Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет11/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
#include
int main()
{int a = 11, b = 4, max;
max = (b > a)? b : a;
printf("Максимум: %d", max);
return 0;
}
Программа жұмысының нәтижесі:
Максимум: 11
Тағы бір мысал келтірейік. Белгілі бір бүтін шама – i берілген n санынан артық болмаса, бірге артады, әйтпесе бірге тең болады:
i = (i < n) ? i + 1: 1;
Қалған операциялар кейін қарастырылады.
Басқару операторларын орындау
С/С++ тілдерінде циклдің үш түрі, тармақталудың екі түрі бар. Олар программа­лауды жеңілдету мақсатында жасалған, сондықтан әрбір жағдайда өзімізге ыңғайлысын таңдап алуымыз керек. Ең бастысы – кез келген программа айқын, әрі нақты түрде құрастырылған жеке блоктардан тұруы тиіс.
Программа жұмысын басқару операторларын программаның бас­қа­рушы конструкциясы деп атайды. Олар: құрама операторлар;таңдау операторлары;цикл операторлары;көшу операторы.
«Өрнек» операторы. Нүктелі үтірмен аяқталатын кез келген өрнек белгілі бір мәнді есептейтін меншіктеу опера­торы болып саналады. Бос оператор да өрнектің бір түріне жатады, ол жай ; операторы (бұл синтаксис бойынша оператор қажет етілгенмен, мағынасы бойынша ол керек болмайтын кезде пайдаланылады). Мысалдар:
k++; // инкремент операциясы орындалады
a*= b+c; // көбейте отырып меншіктеу операциясы орындалады
fun(m,n); // функцияны шақыру операциясы орындалады
Тармақталу операторы. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдас­тыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақ­талу белгілі бір шарт­тың орындалуы немесе орындал­мауына тәуелді атқарылады. Кей­де бір тармақ ішінде еш­бір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логи­ка­­лық өрнектің мәні пайдаланылады. С++ тілінде екі шартты оператор бар, олар: іf және switch.
Шартты оператор. Іf шартты операторы – програм­мадағы іс-әрекет­тердің табиғи орындалу реттілігін өзгер­тетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі. Оның құрылымдық схемасы 6.1 суреттегідей болып өрнек­те­леді де, орындалуы кезінде есептеу жолы екіге тармақталып кетеді. Суретте көрсетілген құрылымдарға сәйкес бұл оператор мынадай түр­де жазылады:
іf (өрнек) 1-оператор; [ else 2-оператор; ]
(оқылуы іf – иф, else – элс). Mұндағы 1-ші және 2-ші операторлардың өздері қарапай­ым немесе құрама оператор болуы мүмкін.
Алдымен іf сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт есеп­теледі, ол арифметикалық типте немесе нұсқауыштық типте болуы тиіс. Егер ол шарттың мәні true (иә), яғни ақиқат бол­са, онда 1-оп­е­­ра­тор атқарылады, онда else сөзінен кейінгі 2-оператор атқа­рылмайды. Екінші жағдайда, шарт мәні false (жоқ), яғни жалған болса, онда else сөзінен кейінгі 2-оператор атқарылып, 1-оператор атқарылмайды. Іf операторлары бірінің ішіне бірі кіріп қабаттасып та орындала береді.
Тармақтың бірі болмайтын жағдайда, else сөзінен кейінгі 2-оператор жазылмайды. Егер бір тармақта бірнеше операторларды орындау қажет болса, оларды блок түрінде жүйелі жақшаға алып жазу керек, әйтпесе компилятор тармақтың қай нүктеде аяқталатынын анықтай алмай қалады. Блокта кез келген операторлар жазыла береді, кейде онда тағы да шартты оператор орналасуы мүмкін.

Әдетте, шарт өрнегін жазу үшін қатынас (салыстыру) белгілері =, >, >=, <, <=, <> жиі пайдаланылады. Жалпы түрде шартты k1 k2 түрінде қарастыруға болады, мұнда – салыстыру белгілерінің бірі, k1, k2 – тұрақты, айны­малы немесе кез келген өрнек болуы мүмкін. Бір мезгілде бірнеше шартты, яғни күрделі құрама шартты жазу үшін логикалық амалдарды пайдала­нуға болады.


Мысалдар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет