Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет33/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Төзімділігі. Proteus туысының бактериялары 60°С температурада 1 сағат, ал 80°С-де 5 
минут аралығында залалсызданады. Proteus төменгі температураға төзімді, үш рет 
мұздатып – ерітуді көтереді. Протейлер тіршілік әрекеттерін фенолдың 1%-ды ерітіндісімен 
өңдегеннен кейін 30 минуттан соң жоғалтады.
Proteus туысы бактерияларының санитарлық-көрсеткіш микроорганизм 
ретіндегі мәні. Бұл топтың микроорганизмдері, соның ішінде Proteus vulgaris аз мөлшерде 
адамдар мен жануарлардың ішегінде де және сыртқы ортада да кездеседі. Табиғатта бұл 
шіру процесінің қоздырғышы болып табылады.
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына жататын Proteus туысының 
бактериялары топырақ және ашық су қоймаларының санитарлық-гигиеналық жағдайларын 
бағалауда 
Escherichia 
coli
энтерококкалар, 
Clostridium 
perfringens 
және 
бактериофагтармен қатар қолданылады. 
Тағам өнімдерінен протейлердің анықталуы шіру процесінің басталуын көрсетеді. Ет 
тағамдарының (ет, шұжық, т.б.) Proteus туысының бактерияларымен ластану дәрежесі 
протейлердің титрі бойынша белгіленеді. Тұтынылған тағамдардың протейлермен жаппай 
ластануы адамдардың улануына – токсикоинфекциясына әкеледі.
Сапалы тағамдарда: шұжық, сілікпе, қуырылған құс еті, шабылған еттен дайындалған 
аспаздық бұйымдарда Proteus туысына жататын бактериялардың болмауы керек.
Стрептококкалар. Стрептококкалар (Streptococcus) – бөлінуі кезінде тізбек түзетін, 
дөңгелек пішінді бактериялар. Патогенді стрептококкалар жануарлар мен адамдардың 
кілегейлі қабықтарында, теріде орналасып, организмнің жалпы күйі нашарлағанда немесе 
ұлпалары жарақат алғанда өзінің патогендік әсерін көрсетеді.
Табиғи жағдайларда стрептококкалар сиыр мен жылқы ауруларының, сондай-ақ іріңді 
процестердің қоздырғыштары болып табылады. Торай, бұзау және құстардың ішек және 
септикалық 
ауруларын 
(стрептококкоз) 
қоздырады. 
Кейбір 
энтеротоксикалық 
стрептококкалар адамдардың тағам арқылы улануына себепкер болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет