2. Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар. Персонал қызметінің негізгі мәселелері. Нарықтың қалыптасуы бүгінде бұрынғы ескі ойлар, әдістер мен тәсілдер негізінде персонал қызметін шешуге мүмкін болмайтын жаңа мәселелерге ие. Кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім ішінде персоналға байланысты жұмыс жүйесін – персоналды бағалау және аттестациялау, іріктеу, даярлау, жетекші қызметкерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта құру.
Кәсіпорынның персонал қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық бөлімшелердің жиынтығы.
Персонал қызметінің функциялары, құрылымы және мәселелері экономиканың даму сипатымен, өндіріс алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді орындауда персоналдың атқаратын рөлін кәсіпорын басшылығының түсінуімен тығыз байланысты.
Бүгінде отандық кәсіпорындардың кадрлар бөлімінің қызметі жұмыс күшін жалдау, жұмыстан босату, іс-қағаздарын жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, персоналдың біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау жұмыстарымен шектеледі.
Кадрлар бөлімдері персоналдық жұмыстардың әдістемелік те, ақпараттық та, үйлестіруші де орталығы емес.Олар құрылымдық жағынан еңбекті ұйымдастыру және жалақы төлеу, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, құқық бөлімдері, персоналды басқару функцияларын орындайтын бөлімдерден бөлектендірілген.
Персонал басқару қызметі, ұйымдастырушылық мәртебесі төмен, кәсіби қатынаста әлсіз болып табылады.
Сонымен қатар әр түрлі персоналдық жұмыстарымен зауыт басқармасының басқа бөлімдері: еңбек және еңбекақы төлеу бөлімі, жоспарлау бөлімі, кәсіподақ ұйымы, қауіпсіздік техникасы бөлімі, бас технолог қызметі, техникалық оқыту бөлімі және т.б. бөлімдері айналысады.
Персоналды басқару мәселелері мен негізгі талаптарының өзгеруіне байланысты персонал қызметінің мәселелері, функциялары және құрылымы өзгеріс тапты.
Персоналды басқару – бұл функция тек қана персонал қызметіне жатпайды. Басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субьектілері - өндірістік бөлімшелердің желілі жетекшілері оған бағынатын мамандармен бірге міндетті түрде қатысуға тиісті.
Ұйымның персоналын басқару жүйесі –персоналды басқарудың функциясын жүзеге асыратын жүйе.