Тақырыбы: Майда еритін витаминдер
Дәріс тезистері: 1. А витамині (ретинол, антиксерофталмалық витамин).
2. D витамині (кальциферол, антирахиттік витамин).
3. Е витамині (токоферол, антистерилдік немесе өсіп-өну витамині).
4. К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин).
5. F витамині (қанықпаған май қышқылдары).
6. Q витамині (унихинон).
7. Химиялық табиғаты мен қасиеттері.
8. Авитаминоз.
9. Антивитаминдер.
Көптеген дәрумендердің тағамдық көзі ретінде жасыл жапырақты көкөністер, өсімдік майы, майлы ет және сүт тағамдарын қолданған жөн. Майда еритін дәрумендер суда еритіндерге қарағанда көбінесе жоғары температураға төзімді, бірақ ультракүлгін сәулелену және тотығу әсерінен бұзылады.
А витамині“А витамині” химиялық құрылысы ұқсас топтарды құрайды – ретинол (А витамині), дегидроретинол (А3 витамині), ретиналь (А алдегид витамині), ретинді қышқылды, олардың эфирлері. Олардың көбісі А витаминінің туындылары. Ол изопрен туындысы, циклді қанықпаған спирт, май қышқылдарымен оңай эфир түзіп, сол күйінде ұлпаларда жиналады. Екі байланыстың болуы оңай қышқылдану нәтижесінде альдегид түзуімен түсіндіріледі. А витамині гормонтектес қосылыс ретінде клеткалардағы геномдарды экспрессиялау қатарын реттейді. Редокс дәрумен. А провитамині – α-, β-, γ-каротиндер, криптоксантин және басқалары. Табиғатта А витамині тек жануарлар ұлпасында кездеседі. Оған балық майы бай, ерекше – акула, палтустық түрлерінде көп. Төменірек – нәлімде (19 мг/дл). Жануарлар бауырында А витаминінің мөлшері аздау, жұмыртқа, сары май, қаймақ және сырда кездеседі. Каротиноидтар – өсімдік синтезінің өнімі.
К дәрумені (филлохинон)К тобындағы дәрумендерге филлохинон (К1), менахинон (К2) және нафтохинон туындылары жатады. Осының ішінде К1 дәрумені К2-ге қарағанда белсендірек. К дәрумені – майда еритін дәрумен. Оның биологиялық құрылысына қарап, гормонодәрумен деуге болады, өйткені ол ақуыздарды индукциялайды. К дәруменінің коферменттік қызметі және редокстік қасиеті, яғни протондар мен электрондарды қабылдау мен беру қабілеті бар.