Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Галлофилдер – тұз 20% -дан жоғары концентациясына төзімді микроағзалар. Субстратта ас
тұзының жоғары концентрациясы микроағзаларға токсинді әсер етеді: тыныс алу үрдісі
төмендейді, жасуша мембраналарының қызметтері бұзылады және т.б. Микроағзалардың 
тұз бен қанттың жоғары концентрациясы қосылған ортада өсе алмауын тағам өнеркәсібінде 
әртүрлі өнімдерді консервілеу кезінде тиімді пайдаланады. 
Температура. Микроағзалардың тіршілік етуі қоршаған ортаның температурасымен 
анықталады. Температураға қатысты микроағзаларды топтарға жіктейді: психрофилдер 
(гректің психрос – суық сөзінен шыққан) – суықты сүйгіш микроағзалар; мезофилдер 
(гректің мезос – орташа, аралық сөзінен шыққан) – бұл микроағзалар үшін оңтайлы 
температура 30-45°С құрайды, адамдар мен жануарлардың патогенді микроағзалары 37°С 
температурада жақсы өсіп дамиды; термофилдер (гректің термо – жылу сөзінен шыққан) – 
жылу сүйгіш микроағзалар, жоғары температура аймағында тіршілік етеді. Экстремалды – 
термофилді  бактериялар – ыстық бұлақтарда мекендейтін бактериялар. Олардың тіршілік 
етуі 
жасушаның 
ультрақұрылымды 
ферменттеріне, 
ақуыздардың 
жоғары 
термотұрақтылығына және жасуша мембранасындағы липидті компоненттердің ерекше 
құрамына негізделген.
 
Кесте 1 – Температураға байланысты микроағзалардың таралуы 
Топ 
Температура, °С 
минимум 
оптимум 
максимум 
Қатаң психрофилді 
0 және төмен 
5-15 
20-22 
Факультативті 
психрофилді 

25-30 
30-35 
Мезофилдер 
10-15 
30-45 
35-47 
Термофилдер 
40-45 
55-75 
60-80 
Жоғары температураның жойқын әрекетіне микроағзаларды өлтірудің көптеген 
әдістері негізделген. Мысалы: қайнату, булау, қуыру, пісіру, бланштау. 
Пастеризация – бұл азықты 63 – 80°С температурада 20 – 40 минут бойы қыздыру. 
Кейбір кезде пастерилизацияны 90 – 100°С температурада қысқа уақытта өткізеді 
(бірнеше секунд ішінде). Пастеризация кезінде барлық микроағзалар өлмейді. Споралары 
сақталады. Сондықтан пастеризациядан өткен азық-түлікті тез арада + 10°С температураға 
дейін суытып, споралардың өніп кетуін болдырмас үшін салқын жерде сақтау керек. 
Стерилизация – бұл белгілі бір уақыт аралығында микроағзалардың вегетативті 
жасушалары мен олардың спораларының жойылуына әкеп соқтыратын жоғары 
температурадағы қыздыру болып табылады. 
Температура 112 –125°С 20 – 60 мин. – автоклавтау. 
Температура 160 –180°С 1 – 2 сағат. - кептіру шкафтары. 
Ортаның қышқылдығы. Ортаның реакциясы ағза үшін әртүрлі заттар мен 
бейорганикалық иондардың қол жетімділігін анықтайтын маңызды факторлардың бірі. 
Ортаның қышқылдылығы рН символымен белгіленеді, оның мәні 0-14 интервалын құрайды 
және кері белгісімен алынған сутегі ионының ондық логарифмдік концентрациясынан 
тұрады. Қышқыл орталар – рН 0-6, сілтілі орталар - рН 8-14, бейтарап орта - рН 7 құрайды. 
Алкалофилді микроағзалар сілтілі орталарда жақсы өседі (рН 10 және одан да жоғары), 
ацидофилді микроағзалар - рН 3 және одан да төмен орталарда өседі. Орта 
қышқылдығының көптеген микроағзаларға жағымсыз әсері практикада тағамдық өнімдерді 


консервілеуде, маринад дайындауда, қырыққабатты ашытуда және т.б.жағдайларда 
қолданады.
Оттегінің әсері. Тіршілігі үшін оттегіні қажет ететін микроағзаларды облигатты 
(қатаң) аэробтар деп атайды. Оттегінсіз тіршілік ететін анаэробтардың екі типін 
ажыратады: қатаң анаэробтар, олар үшін оттегі токсинді әсер етеді (Clostridium), және 
аэротолерантты анаэробтар, оттегімен байланыс жасаған кезінде тіршілігін сақтап қалады. 
Облигатты анаэробтар үшін оттегінің токсинді әсер ету себебі оттегі алмасуда токсинді 
өнімдерден қорғайтын тотықтырғыш ферменттердің (супероксиддисмутаза және каталаза), 
болмауымен түсіндіріледі.
Факультативті анаэробтар – оттегіге сезімталдығы жоқ, 
метаболизмі анаэробты типті микроағзалар (Bacillus, Vibrio, Escherichia, Salmonella, 
Shigella, Staphylococcus). Микроаэрофилдер –ауадағы оттегі мөлшеріне қарағанда оттегінің 
аздаған мөлшерін қанағат ететін микроағзалар. 
Қысым. Қысым негізінен микроб жасушасына айтарлықтай әсер етпейді. Алайда 
жоғары гидростатистикалық қысым олардың өсуін тоқтатуға қабілетті. Қысым 5х107 Па 
артса микроағзалар өсуін тоқтатады. Шамалы қысым (1·107 - 5·107 Па) микроағзалардың 
өсуі мен көбеюін тежейді.
Барофилді микроағзалар – қалыпты атмосфералық қысымда көбейе алмайды. 
Баротолерантты микроағзалар – қалыпты атмосфералық қысымда көбейе алады, бірақ 
жоғары қысымды жақсы көтереді. Баробиология –гидростатистикалық қысымның теңіз 
және мұхит тереңдігіндегі микроағзалардың белсенділігіне әсерін зерттейтін 
микробиологияның жаңа бағыты. 
Химиялық факторлар. Химиялық улы заттар микроағзалардың өсуін тоқтатады 
(бактериостатикалық әсер) немесе оның жойылуына әкеп соқтырады (бактерицидті әсер). 
Химиялық қосылыстардың әсер ету сипатына қарай топтарға жіктеледі: жасуша қабығын 
бұзатын беткі белсенді заттар
– 
май қышқылдары, сабын, детергенттер және т.б.; фенол, 
крезол және оның туындылары тек жасуша қабығын бұзып қана қоймайды, сондай - ақ
цитоплазманың ақуызына әсер етеді; акридин (дибензопиридин типті заттар) – нуклеин 
қышқылына тіркесіп, жасушаның бөлінуін тоқтатады; формальдегид (40%-ті формалин 
ерітіндісі)– ақуыз денатурациясын тудырады; ауыр металдардың тұздары – ақуыздарды 
каогуляциялайды, микроағзалардың ғана емес, вирустардың да жойылуына әкеп 
соқтырады. Улы заттардың токсинділігі дозамен анықталады. Токсинді қосылыстардың 
ерітінділері медицинада, тағам өнеркәсібінде дезинфекциялаушы құрал ретінде 
қолданылады. 
Радиация. Ультракүлгін сәулесі (1200-200 нм) өте күшті бактерицидті қасиетке ие. 
Жасушалардың жойылуы нуклеин қышқылдарының фотохимиялық бұзылуы есебінен 
жүзеге асырылады. Ультракүлгін сәулесінің азғана мөлшерінің күшті әсері мутация 
тудыруы мүмкін. Каротиноид пигменттері микроағзаларды сәулеленуден сақтандырады. 
Иондаушы радиация кезінде (рентген сәулелері, α -бөлшектері, γ-сәулелері және т.б.) төмен 
дозасының өзі микроағзаларда мутагенді әсер тудырады, ал жоғары дозасы олардың 
жойлуына әкеп соқтырады.
2. Микроағзалардың қарым- қатынасы. Ассоциациялық қарым- қатынас – орта 
компоненттерін өзгерте отырып, микроағзалар басқа микробтардың тіршілік етуіне 
қолайлы жағдай туғызады. Метабиоз – микроағзалардың бір түрінің тіршілік әрекетінің 
өнімдері басқа ағзалар үшін қоректік заттардың немесе энергия көзі болып табылады. 
Селбесу – тығыз және ұзақ кеңістіктік қатынас жағдайында серіктестің екеуі өзара бірге 
өмір сүруге бейімделген микроағзалардың ассоциациясы. Экзоселбесу – микроағзалардың 
қожайын жасушасының сыртына орналасуы, эндоселбесу – микроағзалар қожайын 
жасушасының ішінде дамиды. Мутуалистік селбесу – ассоциативті тіршілік ету барысында 
серіктестердің екеуі де пайда көреді. Паразиттік селбесу (комменсализм) – серіктестердің 
біреуі ғана пайда көреді, ал екіншісі пайда көре алмайды. Факультативті селбесу – 
серіктестерді бір - бірінен бөлек өсіруге болады, облигатты селбесу – симбионттарды жеке 
өсіруге болмайды. Кооперация – популяцияның екеуі де бірге тіршілік ету кезінде пайда 


көреді, бірақ ол серіктестердің ешқайсысының өсуі мен дамуы үшін қажеті жоқ. 
Паразитизм және жыртқыштық  – популяцияның біреуі екіншісінің есебінен күн көреді, 
бірақ біріншісі екіншісіне тәуелді емес. Антагонизм микроағзалардың бірі екіншісіне 
жойқын әсер ететін химиялық заттарды субстратқа бөлуі арқылы көрінеді. Микроағзалар 
арасындағы антагонизм келесі себептерден туындайды: қоректік заттар үшін бәсекелестік; 
микроағзадан бөлінетін антибиотиктермен әсер ету; бір микроағзаның екіншісін жоюы. 
Фагия – вирус жасушасының микроағза жасушасына еніп көбею нәтижесінде микроб 
жасушасының жұмысының тежелуі немесе жойылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет