Дәріс тақырыбы: Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Қарастырылатын сұРАҚтар



бет20/22
Дата16.09.2022
өлшемі146,35 Kb.
#39289
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Оның көлемi 0,2-0,3 мм. балық етiне енген матецеркарий 4 аптаның iшiнде өсiп жетiледi. Осындай балықты шикi және жартылай шикi (қақталған, тоңазытылған, шала қуырылған, ысталған, жаңа тұздалған) түрiнде жеген адам мен хайуандар ауруға шалдығады. Асқазанға түскен метацеркарийдiң сыртқы қабығы ерiп, құрт өт жолына, ұйқы безiне енедi. 3-4 жұмадан кейiн бұндай метацеркарийлер жыныстық жағынан жетiлiп, ұрық сала бастайды да 4-5 айда өсiп жетiледi. Адамның денесiнде опистархис 20 жыл, ал мысықта 3 жылға дейiн өмiр сүредi.

  • Оның көлемi 0,2-0,3 мм. балық етiне енген матецеркарий 4 аптаның iшiнде өсiп жетiледi. Осындай балықты шикi және жартылай шикi (қақталған, тоңазытылған, шала қуырылған, ысталған, жаңа тұздалған) түрiнде жеген адам мен хайуандар ауруға шалдығады. Асқазанға түскен метацеркарийдiң сыртқы қабығы ерiп, құрт өт жолына, ұйқы безiне енедi. 3-4 жұмадан кейiн бұндай метацеркарийлер жыныстық жағынан жетiлiп, ұрық сала бастайды да 4-5 айда өсiп жетiледi. Адамның денесiнде опистархис 20 жыл, ал мысықта 3 жылға дейiн өмiр сүредi.
  • Описторхоз ауруы бар сулардан ауланған балықтарды iшiнара паразиттерге тексерiп тұру қажет. Ол үшiн жота еттерiнiң әр жерiнен қалыңдығы 2-3 мм келетiн 5-8 тiлiм еттi алып, екi төсенiш шынының немесе компрессорлық пластинканың арасына салып қысады да, микроскоптың кіші үлкейткiшi арқылы немесе трихинеллескоппен тексередi. Тоғышар екi сорғышты, үлкен қара дақты, қуығы қара пигменттi жарты ай тәрiздес құрт. Ал, жай көзбен қарағанда көкнәр дәнiндей ақ түстi цистаны ет талшықтарының аралығындағы дәнекер ұлпалардан көруге болады.
  • Клонорхоз. Тұқы тұқымдастардың еттерiнде дамитын клонорхис церкарийiнен пайда болады. Паразиттiң тұрақты иелерi адам мен ет коректi жануарлар, демек олардың өт жолдарын зақымдап, сары ауру туғызады. Ауру адамға зақымдалған балықты жегеннен жұғады. Клонорхис ұзынша келген сарғыш құрт, ұзындығы 10-25 мм. Бұл паразиттiң дамуы описторхиспен ұқсас.
  • Метагонимоз. Аурудың қоздырушысы – Metagonimus jouogawai, ересек сатысында адамның, ет коректiлердiң және балықпен коректенетiн құстардың (шағала, аққұтан) ащы iшектерiнде мекендейтiн жалпақ құрт.
  • Даму циклi описторхозға ұқсас, бiрақ бұның аралық иесi ұлу, қосымша иесi балық, әсiресе тұқы, албырт және жайын тұқымдастар, ал адам мен ет коректi жануарлар және балықпен коректенетiн құстар тұрақты иелерi болып табылады. Ауру қиыр-шығыста, Каспий теңiзiнде және т.б. кездеседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет