Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Мемлекеттік кірістер, шығыстар құрылымы



бет17/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

5.3 Мемлекеттік кірістер, шығыстар құрылымы



Мемлекеттік кірістер - мемлекет меншігіне түсетін және оның материалдық базасын қамтамасыз ететін қаражаттарды қалыптастыру процесіндегі экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістерге жатады:

  1. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы пайдасы, төлеген салықтары- қосылған құн салығы, акциздер, т.б.

  2. мемлекеттік мүліктен кірістер (мемлекеттік тұрғын үй қорына, жер, орман, су және өзге ресурстардан, мемлекеттік жекешелендіруден кірістер)

  3. мемлекеттік мекемелер көрсететін ақылы қызметтен.

  4. бюджеттік ұйымдардың арнайы қаражаттары (жалгерлік ақы, көмекші кәсіпорындардың табыстары, т.б)

Мемлекеттік кірістер келесі белгілері бойынша жіктеледі:
Меншіктің ұйымдастырылу-құқықтық нысандарына байланысты:

  1. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың кірісі;

  2. халық табысынан аударылатын салықтық түсімдер;

  3. жеке кәсіпкерлік сектордан түсетін салықтық түсімдер;

  4. ұжымдық ұйымдар мен кәсіпорындардың және кооперативтің салықтық түсімдері;

  5. қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері.

Құрылу саласына байланысты:

  1. материалдық өндіріс саласында құрылған табыстар;

  2. өндірістік емес салада құрылған табыстар;

Қаржылық мазмұнына байланысты:

  1. салықтық;

  2. салықтан тыс (жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудан түсімдер, т.б.)

Жұмылдыру әдісіне байланысты:

  1. орталықтандырылған;

  2. орталықтандырылмаған.

Мемлекеттік шығыстар - мемлекеттің өз функцияларын атқаруға байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мақсатты белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімділіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс саласындағы мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауылшаруашылығына, көлік пен байланысқа бөлінеді; өндіріс емес салада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру, басқару шығындары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет