Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
(күн мен ай) 
«Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді» (хат), «Өзі жаңа, өзі тесік» (елеуіш), 
«Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды, тетігін бұрамай» (сағат
дейтін жұмбақтардың ерте заманда тууы мүмкін емес. Өйткені ертедегі 


адамдарға хат, елеуіш, сағат дегендердің өзі түсініксіз болатын. Сондықтан бұл 
тектсс жұмбақтарды бергі кездің шығармасы деп қарау керек. 
Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы – төрт түлік мал, жалпы 
хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен, оның сырын жақсы білген 
халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын 
қызметін, келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ 
еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Бұл тақырыптағы 
жұмбақтар «Төсек астында терт бауырсақ» (сиырдың емшегі), «Екі кісі қарауыл 
қарады, бір кісі шепшек терді» (түйенің еркеші, ерні) секілді болып келеді. 
Кейде әр түліктің неше айда төлдейтінін де жұмбақ арқылы білдіреді. «Он екі түйе, 
он жылқы, тоғыз сиыр, бес ешкі» дегенде түйенің он екі айда бір боталайтыны, 
жылқы он айда құлындайтыны, сиыр тоғыз айда бұзаулайтынын, ешкі бес айда 
лақтайтынын керсетеді. 
Қазақ жұмбақтарының тақырыбы және мазмұны жағынан әрі күрделісі, әрі 
кебі: оқу-білім, өнер, техника жайын суреттеуге арналады. Бұл тақырыптағы 
жұмбақтардың біразы қазақ елінің Ресей мемлекетіне қосылған кезінде туған 
секілді. Ал басым кепшілігі біздің заманымызда, қазақ халқының экономикасы 
мен мәдениеті өркендеген кеңестік дәуірде туғандығын байқаймыз. 
Жаңылтпаш – ерте заманда пайда болған жанр. Халық ауыз әдебиеті үлгілері 
ішінде бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – жаңылтпаштар.
Жаңылпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге 
үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен таныстыратын 
кызықты жанр. Баланың тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлету үшін үлкендер 
бала қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді жиі-жиі жаңылыстырмай айтып, 
жаттықтырса, кейіннен ол өз ойын толық, мүдірмей жеткізе алатын болады. 
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттығу арқылы бала ана тілін ардақтап өседі, онда сөз 
қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамып жетіледі. 
Ахмет Байтұрсынұлы ′′Әдебиет танытқыш′′ атты еңбегінде жаңылтпашқа 
мынадай түсініктеме береді: ′′Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. 
Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз 
қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма − жаңылтпаш 
деп аталады′′. 
Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші Ш.Ахметов ′′Бұл жанр тек қана балалар 
әдебиетіне арналған, көбінесе мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш 
мектеп оқушыларына лайықты. Олай дейтініміз жеке дыбыстар мен айтылуы 
қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету – көбіне балаларға ғана тән нәрсе. 
Мұнда міндетті түрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күшті қызық та 
көркем сөздерге әуестендіру, соған еліктендіру арқылы жаттығу жүргізу үшін 
қолданылған шеберлік бар′′ - дейді [ 18,85 ]. 
Баланың тілін ширатуда ойын өлеңдерінің берері мол. Ауыз әдебиетіндегі 
"Қуыр-қуыр, қуырмаш", "Ұшты-ұшты", "Кім керек?" т.б. ойын өлендері баланың 
танымын кеңейтіп, байқампаздылыққа, зеректікке тәрбиелеп, тілін ширатады. 
Мүдіремей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым 
жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын
толық жеткізетін болады. 


Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау
сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. 
Халықтық шығармалардың балаларға тигізетін тәрбиелік әсері ұшан теңіз. 
Халықтық шығарма балаларды адам баласының өткен ғасырлардағы тарихи өмір, 
тұрмыс, әдет-салты, күн көрісі, шаруашылық экономикасы, мәдениетімен 
таныстырып отырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет