Дәрістер кешені


-тақырып. Ұжымды басқарудағы бастықтың ролі



бет12/27
Дата26.02.2023
өлшемі91,59 Kb.
#69967
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
№6 Лекция курсы

10-тақырып. Ұжымды басқарудағы бастықтың ролі.

Сұрақтар:
Билікті жүргізу.
Ұжымның мотивациясы мен команданы қалыптастыру.

Кадрларды реттеу және іріктеу тәжірибесін жетілдіру, олардың еңбектерін ынталандыру, қызмет бабында өсуі, олардың кәсіби мамандықтанын жетілдіру, ғылыми негізінде жасалған қызметкердің іскерлік бағалануымен байланысты. Бағаланудың маңыздылығы жекелеген дәрежелерге бірдей болмағанымен, ол барлық дәрежедегі қызметкерлерге қатысты.


Әрине, мекеменің басшылығын, аға мамандар іріктеуде адамның іскерлік және жеке басының қасиеттерін бағалау - өте күрделі есеп, тіпті мамандырылған жұмысшылардың мамандығын игеруден де маңызды. Бір салада қызмет істеушілерді бағалау алдымен, басшылардың, мамандардың және қызметкерлердің бір салада істеушілерді басқаруда жұмыстың маңызды бір түрі болып табылады. Қызметкердің бағалануы – бұл қызметкердің жеке бас қасиетін, оның іс-әрекетінің саналылығы мен сапалығының нәтижесін белгілі бір талаптарға сәйкестендіру, оған қойылған лауазым міндеттерін, өзгешеліатерін және еңбек мазмұнын білдіретін істің атқару тәртібі, сонымен қатар, өндірісті тиімді ұйымдастыруы, онда жұмыстың ұтымды әдістерін пайдалану, техникалық құралдарды және т.б. талап ету.
Бағаланудың міндеттері:

  • қызметкердің потенциалды мүмкіндіктерін бағалау;

  • кәсіби хабардарлығын бағалау;

  • қабілеттілігін жүзеге асырудағы мүмкіншілігін бағалау;

  • жұмыстың орындау барысында жобалауымен сәйкестігін бағалау;

  • еңбек нәтижесінің нормативті талаптарға, жоспарланған көрсеткіштерге, қойылған мақсаттарына сәйкестігін бағалау;

  • қызметкерді ынталандыру.


Бағаланудың міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін:
- кадрларды орналастырудағы кандидатураларды белгілі бір лауазымның алға басуын іске асыру;
- қызметкерлердің мамандықтарын жоғарлап отыруын қадағалап тұру;
- олардың еңбектегі іс-әрекет еңбек ақы төлеудегі нәтижесімен тығыз байланысты етіп ынталандыру;
- басшылардың жұмыс әдістері мен түрлерін жетілдіру;
еңбекке жағымды қатысын қалыптастыру, жұмыстан қанағаттандырылуын қамтамасыз ету, және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет