Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Барысы миокардтың ұзақ өтуіне, әсер еткен себептердің күштілігіне және аурудың түрі мен даму кезеңдеріне байланысты болады. Анықтау



бет63/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94
Барысы миокардтың ұзақ өтуіне, әсер еткен себептердің күштілігіне және аурудың түрі мен даму кезеңдеріне байланысты болады.
Анықтау миокардоздың әр түрлі клиникалық түрде өту барысында анықталған өзіндік белгілеріне, электрокардиография (жүректің биотогын жазу), фонокардиография (дыбыстарын жазу), қан қысымын өлшеу және қан ағысының жылдамдығын табу үшін қолданылған әдістердің нақты нәтижелеріне негізделінеді.
Саралау. Миокардит пен миокардиофиброзды (миокардиосклероз) айыра білу қажет. Миокардозды миокардиттің екінші даму кезеңінен ажырату өте қиынға түседі. Миокардозбен ауырғанда, миокардиттен айырмашылығы, ауру малдардың жалпы күйі көп өзгермейді. Дене қызуы қалыптағыдан өзгермейді, жүрек тұсын тексергенде ауырсынбайды, жүрек соғуының жиілігі жоғарғы физиологиялық көрсеткіштер шегінде, не миокардитте анықталынатын қатты жиілікпен салыстырғанда көп төмендеу болады. Миокардитке жүректің қозғыштық қызметінің өзгеруіне байланысты (қосымша жиырылу, біркелкі емес ырғақсыздық) ырғақсыздық тән болса, миокардозға – импульс өткізгіш жүйесінің  бұзылуынан  (құлақшалар мен қарыншалардың арасындағы өткізгіштер бөгелістері, Гис тармағының аяқтарында болатын бөгелістер) пайда болатын ырғақсыздық тән болады. Миокардитте қан іркілісінен болатын ісінулер тез арада дамиды, ауыр өткен жағдайда белгілері бәсеңдеу және ауытқымалы түрде өтеді.
Болжамы шүбәлі, себебі ол аурудың клиникалық түріне байланысты болады.
Емі – ең алдымен, ауруды тудырған себептерді жоюға бағытталады. Малдарды тынықтырып, жеңіл жұмысқа ауыстырады. Азық рационын мөлшері және қатынастары жақтарынан, витаминдер мен минералдық  заттардың  үйлесімділіктерін теңестіріп, толық құнды етіп беру керек. Рационға жеңіл қорытылатын углеводты азықтарды жеткілікті етіп қосады. Емдеуде жүйелі түрде серуендетудің маңызы зор.
Дәрі-дәрмектерден қолданылатыны – глюкоза, кофеин, аскорбин қышқылы, камфора майы, кордамин, коразол (бұларды қолдану миокардитті емдеуде келтірілген).
Артериядағы қысым күрт төмендегенде, адреналинді қолданады. Оқтын-оқтын наперстянка, інжугүл (ландыш), жалынгүл (горицвет), строфант, желтушник (эримизин, эризимозид) препараттарын қолданады. Тері астына гитален енгізеді (ірі қаралар мен жылқыларға – 1-5 мл, иттерге – 0,2-0,5 мл). Оны аузына құю арқылы да береді – ірі қара мен жылқыларға – 5-15 мл, иттер мен түлкілерге – 0,5-1 мл. Аузы арқылы лантозид береді (ірі малдарға – 2-5 мл, ұсақтарына 0,1-0,5 мл). Бұл препараттардың басқа да аты бар (целанид, изоланид). Ландыш тұнбасын (настойка) аузына құю арқылы береді – ірі қара мен жылқыларға – 10-25 мл, қой мен ешкілерге – 5-10 мл, шошқаларға 2-5 мл, иттер мен түлкілерге 0,5-1 мл. Қан айналымының кемістіктері білінген жағдайда қан тамырына, ландыш препараттарынан, иньекцияға арнайы дайындалған шыны ыдыстағы (ампула) 0,06% коргликон ерітіндісінен құяды, мөлшері: ірі қаралар мен жылқыларға – 3-10 мл, иттерге 0,1-1 мл, оны 10-20% глюкоза ерітіндісімен араластарып (1:20 қатынасында) баяу енгізеді.
Жалынгүл препараты – адонозид: аузы арқылы ірі қара мен жылқыларға 20-40 мл, ұсақ малға 1-10 мл, шошқаларға 0,5-8 мл, иттерге 0,5-4 мл; тері астына (ет арасына) ірі қара малдарға – 1-5 мл, жылқыларға – 1-10 мл, ұсақ малдарға – 1-3 мл, шошқаларға – 0,2-2 мл, иттерге 0,05-1 мл. Горицветтің басқа препараты – кардиозидті аузы арқылы сол адонизидтің мөлшерінде береді.
Строфант тұнбасын қан тамырына 10% глюкоза ерітіндісіне араластырып (1:20 қатынасында) баяу құяды, мөлшері: ірі қаралар мен жылқыларға 0,3-2 мл, иттерге 0,01-0,1 мл. Оны аузы арқылы да беруге болады. Ірі қаралар мен жылқыларға 10-30 мл, ұсақ малдарға 3-8 мл, шошқаларға – 2-5 мл, иттерге 0,2-1 мл. Строфантинді қан тамырына – 10-40% глюкоза немесе натрий хлоридтің 0,85% (изотоникалық) ерітінділерімен араластырып (1:10-20 қатынастарында) құяды, мөлшері: ірі қара мен жылқыларға 0,005-0,015 мл, немесе 10-15 мл 0,05% ерітіндісін, иттерге 0,0002-0,0005 г немесе 0,4-1 мл 0,05 ерітіндісін. Строфантиннің орнына қан тамырына арнайы иньекцияға дайындалған, ампуладағы желтушниктің препараты эрзиминнің 0,033% ерітіндісін 10-20% глюкоза немесе тұрақталынған (0,85%) натрий хлоридінің ерітіндісіне (1:10-20 қатынасында) баяу құяды, мөлшері: ірі қара мен жылқыларға 10-20 мл, иттерге 0,3-1 мл. Жүрек етінің құрылымы бұзылғандай белгілер білінсе, строфантин мен эрзиминді қолданбайды.
Миокардозда,  зат   алмасу   процестерін  жақсартатын (аноболические средства), жүрек етіндегі биохимиялық, биоэнергетикалық алмасуларды қалпына келтіретін дәрі-дәрмектерді қолдану нәтижелі көмек көрсетеді. Ол дәрі-дәрмектерге тиамин, рибофлавин, мирилоксин басқа да В тобының витаминдері, кокарбоксилаза мен кальций тұздары жатады.
Басқа да ағзалардың қызметтері бұзылғанда, аурулардың белгілерін жоюға бағытталған (симптоматическое) тиісті ем қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет