Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың бірі болып табылады. Қор жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпанындағы №237 қаулысына сәйкес құрылды. Берілген Қаулыға сәйкес Қордың акциялар пакетіне ие болу және қолдану құқығы Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. Қор коммерциялық ұйым емес.
Қордың міндеті Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу.
Қордың негізгі мәні:
әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру;
әлеуметтік тәуекел туған жағдайда алушыларға әлеуметтік төлемдер жүргізу үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа» уақытында қаржы аудару;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру.
Қордың өз қаражаттары жарғылық капиталдан және активтерден алынатын комиссиялық сыйақыдан тұрады.
Қордың негізгі инвестициялық міндеті тұрақты табыс деңгейі мен қордың алдына қойған міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жоғарғы сапалы инвестицияны сақтау және тұрақты табыстылық деңгейін қамтамасыз ететін сенімді, ұзақ мерзімді инвестиция портфелін құру болып табылады.
Қазақстан Республикасы зейнетақы қорлары. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» жаңа Заңы 1998 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енді. Яғни, қазіргі кезде Қазақстанның зейнетақы жүйесі екіге бөлінеді:
Ынтымақтастық, яғни қазіргі зейнеткерлер мен 1998 ж бірінші қаңтарында алты айдан кем емес еңбек жасын өткен адамдарға арналған;
Жинақтаушы, яғни 1998 ж бірінші қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорына өз еңбекақысынан он пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған адамдарға арналған.
Зейнетақы жарналарының ставкасы бойынша жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістің он пайызы мөлшерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен, бірақ заң актісінде белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің он пайызынан кем емес мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке тұлғалар жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары келесі міндеттерді атқарады:
зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыру;
өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алу;
салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай- күйі туралы ақпарат беру;
алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
ҚР заңдарына сәйкес зейнетақы заңдары мен зейнетақы шарттарының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге;
жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз ету және заңмен белгіленген басқа да міндеттерді атқару.