Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет12/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер жинағы (1)

Жеке жұмыс түрлері

Топтық жұмыс түрлері

Ұжымдық жұмыс
түрлері

- жеке қарамаққа алу

- жетекшілік

- меңгеруші, әдіскер, психологтың кеңестері

- өзіндік білім көтеру



- әр тәрбиеші үшін әдістемелік жұмыстардың жеке нұсқаларын жасау

- мәселелі кеңестер
- шығармашылық шағын топтар
- тақырыптық семинарлар
- психологиялық тренинг
- педагогикалық шеберлік мектебі
- әрекеттік-ұйымдастырушылық, рөлдік ойындар
- коллоквиумдар
- психологиялық-педагогикалық практикум
- жас тәрбиешілер мектебі
- нақты жағдаяттарды талдау
- өзара сабаққа қатысу
- әдістемелік отырыстар
- шығармашылық шеберханалары



-педкеңес
-әдістемелік кеңес
-психологиялық-педагогикалық семинарлар
-білім, әдістемелік тапқырлықтар, ойлар бәссаудасы
-педагогикалық және әдістемелік рингтер
-«Дөңгелек стол»
-«Бағытты қорғау сағаты»
-теориялық, әдістемелік және іс-жүзілік конференциялар
-әдістемелік тапқырлықтар байқауы
-әдістемелік ойлар фестивалі


Әдістемелік жұмысты басқару нәтижелі болуы үшін көптеген жағдайлар керек. Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасы, әдіскердің әдістемелік дайындық деңгейі, әдіскерлерге арналған біліктілік көтеру курстарының, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің, пікірталастардың жүйелі түрде ұйымдастырылып, жүргізілуі, әдіскерлерге арналған ғылыми-әдістемелік ңұсқаулардың болуы, әдіскерлердің ата-аналармен жұмыс жүргізу әдістері мен жолдарын шебер меңгеруі өте маңызды.
Немістің ғұлама педагогы А.Дистервег «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - дейді. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие мен білім берудің сапасының көтерілуі педагогтың даярлық деңгейіне байланысты болады. Бұл деңгейді білім жетілдіру курстары, семинар, конференция, өзіндік білімін жетілдіру жоспары арқылы үнемі өсіріп отыруы керек. Өзіндік білімді көтеру қоғам алдында моральдық жауапкершілігі жоғары педагогтар қауымы үшін ерекше қажет. Біреуді үйрету үшін, өзің одан да көп білуің керек. Өзіндік білімді көтеру педагогикалық қызметтегі қажетті шарттардың бірі. Тәрбиешілердің кәсіби дайындық деңгейін арттыруда өздігінен білім көтеру өте маңызды. Әдіскер әр педагогқа дербес білім алу жоспарын құруға бағыт бере отырып, педагогтың өздігінен білім көтеру жоспарының орындалуының нәтижесінде мақсатқа жетуін көздейді. Педагогтарды өздігінен білім көтеруге жауапкершілікпен қарауға үйрету үшін міндетті түрде жұмыс нәтижесін талап ету керек.
Педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерінің ішінде мына жұмыстарға зор мән беру керек. Олар:
- педагогтың портфолиосы;
- өзіндік дамуын бағалау сауалнамасы;
- өзіндік білім көтеру бағыты;
- жұмысты ұйымдастыру стилі;
- аттестация бойынша есеп;
Педагогтың кәсіби қызметін бағалау әдіскерге тәрбиешілер еңбегінің нәтижесін диагностикалауды үздіксіз жүзеге асыруға, шынайы нәтижеге сай ынталандыру жүйесін жетілдіруге, педагогтар біліктілігін арттыру үдерісін жоспарлауға мүмкіндік береді. Ал, педагог мұндай бағалаудан өз еңбегінің шынайы нәтижесін көреді, кемшін тұстарын толықтыруға ұмтылады, өзін-өзі құлшындырып отыруға ынталанады.
Педагогтың өзіндік білімін көтеруіне қажеттілікті тудыратын мотивтер: 
• Күнделікті ақпаратпен жұмыс; 
• Шығармашылық талпыныс; 
• Қазіргі заманғы ғылымның дамуы; 
• Қоғам өміріндегі өзгерістер
• Бәсекелестік; 
• Материалдық стимул;
• Қызығушылық
Педагогтың өзіндік білімін көтеруінің бағыттары:
• Әдебиеттер (әдістемелік, ғылыми, публиц, көркем); 
• Интернет; 
• Видео, аудио т.б; 
• Білім жетілдіру курстары; 
• Семинарлар мен конференциялар
Формалары: - жеке - топтық
Жүзеге асыру процестері:
- Жаңа педагогикалық технологияларды оқып- үйрену, енгізу; 
- Әріптестерінің сабағына қатысу және тәжірибе алмасу; 
- Кәсіби қызметіне өзіндік анализ жасап отыру
- Қазіргі педагогика және психология саласында өз білімін жетілдіріп отыру; 
- Қазіргі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға қызығушылық таныту; 
- Құқықтық және жалпы мәдениетін, өзінің эрудициялық деңгейін жетілдіру
Нәтижеге жету жолдары:
- Педагогтың өзінің білімін көтеруге, дамуға деген қажеттілігі;
- Өзінің тәжірибесіне өзіндік талдау жасау ерекшелігі ; 
- Рефлексия жасай алу шеберлігі ; 
- Зерттеушілік қабілеті
- Шығармашылыққа деген ұмтылысы;
- Жеке басы мен және кәсіби қызметінің өсуіне деген құлшынысы.
Өзіндік білім көтеруді ұйымдастыру:
- тақырыпты таңдау; 
- жеке өзіндік білімін көтеру жоспарын жасау;
- бақылау;
- талдау жасап отыру; 
- тәжірибесін тарату, есеп беру;
- марапаттау, ұсыныстар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет