4.Балабақшада оқыту және тәрбиелеу Программасы. А.М.1992.
5. История дошколъной педагогики в России / Под редак. С.Ф.Егорова. Хрестоматия. Москва, Академа, 1999
6.Козлова С.А. Куликова Т.А. Дошколъная педагогика – М.: Академия, 2002.
10-дәрісбаян Тақырыбы: Педагог шеберлігіне жаңа заман талабына сай қойылатын міндеттер мен мақсаттар. Мақсаты: Студенттерді заман талабына сай тәрбиеші болуына ықпал жасай отырып, тәрбиелеу Дәріс жоспары: Педагогтың жеке басының ерекшелігі мен сипаты
Педагогикалық шеберлікті құрайтын элементтер
Тәрбиеші мамандығы психикаға түсетін күш жағынан ғалымдардың, жазушылардың, артистердің, ұшқыштардың мамандығымен бірдей. Сондықтан, педагогтың мамандық көрсеткіші, оның жұмысында маңызды орын алады. Ол тәрбиешіге оқу-тәрбие жұмысын дұрыс және мазмұнды жоспарлауға, оқушылар бойында қоғам талабына сай қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша тәрбиешінің мамандық көрсеткішін 4 топқа бөлуге болады:
Педагогтың жеке басының ерекшелігі мен сипаты:
жан-жақты бағыттың болуы. Педагогтың қоғамдық саясаттың жаршысы екенін нақты түсінуі;
танымдық бағыт. Педагогтың өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды қажетсінуі.
қандай да бір әрекетке балалардың барлығын жұмылдыра білу.
Басымдылық сапалар:
әлеуметтік белсенділік – кәсіби-педагогикалық қызмет саласындағы қоғамдық мәселелерді шешуге белсенді ықпал жасауға дайындық және қабілеттілік;
мақсаттылық – жеке қабілеттері мен сапаларын педагогикалық міндеттерді шешуге бағыттау және пайдалану іскерлігі;
байсалдылық – кез келген педагогикалық жағдайда өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетін басқара білу;
оқушылармен бірігіп жұмыс жасауға ынтасы – оқу-тәрбие үрдісі барысындағы оқушылармен қарым-қатынастан рухану қанағаттану;
сүйкімділік – тартымдылықтың, мәнерлілік пен мәдениеттіліктің жоғары деңгейі;
адалдық – қарым-қатынастағы шынпейілділік, іс-әрекет пен қарым-қатынастағы шынайылық;
әділеттілік –алалықсыз, бейтарап әрекет ету қабілеттігі;
ізгіліктік – обалаларды өзіндік ерекшеліктері бар жеке тұлға ретінде қабылдау, оларға педагогикалық көмек көрсетуге ұмтылу;
педагогикалық ізеттілік – балалармен қарым-қатынас жасауда әдептілік нормаларын сақтау, олардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере білу;
толеранттық – балалармен жұмыс жасауды төзімділік пен байсалдылық таныту;
педагогикалық сенімділік – оқушыға, оның мүмкіндіктеріне сенімділікпен қарау.
Педагогикалық шеберлікті құрайтын элементтер аз емес. Ол, ең алдымен, оқу процесін барлық, тіпті жағымсыз жағдайлардың өзінде қажетті деңгейдегі тәрбиелік даму және білімге қол жеткізуге болатындай етіп ұйымдастыру білігінен көрінеді.
Тәрбиешінің шеберлігі, әсіресе сабақтарда үйрете білуден байқалады.
Шеберліктің тағы бір маңызды көрсеткіші –ол, балалардың белсенділігін арттыра алуы, олардың қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеуін, білуге құмарлығын дамытуы, балаларды сабақта ойлануға мәжбүр ете білуі.
Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезіміне,еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтық шеберліктің тағы бір элементін құрайды.
Осылайша, мектеп тәрбиешіі қазіргі қоғам талаптарын ескере отырып, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқытушы тұлғасының дамуына ьағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.