Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет68/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94

подагра


Подагра (грек. podagra — аяқ үшін қақпан) — организмде  зат   алмасу   процесінің   бұзылуынан  қанда несеп қышқылының артуы мен оның тұздарының буындарда, дене мүшелерінің басқа тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру. Подаграның дамуына жиналған урат (несеп қышқылының тұздары) түйіршіктерін организмнен шығаратын әр түрлі фермент қызметінің бұзылуы, сондай-ақ ет және майлы тағамдарды, бұршақты көп пайдалану, ішімдікті мөлшерден көп ішу, аз қозғалу себепші болады. Подаграның тұқым қуалайтын түрлері де бар. Подаграмен әдетте 40 жастан асқан ер адамдар жиі ауырады. Аурудың белгісі бір немесе бірнеше буындардың қабынуынан (артрит) аяқ астынан, негізінен түнде басталады. Ең алдымен аяқтың бармағы (әдетте бас бармағы) зақымданады. Зақымданған буын ісініп, терісі қызарады, дене қызуы 38 — 40oС-қа көтеріліп, қалтырайды. Дерттің қозуы бірнеше күнге созылады. Ұстаманың қайталауы жиілей берсе, ауру созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде тері астына жиналған урат түйіршіктері түйін-түйін болып, негізінен шынтақ және тізе буындарынан бұлтиып білінеді. Урат түйіршіктерінің бүйрек тіндерінде жиналуы да жиі байқалады. Бұл өте қауіпті, себебі, несеп шығару жолдарында тас жиналу процесі жылдамдайды. Емі: ауырғанды басатын дәрі-дәрмек қабылдау, сұйық тағам және минералды су ішіп, курортта арнайы ем қабылдау. Сондай-ақ дәрігердің нұсқауымен физиотераПодагра ем, массаж жасалады.



Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдарынан туындайтын аурулар


Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады 1) гиперфункция — без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гормонды көп бөледі; 2) гипофункция — без қызметінің әлсіреуі, мұндай жағдайда без гормонды аз, жеткіліксіз мөлшерде бөледі. Организм үшін бездің гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады.
Қалқанша без қызметі күшейсе организм базед ауруына шалдығады бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады (бадырақ көз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әлсіресе ересек организмде шырышты ісік — микседема дерті байқалады тері кебірсіп, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады,  зат   алмасу  қарқыны төмендеп, психика өзгереді. Без қызметі жас шақтан жетіспесе өсу  процесі  нашарлап, ақыл-ойдың дамуы тежеледі, нақұрыс — кретинизм ауруы байқалады. Ауыз су мен топырақта йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де, организм зоб ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейгенімен, гормон жеткіліксіз мөлшерде бөлінеді,  зат   алмасу   процесінің  қарқыны төмендейді.
Қалқанша серік безінің қызметі нашарласа тетания — құрысу байқалады, дененің бұлшық еттері тартылып, қарысып, қанда кальций мөлшері күрт төмендейді, тіс бұзылады, салмақ кемиді. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің қызметі нашарласа аддисон ауруы туындайды тері қошқылданып, тәбет жойылады, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, организм ариды. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі нашарласа сусамыр — диабет ауруы байқалады, көмірсулар мен майлардың  алмасуы  бұзылады, қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді.
Гипофиздің алдыңғы бөлімінің қызметі күшейсе организмнің өсу қарқыны үдеп, алыптық (гигантизм), ал әлсіресе — ергежейлік байқалады. Гипофиз қызметінің  бұзылуы  салдарынан организм акромегамия (дененің жеке бөліктерінің өсуіндегі үйлестіктің  бұзылуы ), май басу сияқты дерттерге де шалдығады.















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет