Дәріс кондитер өнімдері


Май глазурімен глазурленген кәмпиттер



бет6/12
Дата31.03.2023
өлшемі53,49 Kb.
#77834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс 7

Май глазурімен глазурленген кәмпиттер. Дәмі мен тағамдық құндылығы бойнша шоколадпен глазурьленген кәмпиттерден төмен. Май глазурі құндылығы төменірек шикізаттан жасалады: кондитерлік немесе басқа гидромай, какао ұнтағы, соя ұны, какавела. Оларды тек помадкалы корпуспен ғана өндіреді (Осеннее, Спортивные, Лимонные және т.б.)
Глазурленбеген кәмпиттер бір немесе бірнеше кәмпит массасынан тұрады. Корпус түрі бойынша келесі түрлері болады: пралине типті –батондар (Рот-Фронт, Мурзилка); помадкалы кәмпиттер (Школьная, Сливочная тянучка, Коровка, Киевская помадка және т.б.); қатпарлы кәмпиттер (Золотая осень, Спорт, Арктика және т.б.).
Салмалы шоколадты кәмпиттер (Ассорти типті) - әртүрлі формалы, бетінде әртүрлі суреті бар шоколад немесе сүтті-шоколад массасынан және салмадан жасалған өнімдер. Шоколад жинағын шоколадты, помадалы және шоколадты-помадалы деп ажыратады.
Кәмпиттерді 18оС дейін температурада 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: оралған шоколад глазурлі кәмпит – 4 ай, оралмағаны – 3 ай; глазурленбеген және май глазурімен глазурленген – 2 айға дейін; Ассорти шоколад кәмпиттері – 2 айға дейін, ликер салмалы – 25 күн; помадкалар – 3-5 күн.
Ирис - құмшекерден, сүттен, майдан және сірнеден дайындалған қоңыр түсті конфет түрі. Құрамында жоғары калориялы заттар көп болғандықтан оның құнарлылығы өте жоғары. Ирис дайындау үшін алдымен рецептуралық қоспа жасалынады. Ол үшін алдымен қант шырынын дайындап, оған сүт құйылады да қоспаны 3,0- 3,5 сағат қайнатады. Қоспа суалған кезде үстіне 60-650С тазаланған сірне және қорытылған сары май салынады. Осы қоспа қоюлатылып қайнатылады да ары қарай суытылып пішінделінеді.
Құрылымы мен консистенциясына қарай иристің үш түрі өндіріледі: қатты немесе карамель тәрізді, ол аморфты құрылымға ие (Особый); жартылай қатты, ол да аморфты құрылымға ие, тек аз уақыт қайнатылған (Золотой ключик, Забава, Кис-кис,т.б); тиражды, оны ирис массасын араластыру арқылы алады, нәтижесінде қанттың бір бөлігі кристал түрінде бөлінеді (Прима, Школьный, Сливочный, Кофейный). Тиражды иристің үш түрі болады: жартылай қатты, жұмсақ және созылмалы (желатин массасы қосылған).
Ирис өндіру кезінде сүттің орнына азотты заттарға бай басқа шикізаттар қолданылу мүмкін, мысалы соя, жаңғақтар және майлы дәндер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет