Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар


Дәріс 13. Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
дәріс (1)

Дәріс 13. Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті 
Жоспар: 
Соғыс тақырыбындағы балалар әдебиетінің өзекті мәселесі: Отанға 
сүйспеншілік, 
жауға 
өшпендік 
мотивтері 
(Ж.Жабаев, 
Ғ.Мүсірепов 
шығармашылығы негізінде). 
1.Халық поэзиясының көп үлгілері мерзімді баспасөзде жарияланды, радио, 
эстрада арқылы айтылды, кітап болып та басылды. Алайда, мұның бэрі де сол 
кездің мүмкіндігіне қарай еді. Мысалы, кітаптарды саусақпен санап шығуға 
болады. Жамбылдың «Болат тонды батырлар» (1941), «Майдан жырлары» (1942), 
«Отан эмірі» (1942), «Алынбас қамал» (1943), «Отан соғысы туралы жыр» (1944), 
«Қамал бүзған қаһарман» (1945), Доскейдің «толғауы» (1941), Шашубайдың 
«Сөйле, Шашеке» (1942) аталған жинақтары, Нұрпейістің «Таңдамалы 
шығармалары» (1945) жэне бір топ халық ақындарының өлеңдерінен 
құрастырылған «Халық қаһарманы» (1941) кітабы, 1943-1944 жылдардағы 
айтыстардың жинақтары - міне Отан соғысы түсындағы қазақтың халық 
поэзиясының туындылары. 
Осы 
түстағы қазақ ақындары Ж.Жабаев, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, 
Қ.Аманжолов, F.Орманов, Қ.Әбдіқадыровтың т.б. шығармаларында халықтың 
жауға деген ашу-ызасы, кекті сезімі отты шумақтармен берілді. 
Белгілі ғалым Е.С. Ысмайылов «Аз, кішкене образдарға үлкен сурет, жаңа кең 
мағына бере білу, соләэдіс арқылы осы дәуір адамдарының ең үшқыр, ең тәтті 
сезімін қозғайтын шығарма жасау Жамбыл ақындығының, оның ақындық 
өнерінің бір ұлы қасиеті» екенін дәл тауып айтады. Балаларды кеңестік 
патриотизм рухында тәрбиелеу міндеті ұлы Отан соғысы жылдарында 
бұрынғыдан гөрі ерекше жауапкершілікпен қолға алынды.
Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» атты асқан патриоттық өлеңі жау 
қоршауында Ленинград халқына радиодан күніне сан беріліп, көшелерге, 


үйлердің қабырғаларына үран есебінде жазылып ілінді. 
Поэзия алабының үлкен жүрегінен жарып шыққан жыр жолдары 
ленинградтықтарды жігерлендіріп, оларды рухтандыра түсті. Ленинградты 
қорғауға қатысқан белгілі драматург В.Вишневский «1941 жылдың күзінде 
Ленинград үшін аса ауыр күндерде ардақты Жамбыл қаланы корғаушы біздерге 
арнап «Ленинградтық өрендерім» атты жалынды өлеңін шығарды. Бұл сәлем 
өлеңді оқығанда көзімізге еріксіз жас алып, көңіліміз шаттық сезімге толды. Бұл 
хат көмекке келген күшті резервтей бағалы болды».-деп жүрек жарды сезімін 
жеткізеді. 
Соғыс жылдарындағы Жамбылдың жалынды жырлары жауынгерлерді, 
жалпы халықты жаудан кек алуға жігерлендірді. 1941 жылы үздік шығармалары 
үшін Жамбылға Мемлекеттік сыйлық берілді. 1943 жылы майданда Жамбылдың 
ұлы Алғадай қайтыс болды. Бүл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол үнсіз 
отырып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап береді. 
Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Бұл жыры неміс 
фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. 
Жүз жасқа небәрі бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние 
салды. 
2.Ұлы Отан соғысы жылдарында сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің де сондай 
жігерлі үні ешкімге ұқсамай ерекше естілді. Рас, оның бүл мақалалары кезең 
шындыгымен, сол түстағы жауға қарсы жұмылдырган Отан шақыруымен 
байланысты болды десек те, жазушы қаламынан туындаған өршіл, сарабдал 
публицистикада суреткер Ғабеңе тән даралық, қолтаңба ерекшелігі айқын 
танылатын еді. Бұл еңбектер сонымен қатар қазақ прозасында тұңғыш соғыс 
тақырыбына жазылған көлемді шығарма «Қазақ батырына» («Қазақ солдатына») 
бастаған жол сияқты көрінеді. 
Жазушының «Ақиықтар» (1941), «Ел жауабы» (1942), «Фашизмге қарсы 
күрестің айбынды жауынгері - Горький» (1942), «Ел үшін туған ер» (1942), 
«Шегінбелік бір адым да» (1942), «Ту да, намыс та - біздің қолда» (1942), 
«Батырлар үрпағы» (1942), «Өмір мен өлім туралы» (1942), «Совет Одагының 
батыры» (1943), «Батырдың анасы» (1943), «Белден-белге» (1944), «Барлық адам 
баласының атынан» (1945) мақалаларында Ұлы Отан соғысы жылдарында елі 
үшін қаза тапқан батырлардың қайталанбас ерліктері мен тылдағы еңбек 
адамдарының қажырлы істері суреттеледі. 
Ғ.Мүсіреповтің бүл жылдары жазган шоқтығы биік туындылары Кеңес 
Одағының батыры, үшқыш Н.Әбдіровтің ерлігін және оның анасын суреттеген 
мақалалары. Елінің батыр ұлының образын, азаматтық тұлғасын ашуда жазушы 
публицистік суреттемелермен қатар Нұркеннің апасына, кішкентай қарындасына 
жазған хаттарын шебер пайдаланады. 
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық ізденуінің ең бір жемісті қадамы оның 
әңгіме, новеллаларынан көрінеді. Бұл жолда Ғ.Мүсірепов басқалардың ізін 
қуаламай, өз соқпағын табуға талаптанған. Әсіресе, оның үстаз тұтып, үлгі 
алғаны - орыстың озық әдебиеті. Жазушының алғашқы әңгімелері тақырыптық 
жағынан алуан бола түрса да жазылу мәнері, тәсілі тұрғысынан көптеген 
үқсастықты танытады. Мұны, әсіресе, оның «Ана туралы әңгімелерінен» анық 


байқаймыз. 
Жазушының Ұлы Отан соғысы кезінде жазған «Ер ана», «Ақлима» 
новеллалары соғыс өмірінің бір-бір көріністерінен сыр ашады. «Ақлима» атты 
новеллада жазушы кешегі Ұлы Отан соғысының халықтың есінен шықпастай 
ауыр зардаптарын көркемдікпен бейнелей алған. Әскерден балам келеді
баламнан хабар келеді деп үмітін үзбей ұдайы күткен Ақлима апайдың 
тағдырында жүрек терберлік астар бар. Жазушы қарапайым ана −Ақлиманың 
балаға деген мәңгі өшпес сүйіспеншілігін, өміршең, мұқалмас үмітін үлкен 
суреткерлікпен көрсете алган. 
Ал екінші, «Ер ана» новелласында майдан шебінің оқиғалары сөз болады. 
Мұнда, Наталья деген әйелдің басқаншы жауларга тізе бүкпей, үлкен 
патриоттық, ерлік, өжеттік көрсеткені айтылады. Натальяның бойындагы 
отаншылдық пн жоғары азаматтық сезім бірден пайда болған емес. Отанды сүю 
− оның өмір бойы бойына сіңірген жақсы қасиеті, жанының байлығы. 
Ғ.Мүсірепов новеллаларындағы аялы Нағима, Қапия, Наталья, Ақлима сынды 
анапар бейнесі тарихи дала өмірінің реалистік болмысымен біте қайнаған 
тарихи, романтикалық характерді алып келді. Тақырыбы мен идеясы үндес, 
алайда, жазылу мэнерлері мен өрнектері өзінше өрілген новеллалар көз 
алдымызға елдің анасы Ұлпанға апарар шығармашылық белестерді елестетеді. 
Бүкіл қазақ әйелінің бітім-болмысы дараланған ақиқат та осы еді. Ақлима сынды 
аналар бейнесі тарихи дала өмірінің реалистік болмысымен біте қайнаған 
тарихи, романтикалық характерді алып келді.
Қорыта айтқанда, Ғ.Мүсіреповтің соғыс тақырыбына жазған шығармалары 
науқандық шығарма емес, ұлттық тәрбиені, ерлік рухты уағыздайтын 
шығармалар. Мұнда тілдің қызметі тек көркемдік құрал ретінде ғана емес, 
танымдық мәнінде. Жазушының қай шығармасында да ана махаббаты бала 
махаббатына ұласып, бір-бірімен өзектесіп,өріліп жатады. Осылайша шексіз 
сүйіспеншілікке суарылған ана мен бала бейнелері оқушы жүрегіне жол тауып, 
жылуымен жан шуағына бөлейді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет