Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Болжамы. Шүбәлі, көбінесе қолайсыз, мал аяқ асты, жүректің параличінен не өкпелердің ісінуінен тұншығып өліп қалуы мүмкін. Емі



бет67/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Болжамы. Шүбәлі, көбінесе қолайсыз, мал аяқ асты, жүректің параличінен не өкпелердің ісінуінен тұншығып өліп қалуы мүмкін.
Емі. Жүректері кеңейген малдарды емдеу үшін ең алдымен малдарға барынша тыныштық жағдай жасап, жеңіл қорытылатын азықтармен азықтандырып жақсы күтім жасау керек. Аурудың күй-жайы нашарласа оттегілі ингаляция жасайды, қан тамырына адреналин құяды (миокардитті емдеуді қараңыз), қанын ағызады (ірі қара малдарда 2-4 л.). Жүрек тұсына суықтық басады. Қан тамырына 30-40% глюкоза ерітіндісін, кофеинді, 5% натрий хлоридін (ірі малдарға 300-400 мл) құю жақсы нәтижелер береді. Жүректің кеңеюі созылмалы түрде өткен жағдайда бар көңілді негізгі ауруларды емдеуге бағыттайды.
Сақтандыру шаралары. Негізгі ауруларды жою бағытындағы шараларды дер кезінде қолдану керек, азықтандыру, күтімге алу, пайдалану ережелерін орындау қажет.
Жүректің ішкі қабының аурулары
Жүректің ішкі қабының қабынуы (Endocarditis — эндокардит). Өтуі боййынша жіті (endocarditis acuta) және созылмалы (endocarditis chronica), орналасуы бойынша – қақпақшалардағы және қабырғалардағы, аурудың сипаты бойынша – сүйелді (endocarditis verrucosa) және жаралы (endocarditis ulceroan) түрлерге бөлінеді.
Себептері. Эндокардия – ылғида, індетті-уланудан болатын қосалқы ауру. Жүректің ішкі қабының қабынуы оның етінің қабынуынан да (миокардите) тікелей ауысуы мүмкін.
Дамуы. Эндокардиттің дамуында қабыну мен қатар шіру (некроз) және  бұзылу   процестері  де жүріп жатады. Ауруға, көбінесе жүректің қақпақшалары шалдығады. Және қабыну, ылғида қан ағысына қарсы қараған беттерінен басталады. Микроорганизмдердің қозғыштық қабілеттеріне байланысты сүйелді не жаралы эндокардит түрлерінде дамулары мүмкін. Сүйелді эндокардитте, ауру бет қабатының қабынуы түрінде өтіп, бет қабатын өзгертіп, азғындатып, шірітуге дейін апарады. Сонымен қақпақшалардың бетінде фибрин, тромбоциттер, лейкоциттер жиылып қабаттанады, сонан соң жиылған  заттар  бірігіп, дөңгеленіп, түрлері сүйелге ұқсап өседі де көбінесе қақпақшалардың бір-біріне өсіп бітісіп кетуі мүмкін. Осының барлығы қақпақшалардың формаларын өзгертіп, қызметтерін бұзады, соның нәтижесінде қан айналысы да қатты бұзылады. Ауру көбінесе жүрек ақауларына әкеліп соғады. Осы сияқты ауытқу  процестері  қабырғада орналасқан эндокардитте де кездеседі.
Эндокардитте, әсіресе, жаралы эндокардитте, зардап қан немесе лимфа жүйелері арқылы басқа ағзаларға жеткізілсе (метастаз), онда сол ағзалар да дерттенеді. Көп жағдайларда эндокардтың қабынуы миокардқа, перикардқа тікелей ауысып, ауыр өтетін перикардке жүректің барлық қабаттарының қабынуына әкеліп соғады.
Жіті қабынудың белгілері басылыңқырап, қоздырушы микроорганизмдер мен уыттар эндокардқа ұзақ уақыт бәсеңқарқынмен әсер еткенде эндокардиттің жіті түрі оның созылмалы түріне өтеді де эндокардтың дерттелінген жерлерінде дәнекер ұлпалар қоюланып өседі. Эндокардтың қақпақшалары дерттелінген жағдайда олардың құрылысында күрделі (органический) өзгерістер пайда болып, жүрек ақауларына әкеліп соқтырады. Фиброздық ұлпаның өсуі қақпақшаларды тыржитып, қалыңдатып түрлерін өзгертеді, кейде жиектері тұтастанып өсіп кетеді. Қақпақшалардың осындай өзгерістерге ұшырауы, бір жағдайларда, олардың өздерінде кемістіктердің пай да болуына (олар тесіктерді толық жаппайды), ал басқа жағдайларда – жүректегі тесіктерді тарылтуға әкеліп соқтырады. Осындай жағдайда, қан таралған тесіктер арқылы өткенде қысымдық шуылдар (стенотический) шығарады. Түрлі қақпақшалар мен тесіктердің зақымдануына байланысты жүректің жиырылуынан (систолический) немесе босаңдауынан (диастолический) пайда болатын ішкі қабаттық шуылдар (эндокардиальный) естіледі.
Қорытынды
Қорыта келгенде, жүрек қан тамырлары ауруы ауыл шаруашылық экономикасына көптеген зиян келтіретіні белгілі. Соның үшін жүрек қан тамырлары ауруларын болдырмау шараларын жақсы меңгеру керек. Осы аурулармен ауырған жануарларды жылдам және нәтижелі емдеу керек. Менің өзімнің ойыммен айтқанда жүрек қан тамырлары аурулары жұқпалы емес болғандықтан, көбірек сақтандыру шараларына көңіл бөлу керек. Сақтандыру шараларын нәтижелі жүргізетін болсақ, бұл ауруды болдырмауға болады. Бұл қан тамыр аурулары көбірек азықтандырудан, уланудан, жарақаттардан және суық тигеннен келіп шығатындығы белгілі. Сол үшін осы шараларды ветеринарлық-санитарлық және ветеринарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес орындайтын болсақ жүрек қан тамырлары ауруларын ауыл шаруашылығында болдырмауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет