Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет15/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

3. Өзін-өзі ақтау әдісі - ақылы қызмет сомасы жұмсалған шығындарға байланысты қалыптасады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы және оның функциялары.

  2. Шаруашылық субъектілердің жіктелуі.

  3. Коммерциялық ұйымдардың нысандары.

  4. Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары.

  5. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастыру қағидалары.

5 -тақырып. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары


5.1 Мемлекеттің экономикалық қызметі

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады.


Мемлекеттің экономикалық қызметі белгілі бір функциялар арқылы айқындалады:

  1. экономиканың қалыпты дамуына оң әсер ететін құқықтық базаны анықтау;

  2. монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау;

  3. байлық пен табысты қайта бөлу;

  4. экономиканы тұрақтандыру;

  5. ресурстарды қайта бөлу.

Жоғарыда аталған функциялар «қаржы» категориясының қолдануына тікелей немесе жанама байланысты болады, бұл байланыс көбінесе жоғарыда айтылған мемлекеттің үшінші, төртінші, бесінші функцияларынан көрінеді.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру қызметіне конъюктураның ауытқуына байланысты пайда болатын инфляция және жұмыспен қамтылу деңгейіне бақылау, экономикалық өсуді ынталандыру шаралары кіреді.
Мемлекет өндіріске тура қатынаса алады және белгілі бір тауарларды, қызмет пен игіліктерді өндіруін қаржыландыра алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейтін тауарлар болып табылады, өйткені жеке пайдаланушылар мен алушыларға бөлшектеніп сатылмайды, бірақ оларды тұтынудан бас тарта алмайды, яғни шығарып тастау қағидасы іске асырылмайды. Басты ерекшелігі - нарықтық тауарлардан түсетін пайда оларды сатып алу кезінде көрінсе, ал қоғамдық тауарлардың бағасы өндірісте көрінеді.
Негізгі қоғамдық тауарларға жататындарға қалалар мен жергілікті орындардағы көріктендіру, көшені жарықтандыру, көгалдандыру және тағы басқа, бұдан кеңірек аспектілер қызметтеріне құқықтық тәртіп орнату, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет