Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет65/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Ауруды саралау. Ауруды саралауда миокардоз бен миокардитті шатастырмауды ескеру керек.
Болжамы. Көбінесе шүбәлі, ал ауыр өткен жағдайда тиімсіз.
Емі. Ең алдымен малға сапалы азық беріп, күтімін жақсартып, жүйелі түрде серуен ұйымдастырады. Одан басқа наперстянка, строфант (ауыр өткен жағдайларда қолданбаған жөн), глюкоза, эризимин, камфора майын, кордиамин, коразол, несепті тездететін препараттарын қолданып, аяқтарын уқалайды (массаж). Басқа ағзалардың қызметтері бұзылғанда, белгілерін жоюға арналған тиісті ем қолданады.
Сақтандыру шаралары. Малдарды сапалы азықтандыруды, жүйелі серуендетуді, пайдалану ережелерін дұрыс орындауды жақсылап ұйымдастыруды талап етеді, миокардит пен миокардоздың дамуына жол бермейді.
Жүректің кеңеюі (Dilatatio cordis – расширение сердца) – жүрек қуысының кеңеюімен бірге оның қабырғасының қалыңдап, өзінің түрінің өзгеруімен сипатталатын ауру. Ауру жедел және созылмалы түрде өтуі мүмкін.
Себептері. Жүректің кеңеюі көбінесе миокардиттің, миокардоздың, миокардиофиброздың (миокардиосклероздың) асқынғандығынан пайда болады. Ол басқа да аурулардың, мысалы альвеоланы ауа кернеуінің (эмфизема), бүйрек шумағының қабынуының (нефрит) асқынғандықтарынан да пайда болады. Еске сақтайтын жайт, сау малдың жүректерінің ұлғаюы өте сирек кездеседі. Ондай жағдайлар, мысалы, жылқылар мен иттердің денелеріне қатты салмақ түсуіне, қатты қажығандықтан және жүрек еттерінің күш-қуатының (тонус) төмендеуінен болады. Мұндай ұлғаю, ылғи да тоногендік (күш-қуаты әлсірегендіктен) ұлғаю деп саналады, себебі диастола (жиырылудың болған сәті) кезіндегі бұлшық еттің тармақтары созылғанда, олардың салмақтары ұлғаймайды. Тиісті демалыс беріп, ем қолданғанда, жүректің тоногендік ұлғаюы жас малдарда көбінесе қайтадан қалыптасып кетеді.
Дамуы. Жүректің кеңеюі, қай уақытта болмасын организмдегі қан айналымын бұзып, жүрек қан тамыр қызметтерінің кемістігіне әкеліп соғады. Жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен жиырылу қан көлемі кесіп, айналымдағы қан мөлшерін азайтады да артериядағы қысым төмендейді. Жүрек қантамыр кемістіктері жүректің жұмысын талықсытып (коллапс) салдандыруы мүмкін. Жүрек кеңейгенде ағзалар мен тіндерде веноздық қан іркіліп, тері астында, сірі қуыстарда, өкпеде т.б. ағзаларда ісік пайда болады. Веноздық іркілістен мида қан кернеледі (енжарлық кернеу), соның әсерінен мал есеңгіреп (оглум) қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет