Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет33/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

9.3 Мемлекеттік борыш ұғымы, түрлері


Мемлекеттiк борыш - өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған, алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы болып табылады.
Мемлекет кепiлгерлiктерi бойынша борыш - мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған, белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы.
Мемлекет кепiлдiк берген борыш - мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген, белгiлi бiр күнге алынған және өтелмеген мемлекеттiк емес қарыздар сомасы.
Мемлекеттiк борышты қайта қаржыландыру - мемлекеттiк борышты жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебiнен өтеу.
Мемлекеттiк борыш: iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты қамтиды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздары мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi мемлекеттiк iшкi борыш болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының резидент еместерi алдындағы мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi мемлекеттiк сыртқы борыш болып табылады.
Мемлекеттік сыртқы борыш – шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкісінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.


Бақылау сұрақтары:

    1. Мемлекеттік кредит, қызметтері мен түрлері.

    2. Мемлекеттік қарыз, олардың түрлері.

    3. Мемлекеттік борыш, олардың түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет