дәріс. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы – академ сағ


-дәріс. Қоғамдық-саяси және рухани даму – 2 академ.сағ



бет15/16
Дата10.05.2023
өлшемі328,71 Kb.
#91531
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
14-дәріс. Қоғамдық-саяси және рухани даму – 2 академ.сағ.
Жоспары:

  1. Демократиялық үдерістердің дамуы

  2. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.

  3. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.

  4. «Қаңтар оқиғасы».

  5. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.

  6. Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум.

  7. «Мәдени мұра» бағдарламасы, «Мәңгілік ел» идеясының негіздері, «Ұлы даланың жеті қыры».

(3-слайд) 1. Демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы»-делінген. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке меншіктікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде.


(4-слайд) Демократиялық қоғамда саяси, экономикалық, әлеуметтік және діни еркіндік заң жүзінде ғана тіркеліп қоймайды, олардың жүзеге асырылуы азаматтар тарапынан бақылауда болады. Дамыған демократиялық қоғамда билік қатаң түрде бөлінеді және тәуелсіз сот пен атқарушы билік тармақтарының ролі ерекше. Мемлекеттегі көптеген реформалардың табысты болуы осы билік тармақтарының кәсібилігі мен тиімділігіне байланысты. Сондай-ақ, демократиялық мемлекеттің көрсеткіші болатын маңызды жағдайлардың бірі халықтың өз пікірін ашық білдіретін тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының болуы.
(5-слайд) Бүгінгі таңда Қазақстанда көп партиялық жүйе орын алған; заң шығарушы органдарда өз өкілдері болғандығын қалайтын партиялардың саяси белсенділігі жылдан-жылға артуда. «Электронды үкімет» жүйесінің құрылуы ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және жеңіл түрде алуына жағдай жасады. Адам құқықтары бойынша омбудсмен институты жұмыс істейді. Казақстан халықаралық адам құқықтары туралы конвенцияға қол қойды. Казақстан сияқты полиэтникалық мемлекетте этникалық топтардың мүдделерін Экс-президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қорғайды. Азаматтық қоғам институты дамып, 5000-нан астам үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың pөлi жоғарылады. Осылайша қоғам мемлекеттік ұйымдардың жұмыстарына ықпал ете алады. 2006 ж. Қазақстанның әлемнің бәсекеге кабылетті 50 елінің қатарына кіру туралы Стратегиясы қабылданды, онда қазақстандық қоғамды әpi қарай демократияландыру мәселелері қарастырылды. Бірте-бірте мемлекет пен қоғам арасында келісім нығая тусуде. Мемлекеттік басқарудың демократиялык принциптерін күшейтуде «билік - халық» қарым-қатынасын елдің өзіндік ерекшелігін ескермей енгізу мүмкін емес.
«Азаматтық қоғам» түсінігі ежелгі дәуірде-ақ қалыптасқан. Мемлекет пен қоғамның саяси жэне саяси емес институттар арқылы дамуы туралы ойларды Аристотель, Платон, Цицерон, Гоббс, Локк және т.б. айтқан. Азаматтық қоғам институтына үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар, қорлар, коммерциялық емес мекемелер, занды тұлғалардың ассоциациялары, саяси партиялар, кәсіптік одақтар, діни ұйымдар, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. жатады. Басты құндылығы адам болып табылатын құқықтық мемлекет жағдайында азаматтық қоғам қызмет етеді. Ол демократиялық саяси жүйеде ғана жоғары деңгейде дами алады, ал билік пен азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынас қоғамдық келісім негізінде ғана қалыптасады. Адамның құқықтары сақталатын және қорғалатын, көпшіліктің пікірінде плюрализм болатын, әртүрлі шиеленісті жағдайда құқықтық мемлекет пен заңның мәртебесі жоғары болатын, азаматтарды қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік сипаттағы мемлекеттік биліктің демократиялылығы және көпсалалы экономика сақталатын қоғам азаматтық қоғам деп есептеледі.
(6-слайд) 2. 2021 ж. қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл-қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 ж. 5-қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді өткен жолдарымызға нақты талдау жасауға, келешек бағыт – бағдарымызды айқындауға шақырған аса маңызды құжат болды. Бұл мақаланың тарихи маңызы ретінде мемлекетіміздің даму кезеңі мен тәуелсіздікке қол жеткізудің тарихи процесі айтылып оның даму динамикасы тұжырымдалды.Төрт тараудан тұратын мақалада, мемлекет басшысының кемел ойлары тоғысқан.
Мақаланың «Бағдар мен белес» атты бірінші бөлімінде, Президент отыз жылда еліміздің атқарған істері мен жеткен жетістіктерін талдап, саралауды үш онжылдыққа бөліп қарастырып, алдағы он жылдағы жоспарды атап көрсетті.
Президент алғашқы онжылдықты жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атайды. Осы уақытта мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. «Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдадық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.
Екінші онжылдықты Қ.К.Тоқаев Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі деп бағалайды. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге бастамашы болдық.
Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік. Әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса мән бердік.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет. Президент: біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы, деп тұжырымдайды.
Мақаланың «Таным мен тағылым» атты екінші бөлімінде, Қ.К.Тоқаев Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек дейді. Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс. Президент, жас ұрпақтың тарихи санасы айқын, әрі берік болуына назар аударды. Көркем және деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініс табуы қажеттігін шегеледі.
Президент мақаласының «Қоғам мен құндылық» атты үшінші бөлімінің өзегі егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Қ.К.Тоқаев Қазақстан – біртұтас мемлекет, жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды деп тайға таңба басқандай айқындады. Президент өз мақаласында мемлекет тілдің әлі күнге төрге шыға алмай отырғанына алаңдайтынын айрықша атап көрсетті және қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу тастады. Шынында біз осы мәселе турасында немқұрайдылықтан арыла алмай келеміз. Ал біздің көптеген қаракөз бауырларымыздың ана тілімізге ынтасы кемшін.
Мақаланың соңғы төртінші бөлімі «Ұлағат пен ұстаным» деп аталып, азаматтық қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналады.
Соңғы кезде қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласуға, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға ынтасы артып келеді. Мемлекет басшысы, менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамам және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы – осы сұранысқа тікелей жауап деді.
Президенттің сөзімен айтқанда: «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. "Тәуелсіздік бәрінен қымбат!" деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс».
(7-слайд) 3. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» немесе «Естуші мемлекет» - бұл тұжырымдама 2019 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты. Билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір­ді міне, осы екі ауыз сөзге сый­ды­руға болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.
Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қол­дау көрсетуге, ел аймақтары ара­сын­да­ғы теңсіздікті жоюға және халықты толған­дырып жүрген басқа да мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Нақты мысалдар келтіріп, проблемаларды шешудің тиімді жолдарын да ұсынып отыр. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алу үшін көп балалы отбасының айлық табысы 320 мың теңгеден кем болмауы керек. Бұл табысы аз отбасылар пәтерге қол жеткізуі қиын деген сөз. Сондықтан 2020 ж. бастап «Бақытты отбасы» атты жаңа бағдарлама ұсынылды. Осы бағдарлама негізінде жыл сайынғы пайыздық үстемақы 2 және бастапқы жарна 10 пайыздан аспайды. Бұл ай са­йынғы төлемнің арзан болуына ықпал етіп, жағдайы орталау отбасылардың бас­паналы болуына жол ашады.
Жолдаудың тағы бір көңіл қуантар­лық тұсы, ол – Президенттің қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимы­лының маңызды екеніне екпін беріп, азаматтарды ашық диалогқа шақыруы. Қыркүйек айында Прези­денттің жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды. Бұл бастама білікті әрі білімді жастардың елді дамыту, мем­­лекетті басқару ісіне белсенді ара­­ласуына жол ашуымен құнды.
Мұнан бөлек 6 қыркүйекте Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің ал­ғашқы отырысы өтті. Онда елдегі қор­даланған проблемалар ашық талқыға салынып, алдағы реформалардың жос­парын құру бойынша жүйелі жұмыс басталды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды демократия даңғылына қарай бастайтын сенімді әрі төте жолы деп ауыз толтырып айта аламыз. Жалпы, азаматтық қоғам қалыптас­тырудың алғышарттары міне, осындай іс-әрекеттерден бастау алса керек.
Кез келген адамға теңдік танытып, кеңдік көрсету ең алдымен адамның саналылығын білдіреді. Ал саналы адамдармен өмір де мәндірек болады. Жүректерге жол табу, кісінің көңілінен шығу – қазаққа тән қасиет десек, біздің қазақ осынау қасиетімен көп нәрсені оңтайлы шешіп отырған, небір аумалы-төкпелі қиын-қыстау кезеңдерден аман өтті. Ендеше Президент Жолдауы жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, ондағы айтылған әрбір сөздің астарына үңіліп, мағынасына мән беретін болсақ және оның орындалуына бәріміз бірдей атсалыссақ, біз үшін маңызды құжатта айтылған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болудың да ауылы алыс емес.
(8-слайд) 4. Өткен 2022 ж., өкінішке қарай, қаралы қаңтар оқиғасымен басталды. Қазақстан тарихын «Қасіретті қаңтарға» дейін және кейін деп екіге жарған бұл күндер мемлекет болып қайта қалыптасудың, ұлт болып қайта ұйысудың қастерлі межесін көрсетіп берді. Қаңтар қырғыны қоғамды есейтті, сананы сілкінтті. Бәрінен бұрын береке-бірлігіміздің қадірін түйсіндік. Бірақ, қан төгілді. Жазықсыз жандар зардап шекті. Қоғамдағы үлкен өзгерістің дені нақақтан төгілген қан арқылы келетіні тарихтан белгілі. Өкініштісі, бізге де осы жолдан өтуге тура келді. Сын сағатта ең басты қазынамыз – тәуел­сіздігіміз таласқа түсті.
Жаңаөзенде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы басталған бейбіт шеру өзге өңірлерде жалғасып, халықтық дүмпуге алып келді, соңы қанды қаңтар оқиғаларына ұласты. Ал қаңтар оқиғасының ең басты қозғаушы күші не? Себебі қандай? Қаңтар трагедиясы кезінде алаңға шыққандардың арасында әртүрлі топ болды. Олардың қатарында таққа таласқандар да, елден қашқан олигархтар да, «бір өзгерістің басы болар» деген үміт отын жаққан бейбіт халық та бар. Расында, осы күндері көптен күткен өзгерістің шеті көрінген еді. Алайда халықтың үміті мен сенімін, арман-тілегін арам пиғылдылар басқа арнаға бұрып жіберді. Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні Алматыда, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Ақтөбеде шеру соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Тек бір күнде-5 қаңтарда 8 өңірде әкімдіктерге шабуыл жасалды. Алматыда шабуылдаушылар әкімдікті өртеп, Президент резиденциясын бұзды. Аңшылық дүкендерді тонап, қару-жарақты митингке қатысушыларға таратты. Алматының Полиция департаменті мен бөлімдеріне шабуыл жасалды. Олардың мақсаты-қару-жарақ бөлмелері еді. Талдықорған мен Ақтөбеде, Таразда облыс әкімдіктерін, Семей қаласы әкімдігін басып алды. 5 қаңтар күні кешке, Алматы мен Ақтөбе халықаралық әуежайларын бір уақытта басып алды. Күш қолданылды, ғимараттар қиратылып, өртелді, мемлекеттің ғана емес, қарапайым халықтың жеке мүлкі тоналды, үкімет өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетілді. Ертесінде жағдай мүлде бақылаудан шығып кетті, дүкендер тоналды, көшеде тұрған көліктер өртелді. Қалаларда атыс белең алды. Елдегі осындай хаосты өз пайдаларына шешкісі келген, тіленіп жүрген топтар бой көрсете бастады. Кәнігі қылмыскерлер мен марадерлер, діни сектанттар тізгінді өз қолдарына алуға талпынды. Әлеуметтік мәселемен басталып, арты саяси проблемаларды көтерген жаппай тәртіпсіздік салдарынан 238 адам қаза тапты, 3 мыңнан астам адам түрлі дене жарақатын алды. Қаза болғандардың 19-ы күштік құрылымдар қызметкері. Оқиға салдарынан мың жарымнан аса нысан зардап шекті. Мемлекетке 100 млрд теңгеден астам, бизнес нысандарына 92 млрд теңгеге залал келді. Тәуелсіздік сынаққа түскен қаңтар қырғыны кезінде ең көп зардап шегіп, шығынға батқан-Алматы. «Қасіретті қаңтар» кезінде Алматыдағы бес бірдей телеарнаға шабуыл жасалып, ұлттық тележурналистиканың қара шаңырағы «Qazaqstan» телеарнасының баға жетпес, түпнұсқадағы аудио-бейне қорының біраз бөлігі жойылып кетті. Алматы қаласына шабуылдаған адамдардың қара­пайым ереуілші, бұзақы емес, жы­мысқы жоспары бар лаңкес екенін айғақтайтын оқиға болды: 5 қаңтардың кешінде бүлікшілердің үлкен тобы Алматы халықаралық әуежайын басып алды. Бейбіт шерушілерге аэропортты басып алудың еш қажеті жоқ. Бұл – шетелден басқын­шылар басып кіруін қарастыратын гибридті соғыстар кезінде пайдаланылатын тәсіл. Әуежай орталықазиялық қаланың бірінен дайындықтан өткен содырлардың елге өтуі үшін басып алынған. Олар бірден операцияларды басқаруға кіріскен. Алайда құқық қорғау органдары жағдайды өз қолына алып, тойтарыс бергеннен кейін қайтадан ұшып кеткен. Мемлекет басшысы мұның мұқият жоспарланған операция екенін атап өтті: «Мақсаты – мемлекеттік институттарды жою, конституциялық құрылымды бұзу, ақыр соңында билікті басып алу болған».
Алма­тыдағы тәртіпсіздікке қатысушылардың кейбірі Қа­зақстанда кең таралмаған жат тілдерде сөйлескен. Қақтығыстардан кейін ауруханаларға жеткізілген жаралылардың кейбірі не қазақша, не орысша түсінбеген.
(9-слайд) 6 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізген Қ.Тоқаев «террористерге қарсы штабты өзі басқаратынын» жариялады. Президент бүлікшілердің шетелде үлкен дайындықтан өткен халықаралық тер­рористер екенін және олардың Қазақстанға жасаған шабуылын басқыншылық акті ретінде қарастыру қажет екенін айта келе, ҰҚШҰ мемлекеттерінің бас­шы­ларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақ­станға әскери көмек көрсетуді сұрағанын мәлімдеді. Жедел жеткен 2 мыңнан астам жауынгерден тұратын ҰҚШҰ бітімгершілік тобы елді лаңкестік топтардан тазарту операцияларына қа­тыс­қан жоқ, олар маңызды мемлекеттік және әскери нысандарды күзетуге тартылды. Осының арқасында күзет ісінен боса­тылған қазақстандық күш құрылымдары бар күшін контртеррористік операцияға, қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге жұмылдыруға мүмкіндік алды.
Қаңтар оқиғасында құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдар жасалып, 1 259 табельдік қару ұрланды, оның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтар бар. Қазіргі таңда ұрланған қарудың небәрі 481-і табылды. Бұл барлық ұрланған қарудың үштен бірі ғана. 2023 ж. қаңтарда Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмысының аяқталғанын мәлімдеп, бұл оқиғаны мемлекеттік төңкеріс әрекеті деп бағалады. Тергеу қорытындысы бойынша осы уақытқа дейін 1249 адам сотталса, олардың дені ұрлық жасап, қару-жарақ тонаумен айналысқан, сонымен қатар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан. Ал қаңтар қырғынының бел ортасында жүрген 160 адамға бас бостандығынан айырудың нақты мерзімі тағайындалды.
2022 ж. қарашада Пре­зидент қаңтар оқиғасына қатысу­шыларға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойып, осы санаттағы 1,5 мың адам рақымшылыққа ілікті. Тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарға, азаптау, экстремизм, терроризм, мемлекетке опасыздық жасағандарға амнистия қолданылмайтыны түсінікті. Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облыстық ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерінің бұрынғы басшыларына қатысты тергеу аяқталды. Азаптау деректері бойынша Алматы мен Талдықорған қалаларында ҰҚК мен ІІМ-нің 29 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бас прокурор Б.Асыловтың айтуынша, мемлекеттік төңкеріс жасауды көздегендер жоспарды 2021 жылы құрған. Прокурор оны қылмыстық топ, діни экстремистер мен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының мүшелері ұйымдастырған дейді. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Ә.Садықұловқа қатысты мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша іс сотқа берілген. Тағы екі бұрынғы орынбасарлары – Ерғожин билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер, лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдалану бойынша, Осиповке және ҰҚК бөлімшелерінің басқа басшыларына өкiлеттiктерді асыра пайдалану айыбы тағылған. Ал, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштен тек куәгер ретінде жауап алынған. Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Басшылықтың нұсқауымен Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттері өз ғимараттарын қараусыз қалдырған. Сондай-ақ бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектеновтің ісі де сотта қаралды.
Бас прокурор Б. Асыловтың айтуынша, күштік құрылымдар Президент бұйрығына дейін ескертусіз оқ атқан. Күштік құрылым қызметкерлері жауынгерлік қаруды бірінші рет Алматыдағы Президент Резиденциясын қорғау кезінде - 5 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында қолданған. Одан соң полиция мен әкімдіктер ғимараттарына және басқа да объектілерге шабуыл жасалған уақытта, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қару қолданған. Демек, шабуылдаушыларға қарсы оқ ату Президенттің белгілі сөз сөйлеуінен едәуір бұрын болған. Бұл жағдай туралы барлық дискуссия қоғамдық пікірді әдейі басқа бағытқа бұруда. Іс жүзінде, қылмыскерлерге оқ ату үшін күштік құрылымдарға арнайы бұйрық қажет емес. Ал, Мемлекет басшысы террористерді ескертусіз ату туралы бұйрықты 7 қаңтарда берген болатын.
(10-слайд) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бейбіт шеру мен қарақшылардың қанды қылмысының арасын ажырата білу керек. Қасақана әрекет еткен қарақшылар тобы мемлекеттігіміздің тұғырын шайқалтуға тырысты, елдегі тұрақтылықтың тамырына балта шапқысы келді. Бейбіт шерулердің себебі-бір бөлек. Ал мемлекеттік төңкеріс жасағысы келгендердің мақсаты-мүлде басқа»-деді. Қаңтар қасіреті қоғамдық құндылықтарды өзгертіп, санамызға түбегейлі төңкеріс жасады. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік кеңістігімізде көптеген мәселені қайта қарауға түрткі болды. Қаңтар трагедиясынан кейін есеңгіреп, ес жиған тұста бұл оқиға бізге үлкен сабақ болуға тиіс. Қаңтар оқиғасынан кейін елімізде күрделі саяси реформа жүргізіле бастады. Біз қаңтар қасіретін ел болып еңсере білген қазақ даласында жаңа даму кезеңі басталғанын сезіндік. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпақ жұртқа «Әділетті Қазақстан» идеясын жариялады. Бұл еліміз үшін шынайы жаңару кезеңі болмақ.
(11-слайд) 5. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты 2022 ж. 16 наурыздағы Жолдауындағы саяси бастамалары, мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету және билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы қоғамдық келісімді нығайту үшін саяси және өзге де өзгерістер жасаудың маңызын көрсетеді. Өзгерістердің барлығы «Жаңа Қазақстанның» келешек келбетін қалыптастырады. Яғни, барлық адамдарға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құру.
Ел Президентінің қазақстандықтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына мүмкіндіктерді кеңейте отырып, саяси реформаларға бет бұруы – зор саяси қадам деп түсіну керек. Жыл басындағы «Қаңтар оқиғалары» елдігімізге ауыр сын әкелді. Тек бірлігіміздің арқасында, біртұтас халық болып, Президентіміздің батыл шешімдерінің арқасында елімізді сақтадық.
Күн сайын әлемдік саяси сахнадағы өзгерістерді байқап отырмыз. Әрине, осындай өзгерістер қоғамдағы келіспеушілік пен қарсылықтар туғызады. Оған қоса, қоғамдық “белсенділер” бұл жағдайды пайдалана отырып, еліміздегі тұрақтылық пен этносаралық келісімге кері әсерін тигізеді. Біз соған жол бермеуіміз керек. Бұл тұста Президент: «Қазір саяси баррикадалар орнатып, әр мәселеге бола митинг өткізіп, күмәнді шешімдерге жетелеп, жөнсіз талап қоятын уақыт емес» - деді.
Сол үшін әрбір адам өз санасын өзгертіп, еліміздің жаңаруына ат салысу керек. Жолдауда айтылған Президенттің әрбір сөзі халықтың сана-сезімінің өзгеруіне бағытталған: “Өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда».
(12-слайд) Жолдаудың негізгі қағидалары: Суперпрезиденттік басқару жүйесінен кетуіміз керек, сондықтан Парламент қос палаталарының функциялары күшейтіледі. Енді Сенаттағы Президент тағайындайтын 15 депутаттың орнына 10 депутат тағайындалады және оның бесеуі Қазақстан Халқы Ассамблеясымен ұсынылады. Мәжілістегі Ассамблея депутаттарының квотасы болмайды. Президент енгізген өзгерістердің біреуі - Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Енді БАҚ жұмыс аясын кеңейту үшін БАҚ туралы заңды қайта қарау. Бұқаралық ақпарат құралдарын Президент 4-ші билік деп атады. Яғни журналистер бәсекеге қабілетті болуымен қатар, жауапкершілігі мол өз ісінің мамандары болуға тиіс.
Ұлттық Құрылтай құрылады және оның құрамына депутаттар, ҚХА өкілдері, қоғам белсенділері кіреді. Аумақтық құрылымдағы өзгерістерге де тоқталды: жаңа облыстардың пайда болуы қуантады - Абай облысы, Ұлытау облысы, Жетісу облысы. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы болып өзгертіледі.Жолдаудың маңызы мен идеясын терең түсіне отырып, біз Жаңа Қазақстанға бет бұрдық.
(13-слайд) 6. ҚХА отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде Референдум өткізуді ұсынды. Қазақстанда жалпыхалықтық референдум тәуелсіздік тарихында екі рет өткізілген. Екеуі де 1995 ж., сәуірде халық Президент Н.Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдады.
2022 ж. 5 маусымда елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға-Референдум өтті. Республикалық референдумға «2022 ж. 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген сауал шығарылды. Референдумға қатысуға құқығы бар 11 млн. 735 мың адамның 7 млн. 986 мыңы қатысып, Ата Заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың 77,18 пайызы, яғни басым көпшілігі қолдады.
Жаңа Қазақ­­станды құрудың алғашқы қада­мын референдумнан бас­тау арқылы Президент енді әр қазақстандықтың пікірі ма­ңыз­ды екенін айқындады. Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Байырғы замандардағы хандарымыз іргелі істерде халық­пен кеңес құрған, бұқарасының батасын алған. Бертінде қазақ көсемдері Мәңгілік ел құру жолында бас біріктіріп, бір тудың астына жиылып, Ұлытауда бірліктің символындай төл таң­баларын тасқа қашап қалдырған. Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған референдум да әрбір қазақстандықтың таңдауы – біріге, тұтаса келе, біртұтас елдің таңдауына айналды.
Конституциялық ре­форма нәтижесінде Ата Заң­дағы 98 баптың 33-і өзгер­ді. Парламентке және Конс­­ти­туциялық соттың қыз­метіне қатысты нормалар 2023 ж. 1 қаңтарынан бас­тап күшіне енді.
(14-слайд) Қолданыстағы Конституцияда «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануар­лар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деп жазылған. Енді оның 6-бабы «Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі, байлығы» деп түзетілді. Бұл-халықтың талабы. Бұл Президент айтқан Жаңа Қазақстандағы әділеттіліктің орнауы болмақ.
Реформа аясында Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен бас тартады. Тәуел­сіздікті қалыптастырудың, мем­­лекет құрудың бастапқы кезе­ңінде бұл даму моделі қажет те еді. Бірақ қазір заман өзгерді. Сондықтан суперпрезиденттік басқарудан дамыған елдердегі секілді мықты Парламентке сүйенген президенттік респуб­ликаға біржола көшеміз. Пар­ламенттің құзыры мен рөлі күшейеді. Мұндай жүйе билік­тің үш тармағының (Парламент, сот және атқарушы биліктің) оңтай­лы тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септеседі.
Мемлекет бас­шысы өзіне қатысты салмақ­ты шектеулер қабыл­дады. Біріншіден, Amanat пар­тия­сының кезектен тыс XXIII съезінде Қ.Тоқаев билеу­ші пар­тияның төрағалығынан бас тартты. Конституциялық түзетулер нәтижесінде Президент өз өкілеттігін атқару кезеңінде кез келген партияға мүшелі­гін уақытша тоқтата тұруға міндеттелді. Аталған норма елдегі саяси бәсекені арттырып, саяси монополияны жояды, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Өзге партияларды Президенттің мысы басып тұрмайды. Сөйтіп саяси жүйеде әділдіктің орна­уына жол ашады. Барлық өкілеттікті бір қолға шоғырландырған орталықтағы жағдай аймақтарда да қайта­ланады, бұған тосқауыл қою үшін барлық әкім мен орынбасарына партия филиалдарына төраға болуға тыйым салынады. Бұл көпполюсті партия­лық жүйе қалыптастыруға жол ашады.
Екіншіден, облыстардың және мегаполистердің әкім­дерін тағайындау рәсімі түбе­гейлі өзгерді. Қолданыс­тағы тәжірибе бойынша өңір әкім­дерін мәслихат келісімі­мен Пре­зиденттің өзі тағайын­дайтын. Енді Мемлекет басшысы қандай да бір облыс не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты баламалы негізде ұсынады. Олар­ды облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары қарап, біреуін таңдайды. Басқаша айтқанда, бұдан былай облыс әкімі де сайланады деуге болады. Мемлекет басшысына облыс не мегаполис басшысы ретінде соны тағайындау ғана қалады.
Үшіншіден, Мемлекет бас­­­шысы өзінің туыстарына қатыс­ты да қатаң шектеу қабыл­дады: оның жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші бола алмайды, квазимемлекеттік секторда, ұлттық компания­лар­да басшылық лауазымдарды ат­қара алмайды. Президент бұл шешім қаңтар оқиғаларының маңызды сабағынан туғанын айтты. Себебі мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлға­ның қолында барлық өкілеттік­тің шоғырлануы оған жақын тұлғалар мен қаржылық-олигар­хиялық топтардың ықпалын орынсыз күшейтеді. Олар мем­лекетті жекеменшігі сияқты көре бастайды.
Сонымен қатар кез келген мемлекетте тамыр-таныстық кадр іріктеу ісін бұрмалап, сыбайластықтың терең тамыр жаюына соқтырады. Ал тамыр-таныстық пен рушылдық елдің ілгері басқан қадамын кері тартып, мемлекетті құрдымға құлатады. Мұндай кесірлі қарым-қатынас шағын ғана топтың шалқып өмір сүруіне жол ашады. Өзгелерді өмірінің ешқандай болашағы жоқ, бұлыңғыр екеніне біржола мойынсұнып, тек өлместің күнін көру үшін ар­палысуға мәжбүрлейді. Демек жаңа конституциялық рефор­ма барлық азаматқа бірдей мүм­кіндік туғызбақ.
Төртіншіден, Президенттің өкілет­тігі бір­шама азайды. Мысалы, Мемлекет бас­­шысы облыс­тардың, мега­полис­тердің әкім­дері қабылдаған шешімдерді, шығарған актілерді жою, ол құжаттардың күшін тіпті уа­қыт­ша болса да тоқтата тұру құқығынан айырылды.
Бесіншіден, Президент аудан, тіпті ауыл әкімдерін де лауа­зы­мынан босата алмайтын бо­лды. Өйткені, саяси жаң­ғыру­лар аясында елімізде ауыл және аудан әкімдері сайланады. Тиі­сін­ше, ауыл, аудан жұрт­шы­лы­ғы өзі сайлаған әкімін қызметі­нен өздері алып тастай алады.
Осылайша, тәуелсіздіктің отызжылдық кезеңінде қолда­нылған «қолдан басқару» тәжі­рибесі жойылды. Барлық іс Президентке барып тірелмейді, өңірлік мәселелерді жергілікті өзін-өзі басқару органдары тұр­ғын­дармен ақылдасып, сол жерде шешуге құқылы, құзырлы, қау­қарлы болады. Жергілікті билік­тің дербестігі артады. Ата Заңға енгізілген өзгерістер Парламентті, мәс­лихаттарды, жергілікті би­лік­ті күшейтуге бағытталған. Нәти­жесінде, олар қысылтаяң шақтарда өз бетінше жұмысын жалғастыруға қабілетті болады, бір кісіге қарап отырмайды. Осының арқасында Президент болып қандай тұлға сайланса да, оның биліктің барлық тар­мағына билік жүргізуіне жол берілмейді. Бұл – біз ұм­тылған дамыған елдердің үлгісі. Қазақстан Конституциясына енгізілген өзге­рістер мен толықтырулар біздің мемле­кеттік құрылысымыздың «Күшті Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деген негізгі формуласын іске асыруы керек.
Өзгерістер енгізілген Консти­ту­цияда адам мен азаматтың құқықтарын қорғауға көп көңіл бөлінді. Өлім жазасына тыйым салу тура­лы тарихи шешім қабылданды, адамның және азаматтың құқықтары мен бос­тандықтарының кепілдіктері күшей­ті­лді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы норманың алғаш рет бекітілді. Осы уақытқа дейін азаматтар түсініктеме алу үшін Конституциялық Кеңеске тікелей жүгіне алмайтын. Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылды. Конституцияға енгізіліп отырған осы өзгерістер мен толықтырулар Жаңа Қазақ­станды құруға өз үлесін қосатыны күмәнсіз. Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді. Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылыс жасады.
(16-слайд) 7. Қазақстанның мәдени мұра жобасы-мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:1.ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; 2.археологиялық зерттеулер; 3.қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; 4.ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру. Бағдарламаны жүзеге асыра бастаған 2004 ж. бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрация жасалды. Тарихымыз туралы 26 ғылыми қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» жататын алтын бұйымдар әлемге әйгілі болды (б.з.д. V-III ғғ.).Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Өзбекстан, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеулер нәтижесінде 5 мыңнан астам тарихқа, этнографияға, өнерге байланысты архивті құжаттар алынды.Бағдарлама аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. Тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы сериялары кездеседі. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды.Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу. «Қазақфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Тамғалы петроглифтері» сияқты 20 деректі фильм түсірген. Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.
(17-слайд) Мәңгілік ел-XXI ғасырдың ұлттық идеясы. 2014 ж. 17 қаңтарында экс-президент Н.Назарбаев кезекті халыққа жолдауында: «Еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдары етіп, «Мәңгілік Қазақстан» жобасын жария етті. «Мәңгілік Ел» Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы.
Түркі тарихын зерттеуші профессор Қаржаубай Сартқожаұлы: «Мәңгілік ел-түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған Тоныкөк негізін қалаған идея» дейді. Мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналды.
Ғұлама ойшыл Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыт қана емес, сол замандағы билеушілер де елдің мәңгі өмір сүруін қалады. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғы да жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.
Көрнекті еуразияшыл ғалым, Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» — дейді. Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастайды.
Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау көрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады.
ХХІ ғасырды Түрік мәдениетінің ғасыры болады деп болжам жасаушылардың қатары күн санап артып келеді. Түркітанушы ғалым Дархан Қыдырәлі: «Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тарихынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еуразияның ен даласын еркін қоныстанған. Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет деп атауға болады. Шыңғысхан идеялық тұрғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта жаңғыртқан»,-дейді.
(18-слайд) Көне түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі-көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі-Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында және үшіншісі-Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді.
XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қаратпақ болды. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады.
«Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні-мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
(19-слайд) Экс-президент Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы-құнды дүние. Экс-президкет мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе, тарихи сананы жаңғырту мәселесін көтеріп, 6 бірдей жобаны ұсынды. Бұл мақала- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Оқиғалар мен тұлғаларды уақыт тізбегі бойынша бір жүйеге келтіру -тарихымыздың нағыз жетіспей тұрған тұсы еді- дейді мамандар.
Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. « Ұлт тариxындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде қазақтың атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургиясы, аң стилі, Есік қорғанынан табылған Алтын адам, Ұлы Жібек жолы және т.б. құндылықтарымыз туралы айтылса, «Тариxи сананы жаңғырту» бөлімінде ұлы даланың ұлы есімдері, ежелгі өнер, дала фольклоры мен музыкасы және тариxтың кино өнері мен телевизиясы туралы баяндалған.
Этнографиямызға шолу жасасақ, халқымыздың қаншалықты бай екенін анық байқай аламыз. Салт-дәстүріміздің ерекшелігін, ұлттық аспабымыз домбыра, қобыз үнін естігенде тебіренбейтін жан жоқ. Халқымыздың тілі де өте бай. Оның бірден- бір дәлелі-М. Әуезовтың «Абай жолы» роман -эпопеясы. Ұлы жазушы бұл туындысында халқымызың әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін айқын түрде бір сөзді екінші рет қайталамай, бай тілмен шебер суреттеп жеткізе білген. Сан алуан халық өз әлемінің кереметімен мақтанады. Тарихы ең бай халық- қазақ халқы. Тарихымызды саралап қарар болсақ, халқымыздың ұлылығына, тарихының тереңде жатқандығына өте көп дәлелдер келтіре алатындығымыз сөзсіз.Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болатыны сөзсіз.(20-слайд)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет