7.2 ҚР бюджет жүйесінің құрылымы, қағидаттары
Бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi жергiлiктi бюджеттерге жатады.
ҚР бюджет жүйесі
ҚР-сының Ұлттық
қоры
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
Республикалық
бюджет
Жергілікті
бюджеттер
Облыстың бюджеттері
Астана және Алматы қалаларының бюджеттері
Облыстық
бюджет
Аудан бюджетi
(облыстық маңызы бар қала бюджеті)
7.1 – сурет. ҚР бюджет жүйесінің құрылымы
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет-мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалык бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - Бюджеттік кодексте айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк саясаттың жалпы республикалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Достарыңызбен бөлісу: |