Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар


Дәріс 4. М. Өтемісұлының балаларға арналған шығармалары



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
дәріс (1)

 
Дәріс 4. М. Өтемісұлының балаларға арналған шығармалары 
 
Жоспар: 
М. Өтемісұлының өмірі, өмір сүрген дәуірі, балаларға арналған өлеңдері, 
олардың тақырыбы елін, жерін сүю, Отанын қорғау екендігі, ақын өлеңдерін 
көркемдік ерекшеліктері (ассонанс, аллитерация).
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы бұрынғы Бөкей хандығында, қазіргі Батыс 
Қазақстан облысы Бекетай құмында дүниеге келген. Махамбеттің: «Өтемістен 
туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік», деген өлең 
жолдарынан Өтемістің он ұлы болғанын аңғарамыз. Махамбет жас кезінде хан 
сарайында болады. Оған екі түрлі себеп бар. Біріншіден, Өтеміс балаларының 
үлкені Бекмағамбет - Жәңгір ханның он екі биінің бірі. Екіншіден, Махамбет те 
Құлмәлі аулының старшыны болып сайланады. Махамбет ел ісіне ерте араласқан, 
керекті кезеңдерде ел басын қосуға бейім, ұйымдастырғыш, қабілеті мейлінше 
күшті жастардың бірі саналған. Оның осы елдің басын біріктіргіш қабілетін өз 
қажетіне пайдаланбақ болған Жәңгір хан оны сарай ақыны етіп алуды мақсат 
тұтып, Орынборға оқуға бара жатқан ұлы Зұлқарнайдың қасына қосшы етіп 
жібереді. Хан баласының қасында болуы Махамбетке көп пайда келтіреді. Сауаты 
ашылып, орыс тілін үйренеді. Орынбордан келген соң да Жәңгір Махамбетті өз 
жағына тартып көреді. Бірақ ағасы Бекмағамбет секілді Махамбет ханға қызмет 
етуді қаламайды. Ханның еңбекші елді аяусыз қанауы, елге салық үстіне салық 
салып, әділетсіздік көрсетуі Махамбетті хан ордасынан тез бездіреді. Көп ұзамай-
ақ Махамбет ханнан іргесін аулақ салады. Бекетай құмы - Жәңгір мен Гекке 
әскерлеріне Исатай-Махамбет бастаған көтерілісшілердің қатты соққы беріп, 
үлкен ерлік көрсеткен жері. Өтемістің Бекмағамбеттен басқа хан ордасы 
маңындағы балалары да Махамбетпен бірге кетеді. Ақынның әкесі Өтеміс те 
бұқарашыл, көпшіл болған.
Бөкей тұсындағы ең елеулі 1836-1838 жыл-дары болды. Бұл көтерілістің 
ұйымдастырушысы, басшысы Исатай Тайманұлы болды. Махамбет Исатай 
батырдыңең жақын досы, кеңесшісі, әрі жорықтағы қарулас болған еді. Исатай 
мен Махамбеттің қалың қолы Бекетай құмында сәтсіздікке ұшырағаннан кейін-ақ 
көтерілісшілер ыдырап, бөлектене бастады. Исатайдан айырылған Махамбет 
Исатай туралы, көтерілісші батырлар жайында, халық басына түскен ауыр күндер 
ақында әсерлі жырлар шығарды.
Махамбет өлендерінің қай-қайсысы да ғибратқа, тағылымға, шешендік 
нақыл сөздерге толы. Олардың көпшілігі қазіргі әдеби тілімізбен астарлас, ұштас 
болып келеді. Жоғарыда келтірілген біз қарастырған
«Тайманның ұлы Исатай» өлеңінде:
…Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,


Күндердің күні болғанда
Жарамды бір теріге алғысыз, - дейтін қанатты сөздерге айналып кеткен жолдар 
бар.
Махамбет өлеңдерінің көпшілігі шұбыртпалы, кезекті ұйқастарға құрылады. 
Жоғарыдағы… деген жолдар қазақ поэзиясында кең тараған шалыс ұйқасқа 
келеді. Ұйқастың бұл түрінде бірінші мен үшінші, екінші мен төртінші жол 
ұйқасады. Ал өлеңді бастан-аяқ біртұтас алып қарасақ, ол аралас келетін ұйқас 
өлеңінің түріне жатады. Күрескер ақынның қай өлеңі де табан астында дүниеге 
келген. Сондықтан да тілі мірдің оғындай өткір, оралымды, бедерлі болып келеді. 
Махамбет өлендеріндегі романтикалық сарынның негізі халық көтерілісінің 
рухынан туған еді. Бұқара халықтың көтерілісі де, оның жыршысы Махамбет те 
жеңіліске ұшырады. Бірақ ақын күштің халықта екендігіне көзі жетіп, оның 
келешегіне нық сенім білдірді. Махамбет жақсылықты байдан да, хан мен төреден 
де сұраған емес. Оның "Ұл туса", "Ереуіл атқа ер салмай" дейтін өлең-жырлары 
жарқын үмітке толы. Махамбет өлеңдерін жеткізушілердің жадында сақталған 
ақынның негізгі шығармалары 1925 жылы Ташкент қаласында «Исатай-
Махамбет» жинағында басылды. Мұнда Махамбет өлеңдері «Махамбет батырдың 
Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі», «Ереуіл атқа ер салмай», «Махамбет 
батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы», «Махамбет батырдың басқа 
сөздері» 
деген 
төрт 
тақырыппен 
берілген. 
Алғашқы 
тақырыптағы 
шығармаларының ішінде ақынның Баймағанбетке айтқан сөзінен өзге де өлеңдері 
бар. Алғашқы тақырып – 28 өлең, екінші, үшінші тақырыпта бір-бірден екі өлең, 
төртінші тақырыпта 39 өлең қамтылған. Кітаптағы түсінікке қарағанда Махамбет 
өлеңдерінің көбі ұмытылған, жинаққа енген ақын мұрасының бір шоғыры ғана. 
Махамбет өлеңдерін жинау, жариялау, зерттеу ісінде белгілі ғалым Қажым 
Жұмалиев елеулі еңбек етті. Ол Махамбет өлеңдерінің 1939, 1948, 1951, 1958, 
1962 жылғы басылымдарын жариялады, ақын творчествосы хақында мерзімді 
баспасөз беттерінде оқулықтар мен әдебиет тарихтарына мақалалар, зерттеулер 
жазды. 
Қ.Жұмалиев ақын өлеңдерінің 1939 жылғы басылымына жаңадан екі өлең
1948 жылғы жинағына он екі өлең, 1958, 1962 жылғы жинақтарына тоғыз өлең 
қосты. Ғалым бұл өлеңдерді ел аузынан жинады, Ғ.Зарипов, М.Тілеужанов, 
Б.Аманшин сияқты әдебиетші, қаламгерлер жинаған деректерге сүйенді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет