Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі



бет5/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
person bask lektsiya

Дәріс №2
Тақырып: Персоналды басқару қағидалары мен әдістері
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Персоналды басқару аспектілері, қағидалары
2. Персоналды басқару әдістері


Дәрістің мақсаты: Персоналды басқару аспектілері мен қағидаларын сипаттау. Басқару қағидаларын жіктеу. Персоналды басқару әдістерін топтастыру. Персоналды басқарудың мазмұнын айқындау.



  1. Персоналды басқару аспектілері, қағидалары:

  • Техникалық-технологиялық аспект нақты өндірістің даму деңгейін, әсіресе ондағы қолданылатын техника мен технологиялардың, өндіріс жағдайларының ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін ұйғарады.

  • ұйымдастырушылық-экономикалық аспект жұмыскерлердің саны мен құрамын, моральдық және материалдық ынталандыру, жұмыс уақытын пайдалану және т.б. қызметтерді жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

  • Құқықтық аспект персоналмен жұмыс істеуде еңбек заңдылықтарын сақтау мәселелерін қарастырады.

  • Әлеуметтік–психологиялық аспект персоналды басқаруда әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді, жұмыс істеу тәжірибесінде әр түрлі әлеуметтік және психологиялық процедураларын енгізуге байланысты мәселелерді қарастырады.

Персоналды басқару жүйесін құру қағидалары. Басқару қағидалары – басқару функцияларын орындаудағы жетекшілер негізге алатын идеялар, заңдылықтар және мінез-құлқының тәртібі. Басқару менеджментінде негізгі қағидалар болып табылатындар:

  • Басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың ұтымды үйлесімі

  • Басқарушылық шешімдерді қабылдауда өкілеттілікті ұтымды пайдалану

  • Басқарудағы жеке басшылық пен алқалықты дұрыс пайдалану

  • Басқарудың ғылыми негізділігі

  • Жоспарлаушылық, ұйымның келешектегі дамуының негізгі бағыттарын, мәселелерін, жоспарларын белгілеу

  • Құқықтардың, міндеттемелердің және жауапкершіліктердің үйлесуі, яғни ұйымдағы әрбір адам нақты жұмыстармен қамтылады да, оның орындалуына жауап береді

  • Мотивация, менеджерлер марапаттау және жазалау жүйесін неғұрлым ұқыпты жүргізген сайын мотивация бағдарламасын тиімді орындап, ұйымның және жеке бастың мақсаттарына жету үшін әр адамның әрекетін ояту

  • Басқаруды демократизациялау барлық қызметкерлердің ұжымды басқаруға қатысуы

  • Персоналды басқару жүйесін қалыптастыруда қойылатын талаптарды сипаттайтын қағидалар

  • Персоналды басқару жүйесін дамытудың бағытын анықтайтын қағидалар.

Персоналды басқарудың шартты қағидаларына персоналды басқару функцияларының қалыптасуы мен өндірістің мақсаты және өзгеру жағдайлары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет