Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет22/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

Салық салу кезеңі – салық базасы белгіленетін және салық сомасы есептелетін кезең.
Салық режимi - Салық кодексінде белгiленген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.
Арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерi мен жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi.


Бақылау сұрақтары:

    1. Салықтардың экономикалық мәні.

    2. Салық ұғымы және оның атқаратын қызметтері.

    3. Салық жүйесі, оның құрылымы.

    4. Алымдар және төлемақылардың салықтардан айырмашылығы.

    5. Салық салудағы негізгі әдістер.

    6. Арнаулы салық режимі және оның рөлі.

7- тақырып. Мемлекеттік бюджет


7.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы, функциялары

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған салаларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.


Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі функцияны атқарады: бөлу және бақылау.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет