Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары



бет10/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Арнайы емес ойық жаралы колит — бұл дерттің себебі толык шешілмеген. Онымен жиі жас әйелдер ауырады. Бұл аурудың пайда болуына басты рол аллергия деп санайды, ол ішек флорасына және ағзаның аутоиммунизациясын байланысты. Дерт жедел және созылмалы ағымда жүреді.
Жедел бейарнамалы ойық жаралы колит; Ток ішектің белгілі бір бөлігін немесе барлығын қамтитын жарақттанумен сипатталады. Ішек қабырғаларының қабынуы оларда бұлшықет қабатына дейін жеткен некроз ошактарының жасалуымен сонымен бірге көптеген ойықтар болуымен сипатталады, бұндай ойық жараларда сілемейлік қабықтар аралшық күйінде сақталады. Ойық жара бөліктерінде грануляциялық тін және жабынды эпителий артығымен өседі. Солай полип тәріздес өскіндер пайда болады.
Асқынулар: ойық жара тұсында ішек қабырғасының тесілуі сонымен бірге қан кету.
Созылмалы бейарнамалы ойық жаралы колит продуктивтік қабынулық реакциямен және ішек қабырғасының склероздық өзгерістерімен сипатталады. Ойық жара тыртықтануы жүреді, бірақта тыртық эпителиямен жабылмайды, ол тыртық айналасында өсіп псевдополиптер жасайды. Ішек қабырғалары калыңдап жуандайды, созылғыштығы жойылады, ішек іші тарылады. Крипт ішінде кейбірде абсцесс дамиды (крипт-абсцесстер). Тамырлар склероздалады, ол ішек тінінің гипоксиялық жайын қолдайды.
АППЕНДИЦИТ — соқыр ішектің құрт тәріздес өсіндісінің қабынуы. Бұл кең тараған ауру. Даму ағымы бойынша жедел немесе созылма¬лы болып бөлінеді.
Жедел аппендицит түрлері және кабыну фазалары: 1. қарапайым; 2. беткейлі; 3. деструктивті; 4. гангренозды.
Морфогенез . Ауру ұстамасы басталуынан бірнеше сатат ішінде қарапайым аппендицит дамиды, өскін қабырғасында қанайналым бүзылыстарымен сипатталады. Одан әрі сірнелі қабыну дамиды және сілемей қабықта бір жерінде деструкция пайда болады - бірінші аффект дейді, оны жедел беткейлік аппендицит деп аталады (клиникада катаральдык деп атайды). Өскін ісініп үлкейеді, көмескіленеді, сілемей қабық тамырларына қан толады. Тәулік соңында деструктивті аппендицит пайда болады, ол бірнеше сатыдан тұрады. Қабыну процесі іріңдік сипат алады, экссудат өскін қабырғасын толығымен диффузды инфильтрациялайды. Бұндай аппендицит флегмонозды деп аталады. Егер осы кезде сілемей кабықта жаралар пайда болса, флегмонозды — жаралы аппендицит деп айтылады. Кейбірде іріңдік қабыну өскен шажырқайына және аппендикулярлык артерия қабырғасына жайылса, ол тромбозга әкеледі. Бұл жағдайда гангренозды аппендицит дамиды. Өскін бүл жағдайда жуандайды, түсі лайлы-жасыл, іріңді фибринозды іл нармен жабылады, оның ішінде ірің болады.
Асқынулары жедел аппендицитте — құрт тәріздес өскіннің перфорациямен және перитониттің дамуы. Гангреноздық аппендицитте өскіннің өзінен өзі ампутациясы болуы мүмкін әрі қарай перитонит дамиды. Егер қабыну процесі өскін айналасындағы іш підерге жайылса онда кейбірде шажырқай тамырларының іріңдік тромбофлебиті қалыптасады, ол қақпа венасының бұтақтарына таралады — пилефлебит дамиды. Осындай жайларда веналар тараурыда тромбобактериалдық эмболия болуы мүмкін және бауырда пиелефлебитті абсцесс жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет