Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Салықтар келесі сипаттар бойынша жіктеледі



бет20/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

Салықтар келесі сипаттар бойынша жіктеледі:
1) мемлекет пен төлеушінің қарым-қатынастары және салық салу объектісіне байланысты салықтар 2 түрге бөлінеді:
- тікелей - табыс немесе мүлікке салынады (табысқа, пайдаға, мүлікке және жерге салынатын салық);
- жанама - тауар, қызметтер бағалары арқылы (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендік баждар) алынады. Салық сомаларының иесі тауар және қызметтерді өткізгесін мемлекетке тапсырылады.
2) Пайдалану сипаты бойынша:
- жалпы – бұл салықтар мемлекетке түсіп, белгілі бір пайдалану барысында тұлғасыздандырады;
- арнайы салықтар - белгілі бір мақсатқа ие болып келеді (мысалы: әлеуметтік салық, зейнетақы төлемдері).
3) Салықты жинайтын органына байланысты:
- орталық (жалпымемлекеттік)
- жергілікті салықтар болып бөлінеді.
4) Объектінің экономикалық сипаты бойынша:
- табысқа салықтар - салық төлеушінің кез келген объектіден алған табысына салық салу;
- тұтынуға салынатын салықтар - бұл тауарлар мен қызметтерді тұтынғанда төленетін шығындарға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады:

  • кадастрлық;

  • салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша;

  • табысты алу көзінен ұстап қалу;

  • патенттік негізде.

Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келесі түрлері белгіленген:
а) салықтар:

  1. корпоративтiк табыс салығы;

  2. жеке табыс салығы;

  3. қосылған құн салығы;

  4. акциздер;

  5. экспортқа рента салығы;

  6. жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары;

  7. әлеуметтiк салық

  8. көлiк құралы салығы;

  9. жер салығы;

  10. мүлiк салығы;

  11. ойын бизнесi салығы;

  12. тiркелген салық

  13. бiрыңғай жер салығы;

б) Алымдар:
- тiркеу алымдары;
- автокөлiк құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргенi үшiн алым;
- аукционнан алынатын алым;
- жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
- телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым;
- консулдық алым;
в) Төлемақылар:
- жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемақылар;
- жер үсті көздерінің су ресурсын пайдаланғаны үшiн төлемақылар;
- қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақылар;
- жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшiн төлемақылар;
- орманды пайдаланғаны үшiн төлемақылар;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшiн төлемақылар;
- радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақылар;
- қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергенi үшiн төлемақылар;
- кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақылар;
- сыртқы (көрiнетiн) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақылар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет