Созылмалы аппендицит жедел аппендицит фонында пайда болады және өскін қабырғасында көбінесе басымырақ склероздык атрофиялық өзгерістермен ерекшеленеді. Бірақта осы фонда дерттің оршуі мүмкін, флегмона дамиды және құрт тәріздес өскін гангренасы болады.
ІШЕКТЕГІ ОБЫР;Ішектің обыры ащы ішекте сондай-ақ тоқ (жуан) ішекте болуы іүмкін, ерекше жиі кездесуі — тік және сигма тәріздес (S) ішекте кездеседі. Экзофитті өскен обырлық ісіктер гистологиялық жағынан әлбетте дифференцияланган (жетілген) болады, адено-карцинома құрылымы көрінеді. Эндофиттік өскен ісіктерде обыр тұлғалы кұрылымды немесе фиброзды (скирр) болады.
Метастаздану ішек обырында негізінен лимфогендік жолмен аймактық (региональды) лимфалык, түйіндерде, бірақ кейбірде гематогенді бауырда болады.
ДӘРІС; БАУЫР, ӨТ ҚАПШЫҒЫ ЖӘНЕ ҰЙҚЫ БЕЗІ ПАТОЛОГИЯСЫ Бауыр — негізгі ағзаның бірі, ағзада көптеген метаболдық (заталмасулық) процестерді қамтамасыз етеді. Бауыр өт кышкылдарын жасау арқылы асқорыту процесіне қатысады, майдың эмульгациясын, ыдырауын және сорылуын шакырады, осы аркылы дәрумендер сорылады, сонымен қатар липазаны активтендіреді. Бауыр асқазан-ішек тізбегінен және ағзаға сырттан тускен уытты заттардың детоксикациясын қамтамасыз етеді, қанжасалу процесіне және иммунологиялык бақылау жүйесінің реакциясына қатысады. Бауыр аурулары көптүрлі, дегенмен оларды бірлестіріп, этиологиясына және морфологиялық өзгерістердің сипатына карай бірнеше топқа белуге болады: гепатиттер, гепатоздар, цирроз және ісік.
ГЕПАТИТТЕР — бауырдың кабынулык аурулар тобы, олар гепатоциттердін дистрофиялық және некроздық өзгерістерімен және ағза арқауымен кабынулық инфильтрацияларымен сипатталады. Жүру ағымына карай жедел және созылмалы гепатиттер болады.
ЖЕДЕЛ ГЕПАТИТ; экссудативті және продуктивьті болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін, мысалы, тиреотоксизда, сірнелі экссудативті гепатит. Экссудат (жалкак) бауыр аркауына сіңеді және портальдық трактыны диффузды инфильтрациялайды. Және де іріңдік абсцесслаушы гепатит дамуы мүмкін (пилефлебиттік абсцесстер). Жедел продуктивтік гепатит қақпа венасы тізбегінде лимфогистиоцитарлық және нейтрофильдік инфильтрациямен, дистрофиямен, гепатоциттер некробиозымен және жұлдыз тәріздес эндотелиоциттер (Купфер жасушалары) про- лиферациясымен сипатталады. Жіті гепатиттер негізінен қолайлы аяқталады, бауыр тіні жақсы регенерация береді, бірақта кейбір вирусты гепатиттерде созылмалы түріне айналуы мүмкін.