Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


- тақырып. Үй шаруашылығының қаржысы



бет34/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
10 - тақырып. Үй шаруашылығының қаржысы


10.1 Үй шаруашылық қаржысының мәні мен қызметі

Үй шаруашылығы қаржысы, жалпы қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақша қатынастары болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып табылады. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.


Үй шаруашылықтары қаржысының атқаратын функциялары:

  1. отбасының қажеттіліктерін ақшамен қамтамасыз ету;

  2. бөлу.

Бірінші функция бұл отбасы мүшелерінің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Тауар- ақша қатынастарының, нарықтың пайда болуының, одан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:

  1. отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;

  2. үй шаруашылығы ақшасының жасалуы және өсуі;

  3. ақша қорының- материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.

Бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табыстарының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржы қатынастары мынадай топтарды кіріктіреді:

  1. жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б түріндегі алғашқы табыстарды жасай отырып, қаржы жүйесінің басқа да буындары арасындағы қатынастар.

  2. оқшауланған ақша қорларын жасай отырып, қаражаттар бөлінгендігі және оқшауланғандағы үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар.

Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін- бірі толықтыра отырып бір уақытта іс- әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет