Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар


Дәріс 6. Абай және балалар әдебиеті



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
 
 
Дәріс 6. Абай және балалар әдебиеті 
Жоспар: 
Абайдың қазақ балалар поэзиясын мазмұн жағынан тереңдетуші, түр 
жағынан жаңартушы, ірі ойшыл, әдебиетіміздің классигі екендігі, балаларға 
арналған табиғат лирикасы, өнер-ғылымға шақырған өлеңдері, қара сөздері, 
аудармалары, лирика ұғымының мағынасы. Бастауыш «Ана тілі» оқулықтарында 
берілу жайы мен оқыту жолдары. 
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушысы, 
сонымен бірге ұлы ойшылы.
Абай шығармашылығы − өз заманының, тіпті бүгінгі күннің шындығын 
танып білуге себін тигізетін аса бай мұра. Ол − өз дәуірінің шеңберінде ғана 
қарастырылатын тарихи өткінші дүние емес, заман ауысып, уақыт озған сайын 
қоғамдық ой-санаға ықпал, әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл 
мұра.
Н.Ә.Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты баяндамасында: «Қазіргі таңда 
Абай шығармаларын оқытып, оларды талдау арқылы оның түпкі ойын, идеясын 
танытып, мектеп оқушыларын ақын армандағандай ұлтжанды, елінің мұң-
мұқтажын түсінетіндей етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Бұл міндетті М.Әуезов 


айтқандай, «қуаты күшті нұрлы сөздің» иесі – Абай, оның артында қалдырған мол 
мұрасы, асыл қазынасы – оның көркем шығармалары. Олай деуімізге толық негіз 
бар. Абай шығармалары сұлу сөзбен өрнектелген, адамды адамгершілік 
тұрғысынан жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасып жатқан 
философиялық тұжырымдар. Абай балаларға арнап шығарма жазбады. Бірақ оның 
ересектер үшін жазған шығармаларының тілі балалардың оқуына соншалықты 
түсінікті, мазмұны тартымды, қызықты»- делінген.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М Әуезов болды. 
Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып 
тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына 
жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтың Абай жөніндегі 
зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылды. Әсіресе, 1957 жылы 
«Ғылым» баспасынан жарық көрген, М. Әуезовтың басшылығымен және тікелей 
қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының 
Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет
.
«Абай жолы» - М. Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы-
қазақтың тұңғыш эпопеясы. Бірінші-кітабы 1942 жылы, екінші кітабы - 1947 
жылы , үшіншісі - 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Эпопеяның 
Абай атанған алғашқы екі кітабы ССРО Мемлекттік сыйлығы 1949 жылы «Абай 
жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық 1959 жылы ( бір мың тоғыз жүз 
елу тоғызыншы) берілді. 
1954 жылы Алматы киностудиясы түсірген Абай деректі фильмі жарық 
көрді. "Мектеп баспасы" 1976 жылы авторы Қ. Оразалин "Абай ауылына саяхат" 
очерктер жинағы баспадан шықты. 
1934 жылы Алматыдағы көркем әдебиет баспасынан жарық көрген Абайдың 
«Таңдамалы өлеңдер жинағы", Абай Құнанбаевтың 1936 жылы Москвадан 
Алматыға Қазақстан өлкелік баспасы дайындауымен шыққан орыс тіліндегі 
кітабы. 
1956 жылы "Абайдың қара сөздері" (авторы X. Сүйіншәлиев). 
1986 жылы Пекиндегі "Ұлттар" баспасынан "Абай қара сөздері" жарық 
көрді. 
Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. («Мектеп» 
баспасынан авторы Қ. Өмірәлиев). Кітапта Абайдың нақыл сөздерін сабақта 
пайдалану жолына тоқталған. 
«Абай – сатирик» жинағы ақынның 125 жыл толуына байланысты баспадан 
шықты. 
Ұлы ақынның мұрасын танып білу мақсатымен республикалық жоғарғы оқу 
орындарында арнаулы пән «Абайтану арнайы курсы» «Абайтану» сабағы өтіледі. 
«Абайтану бағдарламасы» ұлы ақын мұрасы туралы ізденістер мен зерттеулердің 
бірізге түсіп жүйеленген жоспары. 
1995 жылы «Абай энциклопедиясы» (бас редакторы Р.Н. Нұрғалиев 
басшылығымен ) «Атамұра» баспасынан жарық көрді. 
Энциклопедия қазақтың ұлы ақыны данышпан перзенті, қазақ жаңа жазба 
әдебиетінің негізін салушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың (1845-1904 ж.ж.) өмірі 
мен шығармашылық жолына арналған. Абайдың өскен-өнген ортасы, бай 


мұрасы, дүниеге көзқарасы, әстетикалық, поәтикалық қоғамдық-саяси пікірлері 
сөз болады. 
Абайтанудың арғы бастау бұлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен 
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын 
ауызға аламыз. А Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай-
қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: 
«Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын 
болған жоқ»
- деп Абайды аса жоғары бағалады. 
40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде 
жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, әстетикалық, 
философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, 
ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген 
еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, 
Қ.Мұхамеджанов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев, 
М.Мырзахмет, А.Ысқақов, Р. Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты
Бала күнінде ескіше хат таныған Абай он екі жасында Семейде Ахмет Риза 
медресесіне түседі. Абай он төрт жасында медреседе оқи жүріп, үш ай орыс 
мектебінен дәріс алады. М.Әуезовтың еңбегінде: «Абайдың үш-ақ жыл оқуы сырт 
көзге аз оқу болса да, өзіне көп жаңалық беріп, көп жаңа дүниенің шетін ашқан 
сияқты. Алдымен ақындарды көп оқуы себепті Абай араб, парсы тілін сол үш жыл 
ішінде жақсы біліп шыққан. Мұның белгісі сол заманнан қалған бірен-саран 
өлеңдерінен білді....» дейді. 
Қаладағы оқудан шығыс ақындарын сүюді, ақындықты сүюді ала келген 
Абайға ендігі зор тәрбиеші, ұстаз-қазақтың халық қазынасы болады. 
Осылайша ел даналарын танып, соны ерте қамтуы, жас талапкерге жаңа зор 
мектеп болады»,- дейді. 
Ел билеу ісінде өзіне қажет еткен Құнанбай оқуын аяқталмаған Абайды елге 
алдыртады. Абай ру арасындағы әртүрлі мәселелерге араласа бастайды. Абайдың 
ел ісіне ерте араласуына ру арасындағы талас-тартыстың байыбына барып, көп 
жайларға өзінше баға беруіне, сол арқылы болып жатқан мәселелерге сын 
пікірінің қалыптасуына көп ықпал жасайды. Ерте есейіп, ұтымды сөз, өткір тіл, 
байсалды ақыл, білім, парасат жағынан дамып, толыға, байи түседі. 
Абайдың қалыптасуындағы алғашқы ұстазы − өз әкесі Құнанбай 
болғандығы айқын аңғартатын мәліметтер баршылық. Ел ісіне ерте араласуы 
Абайға жаңа міндеттер жүктейді. Мәселен абайтанушы Д.Досжан пікірінше, 
Құнанбай өз заманында, билік құрған кезінде, өмір бойына екі сауалға жауап 
іздеп өткен пәлсапа ойдың иесі. Бірінші сауал: адамшылық борыш деген не, оны 
қалай өтуге болады. Екінші сауал: арғы-бергің тарихта есімі қалған кісілер Адам 
атын қалай арқалаған, адам болып өтуге нендей хикметтер, тіршіліктер жасауға 
қажет. Ақынның араб, парсы тілін меңгеруі шығыс ақындарын оқып, шығыс 
әдебиетіне еркін бойлауына көп игі ықпал еткен. Абай шығыс ақындарының 
шығармаларын танумен ғана шектелмей, өзі де шығыс үлгісіндегі өлеңдер жазған. 
Ақынның алғашқы жазған «Иузи раушан, көзі гауһар», «Әліфби», «Физули, 
Шәмси, Сайхали» өлеңдері шығыс ақындарына еліктеуден туған.


А. Құнанбаев шығармаларын (өлеңдері мен қара сөздері) жан-жақты талдап, 
зерттейтін болсақ, олардан қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің даму жолын, 
халық шығармашылығында өз көрінісін тапқан қазақтардың дүниетаным деңгейін 
аңғара отырып, ұлы ақын ағартушының тәрбиеге байланысты айтқан көптеген 
құнды пікірлерін көруге болады. Абайдың қазақ балалар поэзиясын мазмұн 
жағынан тереңдетуші, түр жағынан жаңартушы, ірі ойшыл, әдебиетіміздің 
классигі екендігі, балаларға арналған табиғат лирикасы, өнер-ғылымға шақырған 
өлеңдері, қара сөздері, аудармалары, лирика ұғымының мағынасы.
Қазіргі таңда қолымызда барын пайдаланып жүрген бағдарламады және соған 
сай жасалған «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында Абай шығармаларының ішінде 
кейбір өлеңдерінен үзінділер («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай 
мақтанба», «Қыс», «Күз», «Жазғытұры» т.б. және мысал аудармаларынан 
«Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі», «Есек пен бұлбұл») берілген. 
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп-жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше 
тоқтала келіп, өзінің он тоғызынша қарасөзінде «Адам баласы туа сала есті 
болмайды. Естіп, көріп, ұстап, танып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана 
естілер қатарында болады. Естіген нәрсенің есте сақтау, ғибрат алу есті етеді»-деп 
ақыл-естің, тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп 
береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс 
көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған 
жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген 
тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық 
имандылық тұрғысынан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. 
Әдептілікті, сыпайлықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге 
жатқызса, сенгіштік, арсыздық, мақтаншақтық, қулық , жауыздықты т.б. жаман 
мінез деп есептейді
.
Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл, білім, ғылым, ар, мінез деген 
нәрселермен озады, одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-
дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап 
көрсете білді. 
Өсе, ер жете келе, тәрбие құралдары арқылы бала жанына жақсылық 
ұрықтарын егіп, игі сезімдерге, адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Ақын бала 
мінезін қалыптастыруды ата-анасының, ұстаздарының, құрдастары мен 
достарының үлгі-өнегелері мен тәрбиесінің маңызы зор деп дұрыс түйіндейді. 
Осы айтылғандар және жеке басының ерекшеліктері жайлы айтқан 
психологиялық пайымдаулары өзінің ғылыми тереңдігімен ерекше бағалы. 
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның 
баласы болма, адамның баласы бол..... Жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа 
тисін» деген гуманистік ой-пікірлерді қуаттау болды. Оның жастарды 
тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері 
Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б. орыстың ойшыл педагогтары Л.Н.Толстойдың, 
К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр.
Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік әдеп, мораль мәселелері 
қазақ халқының рухани азығына айналып отыр. 


«Ақыл ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары 
бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы. 
Ынсап, ұят, ар-намыс,сабыр,талап, 
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.... 
Терең ой, терең ғылым іздемейді 
Өтірік пен өсекті жүндей сабап,-деп кейбір жастардың іс-әрекеттеріне 
кейістік білдіреді. 
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым-ойлап қой. 
Бес асыл іс көнсеңіз,-деп елқамын ойлаған жастардың 
бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу 
үшін адам бойындағы қасиетттердің қалыбы үш нәрсеге үш нәрсеге байланысты 
екенін айтады: 
«...Ақыл,қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек»,-деп адам мінезіндегі орынсыз 
мақтан, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты 
жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді еске сақтау, 
көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ ұстау, нәпсіні 
ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді. 
Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты
әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға 
байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым 
жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық 
тұрғысынан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, 
сыпайлықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, 
сенгіштік, арсыздық, мақтаншақтық, қулық, жауыздықты т.б. жаман мінез деп 
есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, 
болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен-өзің есеп ал»-дейді. 
Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше 
тоқталады. Абай: «Адам баласы бір-бірінен ақыл,білім,ғылым, ар, мінез деген 
нәрселермен озады, одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-
дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік 
көзқараспен түсіндіреді. Адамның жақсы,жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы, 
генетикалық негізге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, қарсы 
Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің 
отыз жетінші қарасөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам 
мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»- деді. 
Абай жастардың белгілі мамандықты игерін уағыздады. Өзінің отыз үшінші 
қара сөзінде «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер 
жұтамайды»деп, жастардың сегіз қырлы, бір сырлы, өнелі азамат болуын қалады. 
Орынсыз мақтанмен мал шашатын дарақыларды мінеп-сынап: 
Адалдан тапқын тиынды 
Сол да сақта қапшыққа
Қолдағыңды қорғап бақ 


Мал арзан деп аптықпа,- деп ұқыпты бол, адалдан тапқан 
малды орынды жеріне жұмсай біл деп ақыл-кеңес береді. 
Абай ел қыдырып, ас ішіп, аяқ босатар, жатып ішер жалқау жастарды мінеп-
сынай келе: 
Жалға жүр, жат елге кет,мал тауып кел, 
Малың болса сыйламай тұра алмас ел.... 
Талаптан, талпын, адал еңбек ет. 
«Есек артын жусаң да» адал еңбекпен мал табудың арлығы жоқ, «егіннің ебін, 
сауданың тегін үйрен» дегенді насихаттайды. Қулық-сұмдық, ұрлықпен мал 
таппақ болатын жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп күн көрушілердің 
арман пиғылын әшкерелеп, «ұрлық түбі - қорлық» , - адалдан тапқан мал мұратқа 
жеткізеді, «еңбек түбі зейнет» денегді өнеге тұт дейді. 
Жастардың белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануы, адал 
еңбекпен мал табуды уағыздаған ұлы ақын оларға: 
Әсемпаз болма әрнеге 
Өнерпаз болсаң, әрқашан
Сен де бір кірпіш дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалан, - деп өмірден өз орныңды таба біл, қоғамның 
пайдалы азаматы бол деп өсиет айтады. 
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда 
болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын 
тіршіліктің тұтқасы, өмірдің заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз 
нысанасы екені даусыз. 
Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сана еңбек 
барысында қалыптасатындығы туралы «ақыл ғылым: бұлар – кәсіби» дейді. 
Ақын 
адамның адамгершілік, имандылық, моральдық, эстетикалық 
сезімдеріне айрықша мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарытуды адам жаман 
мінездерден арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді. «....Ғылымды, 
ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын. Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я 
біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез-келген қызыққа шайқалып қала берсең, 
мінездің беріктігі бұзылады» деп ескертеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет