Албырттың обасы. Ауру балық терiсi мен қанаттарының аралығы өлiеттенедi. Аурудың қоздырушысы Salmonis pestis жұмыр келген келте таяқша, қозғалады, Грамм бойынша боялмайды. Балықтың терiсi зақымданып, етi жалаңаштанады, түйнеме жара пайда болады.
Албырттың обасы.Ауру балық терiсi мен қанаттарының аралығы өлiеттенедi. Аурудың қоздырушысы Salmonis pestis жұмыр келген келте таяқша, қозғалады, Грамм бойынша боялмайды. Балықтың терiсi зақымданып, етi жалаңаштанады, түйнеме жара пайда болады.
Санитариялық бағалау. Аздап зақымданған балықты тағам ретінде пайдалануға болады, ал қатты зақымданғандарын балық ұнын дайындауға немесе пiсiргеннен кейiн мал азығына пайдаланады.
Ихтиофоноз.Ауырған балықтың орталық жүйке жүйесiнiң зақымдалғанына қарай, бахтақтың қозғалысы өзгередi. Ауру қоздырушысы Jchtyophonus hoferi саңырауқұлағы, циста түрiнде жүйке және басқа ұлпаларда паразиттiк тiршiлiк етедi. Зақымданған жерiнде ақ-сұр түстi ұсақ түйiндер пайда болып, көлемi үлкейедi.
Флуорисценттi некроз. Бұл тоғанда өсiрiлетiн тұқы тұқымдас балықтардың ауруы, әсiресе тоғанды қарқынды пайдаланғанда жиi кездеседi. Ауру қоздырушысы ұсақ, қозғалатын таяқша B.pseudomonas fluorescens Грамм әдiсiмен боялмайды. Бастапқыда терiсiнiң үстiнде қызыл нүкте және дақ пайда болады. Аурудың дамуына орай терiсi ыдырайды және қиықталып түсе бередi. Жалаңаш қалған етiнiң түрi сұрланып, өлiеттенедi.
Санитариялық бағалау.Тоғандағы тұқылардан осы ауру шықса, барлық балықты аулап алып тағамға пайдалану үшiн тез тарату керек.
Фурункулез (аэромоноз). Бұл ауру албырт тұқымдастардың үлкен жауы, көбiнесе бахтақ шаруашылығында жиi кездеседi.
Аурумен тұқы тұқымдастар мен лахалар ауырады. Аурудың қоздырушысы - ұсақ, қозғалмайтын, Грамм әдiсiмен боялмайтын, жұмыр келген (шар тәрiздi) келте таяқша B.aeromonas salmonidae. Алғашқыда ауырған балықтың iшектерi қабынады да, нәжiсiне қан немесе созылған шырыш араласып шығады. Балық терiсiнiң үстiнде iрiң мен аурудың қоздырушысы жиналған бiтеу жара (фурункула) пайда болады.
Санитариялық бағалау. Ауру балықты пiсiргеннен кейiн мал азығына пайдаланады.