Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет11/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Дәрістер жинағы (1)

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы: Рауан 1992.– 207б.

  2. Пичугина Н.О., Айдашева Г.А., Ассаулова С.В. Дошкольная педагогика. Ростов на Дону, Феникс, 2004

  3. Болотина Л.Р., Баранов С.П., Комарова Т.С. Дошкольная педагогика. Москва, Академический Проект 2005

  4. В.И.Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, Мектеп. 1999. 133-150 б.


11-дәрісбаян
Тақырыбы: Тәрбиеші қызметіндегі білім сапасы
Мақсаты:, болашақ маманның қарым- қатынас, таным және өздігінен білім алу, зерттеу, өзін- өзі тәрбиелеу белсенділігі, әдіскер біліктілігі,
педагогикалық рефлексия мәселелері туралы түсінік беру
Дәріс жоспары:

  1. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының біліктілігін көтеру

  2. Педагогтардың өзіндік білім көтеруі

Қазіргі замандағы тәрбиеші тек білімді ғылымнан тәжірибеге тасымалдап қана қоймай, білім берудің негізгі міндеттерін шешетін тұлға.Қазақтың алғашқы қайраткер әйелдері арасынан тұңғыш рет балаларды жұмыс кезінде қоғамдық орында тәрбиелеу үшін балабақшалар ашуға зор мән берген ағартушы - Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанова тәрбиешінің ұстаздық бейнесін, педагогикалық кәсіби мамандықтың негізі саналатын адамгершілік қасиетті жоғары бағалаған. Ол балабақша тәрбиешісіне жеке тұлға ретінде өте жоғары талап қоя білді.
«Тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді, сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс»-деп жазды.
Әр әдіскер жұмысты өзінше ұйымдастырады. Алайда, өз ісінде ұжымның қолдауына ие болған, өзінің теориялық ойларын және кәсіби деңгейін көтеріп отыратын басшы мақсатына тезірек жетеді. Кәсіби қасиеттердің ішінде әдіскердің педагогикалық ұжымның жұмысын ұйымдастыру, міндеттерді әр тәрбиешінің жеке қасиеттерін ескере отырып бөлу, талап қоя білу, қойылған мақсатқа жетуден ауытқымау басты талаптардың бірі болуға тиіс.
Тәрбие мен білім беру ұйымдарын басқаруды жүйелі түрде педагог кадрлармен жұмысты олардың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, шығармашылық дамуы мен бастамаларын ескере отырып ғылыми негізде құру қажет. Демек, мектепке дейінгі ұйым басшысы тәрбие мен білім беру мекемелерін басқару ғылымының негізгі теориялық және педагогикалық менеджмент мәселелерін білумен қатар, нәтижесінде жоғары жетістікке жеткізетін басқару әдістерін қолдану үшін педагогикалық ұжымның әр мүшесін жақсы білуі керек.
Қазіргі заманғы ғылымда әдiстемелiк жұмысты басқарудың ұтымды жолы ретінде педагогикалық диагностиканы пайдалануды ұсынады. Мектепке дейінгі ұйым әдіскері педагогикалық диагностика арқылы ұжым жұмысы мен әр педагогтың дәрежесін, ұйымда жүргізілетін дәстүрлі және инновациялық жұмыстардың қабысуын, педагогикалық ұжымның ғылыми-тәжірибелік, зерттеушілік, ізденушілік іс-әрекеттерге қызығушылықтарын анықтап, қажеттілігіне қарай әдiстемелiк жұмысты басқару үдерісіне ғылыми-диагностикалық негізде өзгерістер мен түзетулер енгізе алады.
Әдістемелік жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттырудың оңтайлы жолдарының бірі педагогтардың біліктілігін көтеру боп саналады.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесінде тәрбиешілердің біліктілігін көтерудің төмендегідей әдістемелік түрлері пайдаланылады:

Тәрбиешілердің біліктілігін көтерудің әдістемелік түрлері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет