Амурдың бактериалды энтеритi. Ақ және қара Амурдың шабақтары қатты ауырады. Ауырған балықтың терiсi қараяды, аналь тесiгiнiң тұсынан құрсақ жағы қампиып кетедi. Ересек балықтар сирек ауырады, көбiнесе жеңiл түрiне шалдығады. Аурудың клиникалық белгiсi байқалған балықты сойып қарағанда, құрсағында жиналған сұйықтықты көруге болады, iшектерi қабынады, iшкi органдарына қан толып, қызарады.

Санитариялық бағалау. Сезімдік көрсеткiштерi сапалы тiрi балықтарды тағамға пайдаланады, ал өлгендерiн қайнатып, малды азықтандыруға жібереді.
Шешек. Қоздырушысы вирус болуы ықтимал. Бастапқы кезде ауру балық денесiнде ақ түстi, қатпарлы дақ бар екенi байқалады. Содан соң, мұндай дақтың түсi қаймағын алған сүт тәрiздi, көгiлдiр тартады. Балық терiсiнiң қыртыс қабығы (эпидерма) қалыңдайды. Сөйтiп шешектiң дағы балық денесiнiң көптеген жерлерiн жауып кетедi.
Санитариялық бағалау. Шешекпен аздап зақымданған балықты жақсылап тазартқаннан кейiн, консервi дайындауға пайдаланады, ал қатты зақымданғандарын бактериологиялық тексеру нәтижесіне байланысты, мал азығына пайдаланады.
Торсылдақтың қабынуы. Бұл ауруға тұқы, сазан және олардың будандары шалдығады. Аурудың қоздырушысы толық анықталған жоқ. Ауру балық су iшiнде дұрыс жүзе алмайды, жалпағынан жатады немесе басы төмен түседi. Желбезектерiнiң қаны қашып, бозарады, торсылдағының қабығы қалыңдайды, қайсiбiр жерi шiридi, бауыры мен өкпесі қабынады.
Санитариялық бағалау. Балықты iшкi органдарынан тазартқаннан кейiн шектеусіз пайдаланады.
Албырттардың iндеттi қан аздығы. Бұл вирустық ауру, негiзiнен кәсiби албырттың және құбылмалы және бұлақ бахтақтарын зақымдайды. Аурудың жiтi түрiнде балық бүйiрлерiнiң үстiнде көлденең қара жолақтар пайда болады немесе ешқандай жолақсыз, теп-тегiс қарайып кетедi, жүзу қанаттары бүлiнедi. Аурудың созылмалы түрiнде көздiң қасаң қабығына қан толып, қызарады. Қарашығының айналасына қызыл сақинаға ұқсап қан құйылады, көздерi шарасынан шығып тұрады.
Санитариялық бағалау. Қоғамдық тамақтандыру жүйесi арқылы балықты тағамға пайдаланады.