Аталық балықтардың жыныс бездерi қабынады, қан құйылады. Жүрек қан тамырлары қан кернегендiктен кеңейе түседi. Денесi сары суға толады. Жiтiлеу түрiнде болатын патологиялық анатомиялық өзгерiстер жiтi түрiндегiсiмен ұқсас келедi. Ал, созылмалы түрiмен ауырып өлген балықтардың iшкi органдарында ешқандай өзгерiстер болмайды.

Санитариялық бағалау. Краснухамен ауырған балық адам үшiн қауiп туғызбайды. Аурудың клиникалық белгiлерi бiлiнген балықтарды жылдам пайдалану керек. Аурудың жiтi түрiне шалдыққанда терiде қызыл дақ пайда болады. Ол бiрте-бiрте үлкейiп ақырында жарылады, оның орнына уытты жара пайда болады, бiрақ оның түбi сумен жуылуына орай iрiңнен тазарады. Көзi шарасынан шығайын деп, желбезектерiнiң бозарып кетуi ықтимал. Көкбауыр, бауыр, бүйректерін микроскоппен тексергенде Грамм әдісімен боялмайтын таяқшаларды көруге болады.
Денесiндегi уытты жара көлемдi болса, балық ұнын дайындауға жiбередi. Кейде пiсiрiп мал азығына пайдаланады.
Көксеркенiң уытты жарасы.Ауру балық денесінде iсiк, iрiңдi және уытты жара пайда болады.
Санитариялық бағалау. Болар-болмас зақымданған балықтарды тежеусiз шығарады. Денесiнде бұлтықтары барын тазалағаннан соң пайдаланады. Денесiнде iрiңдеген уытты жара болса кәдеге жаратады.
Шортанның обасы.Бұл төтенше ауру. Ауру қоздырушысы B.pseudomonas esoxicidae. Балық терiсiнде, негiзiнен құйрық жағында қызыл дақ пайда болып, кейiннен айналасы ыдыраған терiмен көмкерiлген уытты жараға айналады. Уытты жара бiркелкi үлкен, диаметрi 5-10 см жетедi, үстiңгi жағы құрғақ немесе дымқыл, бiрақ iрiңдемеген.
Санитариялық бағалау. Аздап зақымданған балықты тазалағаннан кейiн тағамға пайдаланады. Көп зақымданғандарын кәдеге жаратады.