Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет31/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Бақылау сұрақтары:

  1. Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәні.

  2. Бюджеттен тыс қорлардың түрлері.

  3. Әлеуметтік бағыттағы бюджеттен тыс қорлардың мәні мен мақсаттары.

  4. Экономикалық қорлардың түрлері мен мақсаттары.

9 - тақырып. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш


9.1 Мемлекеттік кредиттің мәні

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңды және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы- кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.


Мемлекеттік кредит — жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әртүрлі қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің — үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Мемлекеттік кредит екі функцияны атқарады: ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлу функциясын және реттеуші функциясын орындайды.
Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша: ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады .
Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер ретінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарның, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан үкімет, биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несигерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Карыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер ретінде де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі саласы - күрделі жұмсалымдар: өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдар рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады. Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдік, банкроттық, саяси және басқадай себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.
Мемлекеттік кредиттің көздері - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет