қайта құру екені белгілі.
Экономиканың барлық басқа салаларындағыдай сияқты өнеркәсіпте де:
- өндірісті үдету мәселелері
- оның тиімділігін жоғарылату
- кәсіпорындардың жаңа экономикалық жағдайларға үйрену және өмір сүруі үшін ардақты және тапшы персонал ресурстарын дұрыс пайдалану алдыңғы қатарға шығып, ең маңызды мәнге ие бола бастады.
Кәсіпорынның кадр қызметі - кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.
Кадр қызметінің функциялары, құрылымы, мәселелері экономиканың даму сипатымен, өндіріс алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді орындауда персоналдың атқаратын рөлін кәсіпорын басшылығының түсінуімен тығыз байланысты.
Бүгінде отандық кәсіпорындардың кадрлар бөлімінің қызметі жұмыс күшін жалдау, жұмыстан босату, іс-қағаздарын жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, персоналдың біліктілігін жоғарылату және қайтадан даярлау жұмыстарымен шектеледі.
Кадрлар бөлімдері персоналдық жұмыстардың әдістемелік те, ақпараттық та, үйлестіруші де орталығы емес.Сонымен қатар әр түрлі персоналдық жұмыстарымен зауыт басқармасының басқа бөлімдері: еңбек және еңбекақы төлеу бөлімі (жұмыскер санын есептеу, еңбекті ұйымдастыру, мөлшерлеу, ақы төлеу), жоспарлау бөлімі (жұмыскер санын жоспарлау, жұмысшы күшінің шығынын жоспарлау), кәсіподақ ұйымы (тұрмыс жағдайын, демалыстарды мәдениетті өткізуді ұйымдастыру), қауіпсіздік техникасы бөлімі, бас технолог қызметі(жұмыскерлерді даярлау және оларды орналастыруды, еңбектің мазмұнын анықтайтын еңбекті операциялық бөлісуді қалыптастыру), техникалық оқыту бөлімі ( персоналды даярлау және т.б. бөлімдері айналысты).
Кадр басқару қызметі әдеттегідей ұйымдастырушылық мәртебесі төмен, кәсіби қатынаста әлсіз болып табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет