Дәрістер тезистері



бет12/14
Дата14.10.2023
өлшемі41,81 Kb.
#113785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дәріс тезистері Биологиялық активті заттар

Е витамині (токоферол). Өсімдіктерде синтезделетін витамерлер тобы Е дәрумені деп аталады. Олардың ішінде α-, β-, γ- токоферолдар кең тараған. Е дәрумені өсімдік пен жануар майларында кең таралған. Сонымен қатар, барлық табиғи тағамдарда, белоктық өнімдерде, шырғанақ, жүгері, бидай, жұмыртқа, шпинат, авокадо, жаңғақ, алмада кездеседі. Е витаминінің маңызы – клетка мембранасын тұрақтандыратын ең күшті антиоксидант.

1


12

Тақырыбы: Гормондар – эндокриндік бездер деп аталатын ішкі секреция бездерінен қанға бөлінетін химиялық хабаршылар. Бұл гормондар денедегі нысана-жасушалар мен ұлпаларға әсер етеді. Мысалы, өсу гормоны ми астындағы гипофиз безінен бөлінеді. Өсу гормоны бүкіл денедегі жасушалардың бөлінуі мен өсуін ынталандырады. Инсулин – бауыр мен бұлшықеттерге қандағы глюкозаны алуға және сақтауға көмектесетін гормон. Ол ұйқы безі деп аталатын безден бөлінеді. Ағзада көптеген әртүрлі гормондар әрекет етеді. Өсу гормоны сияқты кейбір гормондар көп жағынан әсер етсе, ал инсулин сияқты гормондар нақты бір жағынан әсер етеді. Адреналин сияқты кейбір гормондар өте тез, ал тестостерон және эстроген сияқты гормондар ұзақ уақыт бойы әрекет етеді. Гормондар тіршілік ету ортасына бейімделуге және ағза қызметтерінің үйлесімді қызмет етуіне көмектеседі. Адреналин және кортизол гормондары адамды күйзеліс жағдайларына дайындап, оларға қарсы тұруға жағдай жасайды. Жыныс гормондары сияқты кейбір гормондар ағзаның жыныстық жетілу кезіндегі дамуын бақылайды. 1. Белоктық және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары.
2. Тироксин, адреналин, норадреналин, т. с. с. амин қышқылдарынын. туындылары болып табылатын гормондар.
3. Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, буйрек 6eзi гормоны, т. б.
4. Жергілікті әсер ететің гормондар (гормон тәрізді заттар): полиқанықпаған май қышқылдарының туындысы — простагландиндер. Қалқанша безінің гормондары.
Қалқанша без — iшкi секреция бездерінің ішіндегі негізгілерінің 6ipeyi. Организмде айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша 6eзi арқылы өтеді де, оның бөліп шығарған секретін барлық тканьдерге және мүшелерге жеткізеді. Қалқанша без гормондарының зат алмасуын реттеуден маңызын осыдан-ақ байқауға болады. Cүтқоректі жануарлардын қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің астына орналасқан, оның пішіні қалқанға немесе тағаға ұқсас болады. Ол оншама улкен емес. Ipi қараныкі—15—45 г, жылқыныкі — 20—35 г, шошқаныкі — 12—30 г, қойдыкі — 4—7 г, адамдыкі—15—30 г шамасындай. Бұл без көптеген көпіршік клеткалардан (фолликулалардан) құралады, ол фолликулалар секретер эпителімен қоршалған, ішінде «кол-лоид» деп аталатын қоймалжын массасы болады. Коллоид құрамында белок, йодқа бай тиреоглобулин бар (м. м. 680000). Қалқанша без организмге сумен және қоректік затпен 6ipгe енетін йодидтерді өзіне шексіз ciңipeдi. Химиялық табиғаты. Қалқанша бездің негізгі де әciресе активті гормоны тироксин мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Йодидтер ерекше пероксидаза ферментінің әсер өтуімен тиреоглобулин белогы құрамындағы тирозин қалдығымен реакцияласады. Мұнда тирозиннің бүйірлік тобы йодтанады және монойодтирозиндер мен дийодтирозиндер түзіледі тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туынды¬лары және басқа да амин қышқылдары босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласының тотыру конденсациялану жолымен түзіледі бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі тироксин тетрайодтиронин.
Зат алмасуға әсері. Тиреоидты гормондардың әсері ген аппараты арқылы іске асады. Олар хроматинде ядро ішдегi белоктармен байланысады және ирНК транскрипциясын күшейтеді, жылдамдатады «Нуклеин кышкылдары» деген тарауды караңыз). Бұл жағдай белок синтезінің жылдамдығын және көптеген ферменттердің активтілігін арттырады. Бұл гормондар ic жүзінде организмнің барлық органдары мен тканьдерінде биохимиялық реакцияларды тездетеді. Соның нәтижесінде белок алмасу, йод алмасу, углеводтардың алмасуы және тұздардың алмасуы тездейді, оттегін ciңipy және көмірқышқыл газды бөлт шығару артады. Осылардың нәтижесінде өciп даму, организм ткантдерің ыдырауы тездейді және орталық нерв жүйесінің жұмысына әсер етеді.....

1

13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет