Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар


Дәріс 3. Балаларға арналған батырлар жыры



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
дәріс (1)

Дәріс 3. Балаларға арналған батырлар жыры
Жоспар: 
Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым құнды саласы – эпостық жырлар. 
Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде 
жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық 
жыр-дастандарды айтамыз. Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп ел 
қорғау, отаншылдық сарында құрылса (Қобыланды батыр, Алпамыс бірде 
феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына 
негізделеді. Эпостық жырлар барлық елдерде болған. Совет дәуірінде Орта Азия 
және Қазақстан жерін мекен тұтқан көшпелі тайпалардың бай эпостық мұрасы 
жан-жақты зерттелді. Онымен М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев сияқты 
жазушы ғалымдарымыз айналысты.
Қазақ эпосының тарихилығын сөз еткенде, бір ғана ру, тайпа, халық 
шеңберінде қалмай сюжеттерді бүкіл әлем деңгейінде салыстыра зерттеу керек. 
Қазақ эпосын тарихи желіге қойып дұрыс топтастырған ғалым Ә.Марғұлан 
болды.Ол оғыз-қыпшақ эпосын мынадай дәуірлерге бөлген: 
1.Көне дәуірлерде туған эпос. 
2.Тарихи дәуірде туған эпос. 
3.Ноғайлы эпосы. 
4.Жоңғар шапқыншылығына байланысты туған эпос. 
Халықтық шығармалардың ең көлемдісі, ең көбі, мазмұны мол ұзақ жырланатын 
осы батырлар жыры. Батырлар жырының желісі, ондағы суреттелетін кейіпкерлер 
де ерте заманда болған оқиғаға жатады. 
Қазақ батырларының, яғни эпостың бас кейіпкерлерінің ел тағдырындағы, ұлт 
тарихындағы орны мен миссиясы да ғылыми негізде, жаңаша ұлттық таным, 
эстетикалық талғам тұрғысынан шынайы бағасын ала бастады. Осы іргелі 
ізденістер қатарында, халық жүрегінде берік орын тепкен, ең бір кең тараған 
жырларымыз: «Қобыланды», «Алпамыс», «Қамбар», «Ер Көкше», «Ер Қосай», 
«Ер Сайын», «Ер Тарғынның» мәтіндік табиғатына, лексикалық сипатына 
байланысты ғылыми ізденістер арқылы қазақ эпосының тілдік қоры мен 
көркемдік құрылысына, ішкі логикалық тұтастығы мен жанрлық құрылымына да 
ерекше көңіл бөліне бастады. 
Батырлар жырының оқиғасы қызық, мазмұны 
терең, тілі көркем болады, оңдағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері: қайтпас ер, 
жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді, ар-намысқа берік, ұстамды, өнегелі ісі 
бар адамдар болып суреттеледі. Сондықтан батырлық жырларды балалар да аса 
қадірлеп, сүйсініп оқиды. 
Эпостық жырларда оқиғаны еселеп, қайталап айту жағы да көп кездеседі. 
Мұндай ерекшелік оқиға желісін ұмытпауға, есте тезірек сақтауға, тіпті, жаттап 
айтуға көп мүмкіндік береді. Ондағы тамаша теңеулермен тұрақты эпитеттердің 
мол болуы да балаларды әсерлендіріп жібереді. Мағынасы түсініксіз діни сөздер 
де көп кездеспейді. Көркемдігімен қатар тілі айқын да жеңіл болып отырады. Осы 
тұрғыдан алғанда «Тайбурылдың шабысы» мен «Қамбар батыр» жырын 
үлкендермен қатар балалардың оқуына да болатын, солардың қабілетіне, білімдік, 
жастық ерекшеліктеріне сай шығарма деп бағалаймыз. Мұнда «Қамбар батыр» 


жырында өмірдің шындық сипаты қиялдан, гиперболадан басым жататындығы 
балалардың ұғымына бір табан жақын да жеңіл болатынын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет