Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет60/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94
Белгілері аурудың даму кезеңдерінде, басты аурулардың өту жайы мен барысына байланысты болады. Дененің қызуы, дағдылы түрде көтеріледі. Мал самарқауланады. Азыққа тәбеті төмендейді немесе тартпайды. Малдың өнімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді.
Жіті миокардиттің дамуының бірінші кезеңінде жүрек соғуы жиілейді, қосымша жиырылу пайда болып, тамыр толқыны үлкейеді, жүрек тұсын тексергенде ауырсынады, жүректің түрткісі күшейіп, кейде қатты қағып кетеді, жүрек дыбыстары, әсіресе, бірінші үні күшейеді. Артерияда қысым көтеріліп қан айналысы тездетіледі.
Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қоректенуі бұзылып – азғындауына байланысты, ылғи да жүрек қызметінің жеткіліксіз жұмыс істейтінін көрсететін негізгі белгілері: ентігу, көгеру, ісіну және жүрек жиырылу ырғағының бұзылғандығы болып табылады. Тамыр соғуы бәсеңдеп, оның толуы азаяды. Жүрек түрткісі әлсірейді. Жүрек дыбыстарының бірінші үні күшейеді, кейде екіге бөлінеді немесе жарықшақтанады. Миокардиттің дамуының екінші кезеңінде, көбінесе, жүректің ішкі, астар қабына қатысы бар ағзалардың қызметтері нашарлағанынан – қарыншалардың кеңеюінен, құлақшалар мен қарыншалардың аралықтарындағы қақпақшалардың кемістігінен және қарыншалардың қолқаға не өкпе артериясына шығатын тесіктерінің бұлшық еттерінің серпіліс күші әлсіреп, кеңейіп кетуінен шығатын ішкі қабыттық (эндокардиалды) шуылдар пайда болады. Еске сақтайтын бір жайт, миокардпен ауырғанда әр түрлі дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелердің — өкпе мен бауырдың, бүйректердің, ас қорыту жүйесінің қызметтері бұзылады. Олар ентігу, көгеру, тері мен кілегей қабының сарғаюы, несептің аз шығуы, ісіну, ас қорыту  процесінің   бұзылуы  белгілерімен көзге түседі. Барлық жағдайда да жүйке жүйесінің қызметі өзгереді.
Барысы. Жіті миокардиттің барысы көп жағдайда негізгі аурудың өтуіне не ұзақтығына байланысты, бірнеше күнге немесе жетіге созылады. Ауыр өткен жағдайда жіті миокардит не жүректі салдандырып өліммен бітеді, не миокардиофиброзға (миокардиосклерозға) айналып, малдың өнімділігін және жұмысқа қабілеттілігін толық жояды.
Анықтау. Аурудың өту кезеңдерінің тән белгілеріне негізделінеді. Ауруды анықтауда электрокардиографияның (жүректің биотогын жазу) маңызы өте зор, өйткені ол әдіс арқылы аурудың өту кезеңдері туралы толық, анық мәліметтер алып, болжамы туралы да дұрыс пікір айтуға болады.
Миокардитті анықтау үшін оның атқаратын қызметін сынайтын (функциональная проба) әдіс қолданылады: малды шамалы желілейде де, жүрек соғысын мұқият тексереді. Миокардитпен ауырса, желіленгеннен кейін де, жүрек етінің рецепторлар аппаратының (сезімтал нервтердің қабылдаушылық қасиеті) қатты қозғыштығының дәлелі ретінде, жүрек соғысының жылдамдығы 2-5 минутке созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет