Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар


Дәріс 8. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты шығармалар



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Дәріс 8. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты шығармалар 

Жоспар: 
1916 жылғы көтерілістің себептері және оның әдебиетке әсері. Көтеріліске 
шыққан жырлардың тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері. Көтеріліске 
байланысты жырлардағы Амангелді образы.
Өткен тарихымыз аласапыран кезеңге, шытырман қайшылықтарға да толы 
болды. Қазан төңкерісі адамзат тарихында жаңа дәуірді – социализмге өту дәуірін 
ашты. Кеңес өкіметін орнатты.
Кеңес балалар әдебиеті, оның ішінде қазақ кеңес балалар әдебиетінің де 
қалыптасу кезеңі қазан төңкеісінің алғашқы күндерінен басталады. Міржақып 
Дулатовтың “Қазақ” газетінде 1916 жылы жарияланған “Қазақ жайы” очеркі
қазақ халқының сол кезеңдегі басынан кешіп отырған қиындығын, ұлт 
дамуындағы кемшін түсіп жатқан тұстарын, келешекте керек ғылым мен өнерді 
игеру жолдарын сөз етеді. Автор осы очеркінде қазақтың төл мақал-мәтелдерімен 
өз ойын дәлелді түсіндіруді жөн деп тапқан. Мысалы: “Tіршілік – бәсеке, жарыс”, 
“Дүние – бәйге үлестіруші”, “Басыңның сауында бер садақасын”, “Ұша алмас 
салсаң бүркіт томағасын”, “Жығылған күреске тоймас” т.б. Бұл очеркінде 
Міржақып мақал-мәтелдерді көркем құрал ретінде пайдалана отырып, сол 
кезеңдегі қазақ халқы басынан кешіп отырған күйді жан-жақты көрсетіп, одан 
шығу жолдарын іздестіреді. 
1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар – дәстүрлі халық поэзиясының жаңа 
мазмұны бір саласы. 1916 ж. Қазақстан және Орта Азия халықтары және т.б. 


езілген еңбекші бұқара өздерінің азаматтық, теңдік құқықтарын қорғап, шексіз 
қанауға, әлеуметтік өзгіге қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Осыған 
байланысты туған поэзия үлгілері сол кездегі халық өмірінің ерлік шежіресі 
тәрізді. Онда көтеріліс тұсындағы ел басына төнген ауыр азап пен жұрттың ізгі 
тілек ой-арманы, оның жарқын болашаққа деген зор сенімі, тап жауларына қарсы 
күресте ту ұстап, қол бастаған халық ұлдарының ерлік, табандылығы шебер 
сипатталды. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың айрықша бір 
түрі – үндеу, үгіт өлеңдері. Бұзаубақ ақынның «Құты қашты патшаның», 
О.Шипиннің «Аманкелдінің айбаты», К.Әзірбаевтың «Аттан», Батталдың «Туар 
ма екен бізге күн?», «Құбашаның Әбдірахманға хаты», «Әбдірахманның жауабы», 
Б.Қожаевтың «Күнді бұлт құрсайды», тәрізді өлең-жырлары үстем тап өкілдерінің 
жауыздық, екі жүзділік әрекеттерін батыл әшкерелеп, ел-жұртты бірлікке, езуші 
таптан кек алуға шақырды. 
Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» атты толғауы мен Қарсақ ақынның 
жырларында Маусым жарлығынан кейін ата қоныстан ауып босқын болған елдің 
ауыр халі, шеккен қорлық, азаптары сипатталса, Баттал, Құсайын, Есқайыр 
толғаулары мен Сартайдың «Тар заман», Төлеудің «Сарыарқаның сарыны» 
секілді жырларында жауыхдық пен әділетсіздік билеген кешегі заман жайы, ішкі-
тысқы өзгіден күйзелген ел жағдайы сөз болады. Бұл сипат ел аузындағы 
«Қоштасу», «Жұбату», «Естірту», «Дәметкеннің зары», «Асқардың үй-ішімен 
қоштасуы» атты лирикалық өлеңдерінен де айқын аңғарылады. Майданнан елге, 
елден майдан шебіне жазылған сәлемдесу хаттарында («Ақбастың Нұржанға 
хаты», С.Бегімовтің «Туған елге хаты» және т.б.) жігіттердің туған, өскен елге 
деген ыстық сезімі, еңбекші бұқараны ашық күреске шақыратын жігерлі үн мен 
болашаққа деген зор сенімі бар. Майдан өмірін бейнелейтін Б.Берденовтің 
«Прием», Есқайырдың «Зарлы заман кезінде», Батталдың «Туар ма екен бізге 
күн?», 
Ж.Жаңабаевтың 
«Ұзақ 
жолға 
аттандық», 
Ә.Аманжолов 
пен 
Қарамолдаевтың «Еріксіз кетіп елімнен» атты жыр, дастандарында елден аттанған 
жігіттердің майдан шебіне дейінгі ұзақ сапары мен әр алуан жол азаптары
олардың қайғы-мұңға толы көңіл күйі мен ой-арманы, алдыңғы шептегі сұрапыл 
соғыстың нақты көріністері жан-жақты суреттелген. Халық өмірін арнаулы 
тақырып етіп сипаттайтын туындылармен қатар Қ.Бозаевтың «Қарақойын 
көтерілісі», «Губернатор келгенде» жыр, дастандарында сол қиын сәтте ел 
бақыты үшін асылып, езілген бұқараны азаттық күреске бастаған Аманкелді, 
Әліби, Бекболат, Ұзақ, Тайлақ, Иса, Күркебай, Әли, Қырғызбай секілді батыр-
қолбасшылардың ерлігі мен жарқын бейнесі жырланды. 
Жетісу қазақтарының ерлік күресін бейнелейтін «Бекболат» дастанында ел 
мен ер трагедиясы жырланды. Батырдың сот алдындағы батыл жауаптарын 
диалогпен беру арқылы аутор үстем өкілдерінің шектен тыс жауыздықтарын, 
әділетсіздіктерін ұтымды тәсілмен әшкереледі. Сол дастанның үлгісінде туып, 
халық батырларының өшпес ерлігін паш ететін К.Әзірбаевтың «Қырғызбай», 
«Әли батыр», К.Сауранбаевтың «Ұзақ батыр», Бекболат Әшекеевтің үндеу-хаты 
арқылы жазған «Албан көтерілісі» атты көлемді дастаны, Бөлтірік ақынның «Ел 
жарыла көшкенде» жыры туды. Омар, Сәт, Сүлеймен, Күдері, Досмұқан, 
Орынбай сияқты Аманкелді сарбаздарының қатарында болып, оқиғаларды өз 


көзімен көрген ақындар Аманкелді Иманов бастаған Торғай көтерілісі туралы сан 
алуан жыр, дастандар шығарды. О.Шипиннің «Аманкелді», С.Есенбаевтың «Ер 
Аманкелді», Н.Ахменбековтың «Аманкелді дастаны» - Аманкелді батырдың ұлт-
азаттық көтерілісі мен Азамат соғысы кезіндегі ерлікке толы күрес жолдарын 
тұтас қамтитын кесек әрі көркем туындылар.
1916 жылғы көтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері ең алдымен қазақ 
даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен тап қайшылығын өзекті мәселе етіп 
жырлап, қазақ әдебиетінде бұрын байқала қоймаған соны мазмұн, жаңа идея ала 
келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет