Метархоз. Аурудың қоздырушысы Meterhis albidus жалпақ құрт. Ересек сатысында адам мен ет коректi жануарлардың (тұрақты иелерi) өт жолын зақымдайды. Ал, балаң құрт сатысы ұлу мен балық организмiнде (аралық және қосымша иелерi) өтедi, демек метацеркарий балық етiн мекендейдi. - Метархоз. Аурудың қоздырушысы Meterhis albidus жалпақ құрт. Ересек сатысында адам мен ет коректi жануарлардың (тұрақты иелерi) өт жолын зақымдайды. Ал, балаң құрт сатысы ұлу мен балық организмiнде (аралық және қосымша иелерi) өтедi, демек метацеркарий балық етiн мекендейдi.
- Псевдомфистоматоз. Аурудың қоздырушысы – Pseudamphistamum truncatum. Ересек сатысындағы тұрақты иелерi адам және ет коректi жануарлардың өт жолында тоғышарлық тіршілік жасайтын жалпақ құрт. Аралық иесi тұщы суды мекендейтiн ұлу, қосымша иесi балық. Демек, балық етiнде метацеркарий сатысында болады.
- Диоктофимоз. Аурудың қоздырушысы – Diactophyme renale жұмыр құрты. Ересек тоғышар адам және ет коректi жануарлардың бүйрегiн, кейде қуығын зақымдайды. Залалданған балықпен азықтары ластанған жылқы мен сиырдың да бұл ауруға шалдығуы ықтимал. Тоғышардың аралық иесi олигохет құрты, оны жұтқан балық зақымданады (қосымша иесi). Ауру балықты жеп адам ауруға шалдығады.
- Санитариялық бағалау. Диффиллоботриоз, описторхоз, клонархоз, метагонимоз, псевдомфистоматоз, метархоз, диактофимоздың құрттары табылған балықтарды, олардың зарарлану дәрежесiне қарамай, кәдеге жаратылады (тұздау, мұздату, ыстау, балық консервiлерiн дайындау т.б.).
- Дифиллоботрид балаң құртымен зақымданған балықты (күштi, орташа, әлсiз) тұздайды. Күштi тұздағанда балық етiндегi тұз мөлшері 14, орташа тұздағанда 10-14, тұздықтың тығыздығы 1,18-1,2, әлсiз тұздағанда - 8, тұздықтың тығыздығы -1,2 тұздалу ұзақтығы 14 тәулiк. Бұндай балықты мұздатып та зарарсыздандыруға болады. Ол үшiн -18С 48 сағат немесе -12С 6 тәулiк мұздатқышта ұстайды.
- Описторхистың метацеркарийiмен зақымданған тұқы тұқымдас балықтардың барлық түрлерiн -11-15С 30 тәулiк,-25С-18-24 сағат және -35С-10 сағат шамасы бойы мұздатып, залалсыздандырады.
- Клонорхостың метацеркариймен зақымдалған балықты термиялық әдiспен өңдейдi, ыстық әдiспен қақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |