Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері


Тақырыбы: Мектепке дейінгі оқу- тәрбие жұмысын жоспарлау



бет15/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер жинағы (1)

Тақырыбы: Мектепке дейінгі оқу- тәрбие жұмысын жоспарлау
Мақсаты: Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және ойынның маңызына түсінік беру
Дәріс жоспары:

  1. Мектепке дейінгі оқу-тәрбие, ойын, еңбек әрекетіне басшылық

  2. Оқу іс-әрекетінде ойын түрлерін қолдану

Кез келген педагогтың басты мақсат-міндеті – балаларға жақсы тәлім-тәрбие, сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да, адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал, бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын дегеніміз — халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойынды бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі — ойын әрекеті.


Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу — бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын — балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап — ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзі де сөйлесіп жүреді. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Оқу іс-әрекетінде ойын түрлерін пайдалану
Ойын түрлері баланың ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.
Ойындар — тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін .Сюжетті — рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың білімін топсеруен арқылы қалыптастыру қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастырылуға тиісті жұмыстардың бірі. Мектепке дейінгі кезеңде білім - қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізі - айналадағы қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын бақылату. Қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамашаларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілеттерін жетілдіру басты рөл атқарады. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат, қоршаған орта жайында білімдерін, сана сезімдерін дамытуда топсеруенінің алатын орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балаларды топсеруенге шығару табиғаттың маңыздылығын жас ерекшеліктеріне қарай сатылай түсіндіру, баланың ойлау қабілетін, сөзік қорын, тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біз күнделікті іс – әрекетімізде баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, аялай білуге, қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы орайда бізге артылар жүктің ауыр екені сөзсіз.
Бақылау немесе тексеру ненің жасалып, ненің жасалынбай қалғанын білу ғана емес, педкеңесте және тәрбиешінің жұмыс әдістерін зерттей отырып, оның педагогикалық шеберлігін жетілдіре түсуіне жәрдемдеседі. Педагог-тәрбиеші жұмысына әділ баға беріледі, оған өзінің осал және күшті жағын көруіне, өз жұмысына сын көзімен талдау жасауына көмектеседі.
Бақылау тәрбие-білім беру жұмысын жетілдіру құралына айналуы үшін ол үздіксіз, жүйелі түрде жүзеге асырылып отырылуы және барлық педагогикалық қызметін қамтуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет