Дәріс №1 Тақырып: Персонал менеджменті және оның ұйым қызметін басқарудағы рөлі Қарастырылатын сұрақтар тізбегі


Ұйымның сыртқы және ішкі ортасын зерттеу



бет14/58
Дата04.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#79351
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
person bask lektsiya

Ұйымның сыртқы және ішкі ортасын зерттеу. Ұйымның өндірістік іс-әрекеті ұйымдастырылатын жағдайды талдауға бағытталған. Персонал маркетингінің мазмұнын анықтайтын сыртқы факторларға:

  • Жалпы экономикалық жағдай және салалық іс-әрекеттің халі

  • Кәсіпорын мен салалардағы технология деңгейі

  • Еңбек заңдарының талаптары

  • Ұйым қызметкерлері мотивациясының ерекшеліктері

  • Бәсекелес ұйымның кадрлық саясатын зерттеп, дербес кадрлық саясаттың стратегиясын жасау.

Персонал маркетингінің ішкі факторлары:

  • Ұйым мақсаттары

  • Қаржылық ресурстар

  • Ұйымда бар кадрлық әлеует

  • Кадрлық қажеттіліктерді қанағаттандыру көздері.

Еңбек нарығын зерттеу – сыртқы және ішкі еңбек нарығын зерттеуді болжайды. Ішкі еңбек нарығын зерттеуде персоналға деген қажеттілік ұйым ішіндегі көздер есебінен қанағаттандырылады.
Сыртқы еңбек нарығын талдау мынаған бағытталған:



2. Персонал маркетингі байланыстық қызметі өз мақсаттары бар – персоналға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын орнату және қткізу, сонымен қатар ұйымның жұмыс беруші ретінде артықшылықтарын көрсету. Персонал маркетингі байланыстық қызметінің тиімді орындалуының алдыңғы себебі ретінде еңбек нарығын сегменттеу болып табылады.
Сегменттеу – персоналға сұраныс пен ұсынысты белгілі бір жұмысбастылыққа итермелейтін ерекшеліктері ұқсас келетін бөліктерге ажырату процесі. Жобалау және бизнес жоспарлау үшін аймақтағы кадрлық жағдайды талдау өте маңызды.
Ақпараттарды жинау және болжау:

  • Негізгі кәсіби жастық топтар туралы

  • Мамандық бойынша аймақтық нарық туралы

  • Категория бойынша еңбекақы деңгейлері туралы

  • Категориялар бойынша жұмыспен қамтылу деңгейі туралы

  • Мамандарды дайындап шығаратын, қайта дайындайтын оқу орындары туралы

  • Демографиялық жағдай болжамы туралы

  • Аймақ тұрғындарының ұлттық және мәдени ерекшеліктері туралы.

Персонал маркетингі байланыстық қызметінің компоненттерінің бірі ретінде ішкі ұйымдық байланыстарды орнату, ұйымдағы бейресми қатынас элементтерін бөлу, ұйымның қызметкерлер арасындағы имиджін жоғарылату және ұйым ішіндегі персоналды тиянақты жұмыс орнына орналастыру.
Персонал маркетингі отандық және шетел ұйымдарының ұқсас іс-әрекеті және өнім бағалары, персонал шығындары, әлеуметтік сақтандыру қаражаттары, қызметкерлерге әлеуметтік төлем және жұмыскерлердің таза табысты бөлуге қатысу деңгейі, дивиденттер көлемі туралы мәліметтерді жинақтап тұруы қажет.
Персоналға қажеттіліктерін таңдау бойынша маркетингтік жұмыстардың кезеңдері:

  • Персоналға қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын табу

  • Персоналды тарту жолдарын анықтау

  • Сапалық және сандық параметрлерге сай әлеуетті қызметкерлерді табу көздері, жұмысқа алуға кететін шығындарды талдау.

  • Табу көздері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет