Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет16/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
14-дәрісбаян
Тақырыбы: Педагогтардың әрекетін талдау және диагностикалау
Мақсаты: Педагогтің өзін-өзі бағалау жолдарымен таныстыру. Педагог әрекетін диагностикалау
Дәріс жоспары:

  1. Диагностика ұғымы

  2. Педагог әрекетін диагностикалау

Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге және анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім. Диагностика – бұл обьектің жағдайын көрсететін белгілерді меңгеру, оның ауытқушылықтары мен қателіктерді түзеу немесе алдын алу жұмыстарын атқару.
Сарапшы - арнайы ғылыми ілімдерді меңгерген және тергеу, сот, төрелік сот және т.б. органдарда сараптама өткізу үшін тартылған, істің ақырының немен бітеріне мүдделі емес түлға.
Сараптама - ғылым, техника, өнер,т.б. салаларда арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Көбіне экономикалық, бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі.
Тәрбиешілердің педагогикалық қызмет жүйесін диагностикалау
Тәрбиешінің педагогикалық іс-тәжірибесін зерттеу төмендегі бағыттарды қамтиды:

  1. Тәрбиешінің баламен қарым-қатынасы.

  2. Таным заңдылықтарын терең түсінуі.

  3. Психо-педагогикалық біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруы.

  4. Өзінің педагогикалық қабілеттерін дамытуы.

  5. Педагогикалық техникасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы.

  6. Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мен білім берудің жаңа технологияларынан хабардар болуы.

  7. Оқу - тәрбие салалары бойынша жылдық және тақырыптық жоспарлар жасай білуі.

.
Тәрбиеші жұмысын талдау.
1 Тәрбиешінің кәсіби білімі (эрудициясы мен интеллект деңгейі, өз бетінше іздену барысы, ғылыми жұмыспен айналысуы, әдістемелік жұмыстарға қатысуы жақсы болуы, бағдарлама меңгеруі, жоспарлау барысы).
2. Тәрбиешінің оқыту шеберлігі. Сөйлеу мәнері мен әдебі, көрнекілікпен тек құрал пайдалануы, тиімді оқыту әдіс – тәсілін меңгеруі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру дәрежесі. балалардың белсенділігі мен дербестігі, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиешінің әдістемелік біліктілігі (шығармашылық есеп беруі, зертханалық тәжірибесі, байқаулар мен педоқуға қатысуы).
4. Балалардың білім сапасы
5. Тәрбиешінің қоғамдың белсенділігі
6. Тәрбиешінің кәсіби біліктілігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет