Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
дәріс (1)

Дәріс 

Ағартушы демократ ақын-жазушылардың (С.Көбеев, 
С.Торайғыров, С.Дөнентаев) балаларға арналған шығармалары. 

Жоспар: 
ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық жағдай және оның ағартушы демократ 
ақын жазушылардың шығармашылығына әсері. С.Көбеевтің өмірі мен 
шығармашылығы. 
«Үлгілі 
бала», 
«Үлгілі 
тәржіме» 
кітаптарындағы 
И.А.Крыловтан аударған мысалдарының танымдық, тәрбиелік мәнін, көркемдік 
ерекшеліктері. С.Торайғыровтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.
С.Дөнентаев – мысал жанрының шебері. Бастауыш «Әдебиеттік оқу» 
оқулықтарында олардың шығармаларының берілу жайы мен оқыту жолдары. 


ХX ғасырдың бас кезінде Қазақстанда халық ағарту жұмысына, сахарада 
мектептер ашуға, прогрессивті педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуына, 
жастарды орыстың озық білімі мен мәдениетінен үлгі-өнеге алуға шақырып, ұлы 
адамдардың ізімен жүрген, олардың ағартушылық, гуманистік, демократтық 
идеяларын ілгері дамытқан бір топ қазақтың ағартушы-демократтары, жаңашыл 
педагогтары: С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, А.Балғынбаев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, 
Т.Жомартбаев, З.Әміреұлы, А. Құрманбаев, т.б. есімдері зор құрметпен аталады 
С.Көбеевтің педагогикалық, ағартушылық қызметіне талдау жасасақ, оның 
шығармашылық іс-әрекеттерінің Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеяларымен 
сабақтастығы байқалады. Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, оқыту туралы 
көптеген құнды пікірлер айтқан, қазақ мектебінің іргетасын қаласып, 
қалыптасуына зор еңбек еткен ағартушы-демократтардың бірі – С.Көбеев. Ол 
мектеп қабырғасында жүргеннің өзінде Ыбырай Алтынсарин сияқты шын 
мәніндегі халық қамқоршысы болу: ғасырлық қапастық тұңғиығында тұншығып, 
отырған елін жарық-сәуле, оқу-білімге, өнерге уағыздау, жас балғындарға дәйекті 
білім беру, сана-сезімін ояту мақсатын алдына қояды. 
Қазақ халқының сүйсінер ұлдарының бірі, тамаша педагог, белгілі ағартушы-
демократ, көрнекті жазушы, білгір аудармашы, гуманист Спандияр Көбеев 1878 
жылы 14 қазанда бұрынғы Торғай облысы Николай уезі Обаған болысының кедей 
отбасында дүниеге келген. Спандиярдың әкесі Көбей – мұсылманша хат таныған, 
шыншыл, қол өнерімен (етік тігу, балташылық кәсіп, т.б.) күн көрген адам. Ол 
балаларын оқыту жайын көп қарастырған. Анасы Айбоз да, жазушының 
айтуынша, қайратты, есті, ауылдың ортақ анасы болып, қадірлі адам болған. 
Отбасының жарастығы, үлгілі тәрбие болашақ педагог-жазушының мінез-
құлқының қалыптасуына да әсер еткен. Спандияр мектеп жасына жетіп қалған 
кезде ауылда «Ыбырай Алтынсарин мектеп ашады» екен деген хабар тарап, әкесі 
баласын осы мектепке орналастыруды армандайды. Бірақ мектеп ашу ісі 
созырыңқырап кетеді де, Көбей 9 жасар Спандиярды ескіше оқуға береді. Алайда 
діни-схоластикалық мектептің қатал дене жазасына шыдай алмай, Спандияр 
оқуды тастап кетеді.
1887 жылы әдейі Ыбырай мектебі ашылады да, Спандияр ұлы ағартушының 
өз көмегімен сол мектепке орналасады. Оны 1892 жылы бітіреді. Содан кейінгі 
жылдары Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық болысты мектептем (1892-
1895), Қостанай қаласындағы екі жылдық орыс-қазақ мектебінде (1895-1897) 
оқиды.
Қостанайдағы екі сыныпты орыс-қазақ училищесін бітіргеннен кейін атақты 
ұстазының 
көмегімен 
ауыл 
мектептерінің 
мұғалімдерін 
даярлайтын 
педагогикалық кластан білім алған. Сонда оқып жүрген кезінде-ақ алғыңғы 
қатарлы орыс-қазақ жастарымен жақын достық байланыста болды. Ол 
қаршадайынан шыншыл, елгезек, еңбек сүйгіш, әр нәрсені пайымдағыш, алғыр 
боп өседі. 
Көбеев мектеп қабырғасында да, Қостанай қаласында ашылған екі жылдық 
педагогикалық класта жүрген кезінде де орыстың ұлы жазушылары: Пушкин, 
Лермонтов, Гоголь, Чернышевский, Толстой, Тургенов, т.б, шығармаларын 


оқыды: Ушинский, Коменский, Песталоции, Дистерберг, т.б педагогикалық 
еңбектерімен танысады. 
Болашақ педагог-жазушы бұдан кейін тағы да оқып, мұғалім болуды 
армандайды. «Ыбырай өлімі менің оқытушы боламын деген ынта-ниетімді енді 
біржолата баянды етіп, бекітті» дейді ол [4]. Сол ниетпен Орынбордағы 
оқытушылар семиариясына түсуге талаптанады да, оның сәті түспей қалған соң 
1898 екі жылдық курсқа түсіп, 1901 жылы бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімі 
болып шығады.
Спандияр Көбеевтің үлкен-үлкен 2еңбегі бар. Оның Қазан төңкерісіне дейін 
жазған «Үлгілі тәржіме» (1910), «Үлгілі бала» (1912) атты оқу құралдары бар. Сол 
кезенде бұл екі оқулық таптырмас оқу құралдары болды. Көбеевтің танымал 
романы бұл:«Қалың мал»(1913) романы. «Үлгілі тәржіме» мен «Үлгілі бала» оқу 
құралдарына негізінен Көбеевтің орыс ағартушыларынан аударған аудармалары 
енгізілген. Оқу құралына енген шығармаларында өнегелік, өсиеттік, табиғаттану 
сияқты бала тәлбиелеуге қажет, педагогикалық, дидактикалық, ағартушылық 
мәселелерімен қатар, әлеуметтік өмірдегі теңсіздік, әйел теңдігі, ескіліктің 
көптеген қатал тәртібін, фоедалдық әдет-салт заңдарын әшкереледі. Көбеев
«Қалың мал» романында қазақ әйелінің ауыр, аянышты халімен бірге феодалдық 
дәуірдегі адам айтқысыз тағылықты сынады. Ол әйелге бостандық беріп, оны 
қадірлеуді, оны оқуға, қоғамдық жұмыстарға тартуды жақтады 
1.Қазақ халқының сүйсінер ұлдарының бірі, тамаша педагог, белгілі ағартушы-
демократ, білгір аудармашы, гуманист Спандияр Көбеев 1878 жылы 14 қазанда 
бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі, Обаған болысының кедей отбасында 
дүниеге келген. Спандиярдың әкесі Көбей – мұсылманша хат таныған, шыншыл, 
қол өнерімен (етік тігу, балташылық кәсіп, т.б.) күн көрген адам. Ол балаларын 
оқыту жайын көп қарастырған. Спандияр мектеп жасына жетіп қалған кезде 
ауылда «Ыбырай Алтынсарин мектеп ашады» екен деген хабар тарап, әкесі 
баласын осы мектепке орналастыруды армандайды. 1887 жылы әдейі Ыбырай 
мектебі ашылады да, Спандияр ұлы ағартушының өз көмегімен сол мектепке 
орналасады. 
Оқу құралдарының қазақ мектептерінде тапшылығы өз өмір тәжірибесінде 
көрген С. Көбеев 1912 жылы «Үлгілі бала» атты қазақша оқу құралын 
(хрестоматия) құрастырып оны Қазан қаласында тұратын ағайынды Мұхамеджан 
және Шәріпжан Кәрімовтердің баспаханасынан бастырып шығарды. Шынында да 
«Үлгілі тәржіме», «Үлгілі бала» кітаптарынан тек жас жеткіншектер ғана оқып 
білім алған жоқ, ересек адамдардың өздері де оларды құмарта оқып, көбі сауатын 
алғаш рет солардан ашқаны мәлім. 
Өмірдің өзінен алып жазған тарихи шындық бала санасына әсер етіп, жетім 
жесірге деген оның мейірімділік сезімін тәрбиелейді. Өзінің «Халық мұғалімі
жазушы Спандияр Көбеев» деген мақаласында академик-жазушы Сәбит Мұқанов: 
«Жетім боп, осы өлеңде айтылған шындықтың ортасында өскен менің көз 
жасымды бұл өлең бала кезде талай тамызып еді. «Үлгілі бала» оқулығы 
Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясынан» кейін қазақ тілінде жазылған 
бірінші құнды оқулық болды»,-деп жазды.


2. С.Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін 
әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр 
кентіне таяу жерге қоныстанған. С.Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 
13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге 
үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің 
Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық 
Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді 
жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз 
болған. 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар 
тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылдары 
Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған 
ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе 
оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. 
Осы кезден ақындыққа ден қойып, 1912-13 жылдар аралығында“Оқып жүрген 
жастарға”,“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),“Ендігі беталыс”, “Оқудағы мақсат не?”, 
“Анау-мынау”, “Досыма хат”,“Шығамын тірі болсам адам болып” оқу-білімге 
шақырған өлеңдері жарық көреді. 
С.Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз 
поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-
түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы 
“Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. 
Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың 
“бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ 
халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. “Адасқан өмір”, “Кедей” 
поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті 
іздеу болып табылады. “Адасқан өмір” – С.Торайғыров шығармашылығының зор 
табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен 
таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. 
Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, 
теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ 
жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз 
тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік 
қорытындыға саяды.
3. С.Дөнентаев Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. 
Әкесі Дөнентай кедей еді. Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең 
жазу бастады. 1916 жылы маусымның 25 патша жарлығымен жасы 19 мен 43 
арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының 
жігіттер майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған. Екібастұздың 
көмір қазатын болды, кейін Рига қаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған. 
1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін 
қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ 
халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен 
дамуына шақырады.Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Кеңес үкіметі 
орнаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа 
халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді


жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді. Мектептерде мұғалім болып 
жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай 
ағартушылар сол кезде керек еді, өз уақытында А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы 
тағы басқалар мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген. 1923 жылынан 
бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиі латын 
әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған. С.Дөнентаевтың шығармашылығына 
Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi. 1913 жылы 
«Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл 
журналда кезінде С.Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi 
шыққан. Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» 
мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер 
еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-
толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» – жастарға үгіт-
насихат. «Көркемтай» повесі жетімнің тағдыры туралы жазылған балаларға 
арналған шығарма.
«
Көркемтай» әңгімесі Орынбор қаласында шығып тұрған 
«Жас қазақ» журналының № 4–6 сандарында 1924 жылы басылған. Әңгіме аяғына 
«Жетім» деп қол қойылған. Автор әңгіме басынан-ақ Көркемтайдың ана 
махаббатына бөленіп өсіп келе жатқан жас жеткіншек екендігін білдіреді. 
Жазушы Көркемтай өмірінде болатын кейінгі келеңсіз жайттарды тағдырдың 
қатал соққысы ретінде сипаттайды. Көркемтай — қайырымсыздық құрбаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет